Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Дерматомикоз – бұл микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын жұқпалы тері ауруы. Саңырауқұлақтар денені, аяқ-қолды, шашты, бастың бет бөлігін зақымдайды. Ауру – науқас адаммен, жануарлармен тікелей қарым-қатынаста болған жағдайда немесе науқас адамның заттарын қолданған кезде жұғады.
Берілу жолдары: қарым-қатынас-тұрмыстық тері, шаш, жүн, бас киім, төсек жабдықтары, тарақ, қайшы және тұрмыста қолданылатын заттар арқылы.
Аурудың инкубациялық кезеңі 1 аптадан 1 айға дейінгі аралықты құрайды. Дерматомикоз ауруының зақымдануының белгілері қоздырғыштың түріне және зақымдану орнына байланысты:
– шашының түсуі мен терінің қабыршақталуымен бірге жүретін бас терісінде бөртпе пайда болады;
– тегіс теріде дөңгелектенген айқын шекаралары бар, шеттері көтерілген қабыну дақтары пайда болады. Зақымданағн ошақтың ортасында құрғақтанған қабыршықтар болуы мүмкін. Науқастың жалпы жағдайы нашарлап, әлсізденеді. Уақытында дәрігерге қаралмау аурудың созылмалы түріне айналып, ары қарай емдеуді қиындатуы мүмкін.
Ұйымдастырылған балалар ұйымдарында дерматомикоздың алдын алуда науқастарды ерте анықтау, оларды оқшаулау, сонымен қатар уақтылы емдеу мен жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау маңызды орын алады.
Дерматомикоз ауруын алдын алу үшін:
– ешқашан бөгде адамның киімін, бас және аяқ киімін пайдаланбау;
– сүлгіні және төсек жабдықтарын ыстық суда жиі жуу, ыстық үтікпен міндетті түрде үтіктеу;
– тарақты таза ұстап, басқаларға қолдануға бермеу;
– санитариялық қағидаларға сай профилактикалық заласыздандарылу жұмыстары жиі жүргізіліп тұратын моншаларға, сауналарға, жүзу бассейндеріне және спортзалдарға бару;
– үйге қаңғырған мысықтар мен иттерді кіргізбеу, жануарлармен қарым-қатынастан, құм алаңдарында ойыннан кейін қолды мұқият жуу;
– ата-аналары балаларына қол жуу қағидаларын үйрету, қаңғыбас жануарлармен ойнамауды ескерту;
– үй мысықтары мен иттерде аурудың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, оларды емдеу үшін ветеринариялық дәрігерге көрсету.
Егер денеңізде аурудың белгілері, атап айтқанда, денеңізде қабыршақтанған қызыл дақты, шашыңыз сынып, түсе бастағанын байқасаңыз, дереу тұрғылықты дерматолог дәрігерге қаралыңыз.
С.Ускенбаев,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы,
мемлекеттік санитариялық бас дәрігері.
Н.Женбаева, эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы.