СОЦИС-А Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген социологиялық зерттеу қорытындысы бойынша баспасөз релизі

105 Views

Тақырып нұсқалары:
Қазақстандықтардың 60,4%-ы АЭС салу идеясымен келіседі.
Сауалнама халықтың АЭС құры­лысын қолдайтынын көрсетті.
«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» Жеке қоры КӘЗИ ҚҚ 2024 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында халық арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді.
Сондай-ақ, аталған сауалнама ҚР заңнамалық нормаларын сақтай отырып жүргізілгені, атап айтқанда, референдум өткізу мерзіміне қарсы қоғамдық пікір өлшемін жүргізу туралы ҚР ОСК хабардар етіліп, оған ҚР ОСК-сы 11.09.2024 ж. №ЗТ- 2024-05252908 хатпен жауап бергені атап өтілген.
17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысқан сауалнама ауқымы 1000 респондентті қамтыды.
Сауалнама анкетасына келесі сұрақтар енгізілді:
1) Сіз АЭС салу бойынша референдумға қатысасыз ба?
2) Қазақстанда АЭС салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?
3) Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?
Сауалнама қорытындысы келесіні көрсетті:
«Міндетті түрде барамын» (35,6%) және «Мүмкіндігінше баруға тырысамын» (20,2%) нұсқаларын таңдаған респонденттердің үлесі жалпы іріктеменің 55,8%-ын құрады. Осылайша, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам референдумға баруға дайын екендігін көрсетті.
Сауалға қатысқандардың оннан бір бөлігінен астамы «референдумға қатыспаймын» деген (12,2%).
Алдын ала болжанғандай референдумға қатысу/қатыспау туралы «әлі бір шешімге келмеген» респонденттердің үлесі жоғары болды (16,6%).
Сауалнамаға қатысқандардың 13,6%-ы «бұл жаңалықты бірінші рет естіп отыр» (атом электр станциясын салуы мүмкін деген жаңалықты бірінші рет естіп отыр).
Респонденттердің аз бөлігі (1,8%) бұл сұраққа «жауап беруге қиналамын» деп көрсеткен.
«Қазақстанда атом электр стан­циясын салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?» деген сұрақта пікірлер эмоционалды ұстанымнан бастап толығымен прагматикалық дәлелдерге дейін құбылады.
Мәселен, «азаматтардың ден­саулығына әсер етуі ықтимал» және «экологияға әсер етуі ықтимал» деген эмоционалды пікірлері бар жауаптарды таңдау тиісінше 59,5% және 54,1% құрады. Бұл, ең алдымен, желіде АЭС салу ықтималдығы туралы алғашқы ақпарат пайда болған сәттен бастап мұндай жобалардың қауіптері туралы әртүрлі пайымдар тарала бастағандығына байланысты болуы мүмкін.
Айта кету керек, сауалнамаға қатысқан халық АЭС-те қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты шаралары бойынша прагматикалық ойлар айтқан: «Апаттардың алдын алу жөніндегі қауіпсіздік шаралары» (43,1%); «Радиоактивті қалдықтарды басқару» (24,9%); «Кадрлық әлеует» (16%).
* (Ескерту: Қосындысы 100% емес, өйткені респонденттер бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алды).
«Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа келісетіндердің үлесі 60,4% құрады.
Сауалнамаға қатысқандардың 30,1%-ы АЭС салу идеясын қолда­майды.
Сауалнамаға қатысқан әрбір онын­шы адам (9,5%) атом электр стан­циясының құрылысына қатысты сұрақ­қа жауап беруден бас тартқан.
Зерттеудің жалпы қорытындысы:
– Респонденттердің 55,8%-ы өз азаматтық ұстанымын көрсетуге және АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беруге ниет танытты;
– АЭС құрылысын қолдау­шы­лар­дың үлесі 60,4%.
Жүргізілген социологиялық сауал­нама нәтижесінде әрі қарай жария түсіндіруді талап ететін эколо­гиялық және техникалық қауіп­сіздік критерийлерінің контуры межеленді. Атап айтқанда, халық денсаулық қауіпсіздігі мен қор­шаған ортаны қорғау, сондай-ақ, құрылыстың техникалық жағы және атом станциясының болашақ жұ­мысшыларының кадрлық құра­мының кәсібилік деңгейі туралы алаңдайды.

Пресс-релиз по результатам социсследования Института комплексных социальных исследований СОЦИС-А

Варианты заголовка:
60,4% казахстанцев согласны с идеей строительства АЭС.
Опрос населения показал под­держку строительства АЭС.
Частный фонд «Институт комплексных социальных исследований – Астана» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» в период с 11 по 12 сентября 2024 года провел телефонный опрос населения.
Отмечено, что опрос проведен с соблюдением норм законодательства РК, что подтверждено письмом ЦИК РК № ЗТ- 2024-05252908 от 11.09.2024 г. в ответ на уведомление об организации замеров общественного мнения в период проведения референдума.
Объем выборочной совокупности респон­дентов составил 1000 человек. В опросе прини­мали участие респонденты старше 18 лет из 17 областей и городов республиканского значения Астана, Алматы и Шымкент.
В анкету опроса были включены следующие вопросы:
1) Примете ли Вы участие в референдуме по строительству АЭС?
2) Какая информация о строительстве АЭС в Казахстане Вас интересует?
3) Согласны ли Вы со строи­тель­ст­вом АЭС в Казахстане?
Результаты опроса показали следующее.
Доля респондентов, выбравших варианты «Однозначно пойду» (35,6%) и «По возможности попробую пойти» (20,2%) составила 55,8% от общей выборки. Таким образом, каждый второй опрошенный проявил готовность принять участие в референдуме.
О том, что точно не пойдут голо­совать на референдуме заявили чуть больше десятой части опрошенных (12,2%).
Предсказуемо высоким оказался процент тех респондентов, которые «пока не определились» о своем намерении участвовать/не участвовать в референдуме (16,6%).
13,6% опрошенных заявили о том, что «впервые слышат эту новость» (впервые слышат новость о вероятности строительства АЭС).
Малая часть респондентов (1,8%) затруднились ответить на этот вопрос.
В вопросе «Какая информация о строительстве АЭС в Казахстане Вас интересует?» мнения разнятся в диапазоне от эмоциональных до вполне прагматичных аргументов.
Так, выбор в пользу ответов с эмоциональными суждениями «возможное воздействие на здоровье граждан» и «возможное воздействие на экологию» составил 59,5% и 54,1% соответственно. Это связано скорее всего с тем, что с момента появления в Сети первой информации о вероятности строительства АЭС стали распространяться различные суждения о рисках подобных проектов.
Важно отметить, что опрошенные граждане высказали и прагматичные запросы на получение информации о конкретных мерах обеспечения безопасности на АЭС: «Меры безопасности по предотвращению аварий» (43,1%); «Управление радиоактивными отходами» (24,9%); «Кадровый потенциал» (16%). (Примечание: Сумма не равна 100%, т. к. респонденты могли выбрать несколько вариантов ответа).
На вопрос «Согласны ли Вы со строительством АЭС в Казахстане?» доля согласных составила 60,4%.
30,1% опрошенных не поддерживают идею строительства АЭС. Почти каждый десятый опрошенный (9,5%) затруднился ответить на вопрос касательно строительства АЭС.
Данный социологический мониторинг общественных настроений по строительству АЭС показал, что вопрос получил больше одобрения, чем неприятия общества. Также немало и тех, кто еще не определился со своей позицией.
Общие выводы исследования:
– Желание продемонстрировать свою гражданскую позицию и прого­лосовать по вопросу строительства АЭС выразили 55,8% респондентов;
– доля поддерживающих строи­тельство АЭС составила 60,4%.
– Благодаря проведенному социологическому срезу наметился контур экологических и технических критериев безопасности, требующих дальнейшего публичного разъяснения. В частности, определено, что граждан беспокоит безопасность здоровья и охрана окружающей среды, а также техническая сторона строительства, и уровень профессионализма кадрового состава будущих работников атомной станции.

Поделиться ссылкой: