Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Біз осыдан бірер ай бұрын журналист, сатирик Басқар Битановтың «Құнсыз адам» повесін сіздердің назарларыңызға ұсынған болатынбыз. Алайда, газет шығару ісі қауырт жұмысқа толы. Бұл повесті араға уақыт салып, қайта жалғасын беріп отырмыз.
Есті дүниені әрқашан құштарлықпен оқиық, алдияр оқырман! Алайда миссис Лоуренстің жағдайын жақсы білетін жандар бар еді. Оның бірі бейшара қыздың әкесі-тұғын. Он бес жасар қызы Лора ауруханаға түскен күннің ертесінде-ақ оның үйіне сау-сау етіп екі-үш бейтаныс жетіп келгентін. Олар қыз түскен аурухананың қызметкерлері болып шықты. Дәрігерлер Лораны ұшырасатын ауруға шалдыққанын айта келіп, оған практикада тұңғыш рет қолданғалы отырған операцияны жасауға әкесінің келісім беруін өтінген. Операцияға төленетін ақылы-пұлдың алынбайтындығын ескерткен. Негізінде, мұндай операциялардың құны кемінде отыз мың доллар тұратындығын ептеп қана құлаққағыс еткен. Жалғыз қызының жанын ажалдан арашалап қалуға тілек білдірген дәрігерлерге әке байқұс алғысын жаудыра отырып, бүгінге дейін беймәлім операцияны жүзеге асыруға келісімін берген болатын. Алайда әлгі дәрігерлердің бұл келісімінің астарында бір гәп бар еді.
Доктор Уилле жетекшілік ететін топ организмге қатты әсер ететін улы заттар жіберу арқылы қалыптасып қалған адам психологиясын өзгерту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан еді. Олар бұл зерттеу жұмысына эксперимент ретінде ой-санасы толысу қарсаңында тұрған жас жеткіншек қажет деп тапқан. Бейшара Лора тап солардың қолына түсті де оңтайлы сәтті пайдалана қойған дәрігерлер аңқау әкенің аузын оп-оңай ұрып кеткен тұғын. Содан кейін-ақ құпия эксперимент жұмысы жүріп берген. Ол апта емес, ай емес, тура екі жарым жылға созылды.Ауруханадан Лораның құр сүлдесі шыққанда әкесі оның тірілер санатында қалғанына қуанды.Бірақ қызының мінезінің күрт өзгергеніне қайран қалды. Бұл жерде бір шикіліктің барын сезіп дүдәмал көңілдің жауабын шарқ ұрған. Ақыры аурухананы торауылдап жүріп онда алабөтен эксперименттердің жүргізілетіндігін білген күні кешкісін машина апатынан қайтыс болды.Біреулер оның өлімін кездейсоқ оқиғаға деп, енді біреулер әдейі ұйымдастырылған дегенді айтты.Сөйтіп Лораның қазіргі хал-күйінің шын сыры әкесінің өлі миында мәңгіге қалып қойып, көрге бірге көмілді. Бұл құпияның жарық жалғанда ашылу-ашылмауы осылайша енді екіталай нәрсе болып қала берген болатын.
Лоуренстің Лораға үйлену тарихы да әдеттегідей ерекше. Әкесінің фирмасын сатып, одан түскен үш мың долларды баскөзіне қарамай жұмсап, ойын-сауық құруға Лоуренс үзілуге шақ қалғанда бір-ақ есін жиды. Тұс-тұстан табыс түсіп жататын әлде бір фирманың, яғни заводтың қожасы емес. Қалтасының түбі тесілсе қолтығынан демейтін жанашыр жақыны және жоқ. Колледжді бітіруін бітірді ғой. Бірақ осы уақытқа дейін жұмыс іздеуді қаперіне де алмайды. Іздеген күнде табыла қоюы екіталай. Бір қызметтің құлағын ұстаған американдар одан көзі тіріде айырылмауға тырысады. Өйткені бір жерден босаған маман екінші жерге орналаса қоятын мұнда еркіндік жоқ. Енді не істеу керек?Тығырықтан шығудың жолын қарастырған Лоуренс қатты қиналған.
Өстіп жүргенде күтпеген жерден негр әйел бұған ақыл салған. Осы «Огустуде жападан-жалғыз қыз тұрады», деген ол, үй-жайы, дүние-мүлкі бар көрінеді. Әкесі қайтыс болыпты. Жасы он жеті-он сегіздер шамасында. «Соған үйленіп алмайсың ба?» дегенді құлаққағыс еткен.
Лоуренс бұл ақылды ой таразысына салып, салмақтап көрді. Несі бар, үйленсе үйленіп алады. Оның үстіне қыздың атында біраз қор бар екен. Соны пайдалануына әбден болады ғой. Ертесіне Лоуренс негр әйелді барлауға жіберген. Қызбен тілдесуді, жағдайды анықтап-пысықтауды тапсырған. Бірақ негр әйел қайбір жеңгетай болып жетістірсін.Ол қыздың есімі Лора екендігін, өзі сүлесоқтыққа ұшыраған ауру екендігін айтып келді. Бірақ екі қабатты үйі, мол дүние-мүлкі бар дегенді баса жеткізген. Лораның жиһаздармен, байлықпен ісі жоқ көрінеді. Жер бетінде тұрлаусыз тіршілік етіп жүрген әйтеуір пенде тәрізді.
Бұл хабарды естісімен Лоуренс іске кірісті.Қисынын келтіріп, Лорамен танысып алды.Сосын оның үйіне келгіштеуді жиілетті.Дәл қазір бұған керегі нақ Лора сияқты әйел еді.Тілін тартпасаң сөйлемейтін жұбайды жеті жыл іздеп таппассың. Ең бастысы – әжептеуір қоры бар екен. Шынында да онымен Лораның шаруасы жоқ болып шықты. Лоуренс батыл шешім жасады, үйлену керек. Ауруы өзіне. Бұған әйелден бұрын ақша қажет болып тұр. Кейінірек тиынынан сом туындап жатса, жөні түзу әйел алу жағын көре жатар. Ал әзірге осы бейқұлақты еншілей тұрғаны абзал. Көп ұзамай Лоуренс Лораны өз үйіне көшіріп алды. Лораның үй-жайы мен дүние-мүлкін сатып жіберді. Онымен некеге тұрған жоқ. Заңды некеге тұруды Лора да талап етіп жатпады.
Майкл атқаруға тиісті жұмыстар күннен-күнге күрделене түсті. Ол қожайынының құзырымен шатқалдағы заводқа екі-үш мәрте барып, қажетті детальдар алып қайтты.Бір ғажабы, Майклдың жорамалдауынша, бұл детальдардың барлығы да әлдебір қару-жарақтың бір-бір бөлшегі тәрізді. Ол таразысына салып көрсе әлгі детальдарды толық құрастырғанда автомат тектес қару шығатын секілді. Алайда ол мұның мәнісін қожайыннан сұрауға батпады.
Күн өткен сайын Лоуренстің де көңілі өскендей сыңай байқалды. Шамасы, ию-қию сызған схемаларынан бірдеңе шығайын десе керек. Жұмыс кабинетінен ауық-ауық сыртқа шығып, Майклмен тілдескенді шығарды. Сонда да оны миын үңгіп жайлап алған ой-қиялы жылымына тартып, әңгімесінің қиюын қашыра беретін еді. Ақыры ол бір күні Майклдан:
– Сен өзіңді әспеттеп қалай атаушы едің, – деп қабырғалата сұраған.
– Қаңғыбас Майкл десеңіз жаңылыспайсыз, – деген бұл да әңгіменің дәл мүйізінен шап беріп.
– Иә,Қаңғыбас Майкл…. Дұрыс.Сен менің нендей шаруамен шұғылданып жүргенімді білемісің?
– Әзірге білмеймін,қожайын.Бірақ шамалауымша, сіз жаңа қару түрін ойлап табуды мақсат ететін сияқтысыз.
– Һм..м…Солай де Қаңғыбас…Несі бар, үстінен түстің. Мен күн сәулесімен зарядталған автомат жасап жатырмын.О,о, ол мені доллардың астында қалдырады әлі. Қара да тұр. Мистер Лоуренсті бүкіл Америка төбесіне көтеретін болады. Мен бұл қаруға он бір жыл өмірімді сарп еттім. Нағыз товар осы!
– Кешіріңіз,қожайын, түсінбедім.
– Түсінбегенің заңды да. Мұны түсіну үшін ең алдымен капиталдың құдіретін түсіну керек.Ал сенде көк тиын да жоқ. Сондықтан оның сыры саған түсініксіз. Былай Қаңғыбас: менің «бөбегім» бірінші жағынан қарағанда – автомат қой. Екінші жағынан ол – товар емес пе? Біле білсең, бүгінгі күннің ең өтімді товары! Қазір адамды байлықтың күбісіне күмп еткізетін бірден-бір товар – қару!
– Сонда ол қару не үшін керек?
– Ақымақ Майкл …..автомат не үшін деп ойлайсың?
– Соғыста қолдану үшін де баяғы.
– Дұрыс. Демек, менің қаруым Американың өзге мемлекеттерден әскери басымдыққа жету үшін ауадай қажет.
– Сіз соғыс болады деп ойлайсыз ба?
– Міндетті түрде болады. Орыстар бірінші болып бастайды. Олар соғысқа әзірлікті әлдеқашан бастаған.
– Москвадағылар соғысқа қарсы екендігін сан мәрте айтып, жанталаса қарулануды тоқтату жөнінде ұсыныстар жасап жатқан жоқ па?
– Олардікі жалған. Құр әншейін насихат. Бірақ маған соғыс болды не, болмады не, бәрібір. Менің ісім қару ойлап табу және оны сату. Одан арғысы саясатшылардың шаруасы.
– Майкл иығын қиқаң еткізді де қойды. Сосын Лоуренске оның ұлы жайлы Бэнс айтқан жорамалды жеткізуге бір оқталды да,онысының ағат болатындығын аңдап,ауыз ашпады. Жалғыз ұлының тағдырынан бейхабар отырған қожайынға бұл хабар ауыр тиетін шығар деп ойлады. Бәлкім,басынан соғыс құрбанына айналғанын естісе адам өлтіруге арналған сәулелі қаруын жасаудан бас тартатын болар деп тағы да ойлады. «Әй, бірақ, кім білсін, сыры бұған белгілі Лоуренс болса мұндай дәлелсіз мәліметке бола сәулелі қаруынан безе қоймас», деп түйді сосын.
– Қызылдардың «Вега» атты спутнигінің Венераға барып қонғанын білеміз? – деді Лоуренс кенет әңгімені қайтадан соғыс тақырыбына бұрып. Ол 1984 жылы 15 февральда ұшырылған болатын.
– Соғысқұмар қызылдардың eсептеуіншe, ол Венераға тура бip жарым жылдан соң жететін көрінеді. Ал олардың түпкі ойы мынада: соңғы рет 1909 жылы көк кеңістігінен көрінген Галлей кометасы 76 жылдан соң қайта айналып соғады деген болжам бар. Орыстар сол кометаны Венерадан тасып алмақшы. Сөйтіп, оны Американ төбесінен түсірмекші екен. Олардың жасырын операциясының «Венера-Вега» аталуының сыры да осында.
— Keшіріңіз, мистер Лоуренс. Менің жартылай суға айнала бастаған миыма бірдеңе кірейін деді. Бірақ мына қаңғыбастығыма қарамастан меніңде әрекідік газет-журналдарға көз жүгіртіп қоятындығымды білесіз ғой. Шүкip, тоғыз кластық сауат бар. Ұмытпасам, осыдан үш жыл бұрын, көшенің бip бұрышындағы күл-қоқыс салатын урнадан газетке оралған бip нәрсе тауып алған едім. Оның ішінде не бар екен дейсіз ғой? Котлет! Иә, кәдімгі туралған еттен жасалған котлет. Шамасы, қарны тоқ мырзалардың бipi тәбеті шаппаған соң урнаға тастай салса керек, – деп Майкл айдалаға әдейі лаққансып, әңгімені басқа арнаға бұрғысы келді. Өйткені ол қожайынның әлде легионерлердің, әлде қу-клукс-кландықтардың немесе неміс ұлтшылдарының демонстрациясынан ба, митингісінен бе, шала-шарпы ecтігендерін шатып-бұтып отырғанын сезе қойған еді.
– Көп сөйлемей тоқетерін айтсаңшы, – деп Лоуренс жекіп қалды.
– Ә, иә, иә, басқа жаққа ауып барады екенмін ғой. Әңгіменің тоқетері мынада, мистер: әлгі котлетті ораған газет қиындысын жазып қараған едім, көзім бip материалға түсе кеткені. Бip білгіш жаңағы сіз айтқан Галлей кометасы туралы жазыпты. Оның пікіріншe, кометаның салмағы Айдың салмағына қарағанда әлде-қайда артық екен. Сонда қалай болғаны, мистер, егер орыстар кометаға құрық тастап Америкаға түсірсе олардың өздеpiн де басып қалмайма?!
Қожайын Қаңғыбас Майклдың ботабылжырықтатып келіп, өзін тақырға отырғызып кетуге айналғанына қатты намыстанып қалды. Ашуын бiрден білдірмеуге бала күннен машықтанған ол бipaқ онысын сездірмеуге тырысты. Қолын бip сілтеп, орнынан тұрды да терезеге барып, сыртқа көз жіберді.
– Жә, жетер eндi. Сенің де оқымайтының жоқ екен. Кей-кейде аса көп білгеннің де зияны бар. Білдің бе?! Сақ болған жөн, Майкл, сақ болған жөн. Жаратқан жаппар ием сақтанған пендесін ғана сүйеді, – деді сонан соң. Шоққа тамған тамшыдай тыз ете қалған ашуын күшпен басқаны тыс құрғақ шыққан даусынан танылды. – Бірақ кометада біздің шаруамыз қанша? – Бері қарай бұрылып, қолын айқастыра кеудесіне қойды. – Бізге ақша керек, ақша? Жүз мың, миллион доллар керек! Тіпті миллиард доллар да артық болмайды. Біз де адамбыз ғой, Майкл адам құсап өмір сүруге қақымыз бар ма, жоқ па?! – Екпіндей басып бұған таяп келді де көзіне көзін тікеп қалады. Бет-әлпеті түтігіп кетіпті. Көздері тас қараңғыда тұрып жарыққа жалт қараған мысықтың көздеріндей ұшқын атып тұр. – Әрине, бар! Бізге бәрібір, Майкл. – Қайтадан терезеге беттеді, – дүние өртеніп кетсін, күйіп кетсін бәрібір! Жер бетінде қылтиған қурай қалмасын – бәрібір! Доллар… доллар…доллар! …Ақша болса, шөп те табылады, қурай да өседі, қырылып қалған құмырсқаны да қайта тірілтуге болады!..
Майкл қожайынның табан астында бұлқан-талқан болғанына таң қалды. Бұрын-соңды мұндай мөңкіген мінез танытпаған одан көз алмай қарапты да қалыпты. Бірақ бір жылдам ой жылмаң етіп мұның да санасына саңылау тауып кіріп кетті. Бізге бәрібір дегені несі? Мына Майкл, Қаңғыбас Майкл екеуі ме, әлде… Әгәркім, біз дегені, Майкл екеуі болса қожайын сәл қателеседі. Мәселен, бұл үшін дүниенің күйіп-жанғаны бәрібір емес. Бұған салса, дүниені бүлдірудің қажеті жоқ. Адам өз қолымен жасағанды өз қолымен жоқ еткенде не шығады? Басқаны былай қойғанда, ұшар басы аспанның төсін қытықтап тұрған зәулім ғимараттарды қиратқанда кім не ұтады? Ықылым заманнан бері адам атаулының рухани байлығын дамытуға қызмет етіп, желге ұшырғанда не пайда? Көне ғасырлардан сыр шертетін мұраларды күйесі бес елі ошаққа айналдырып, адамдардан тісі ақсиған скелет жасағанда кімнің жаны жай табады? Жо-жоқ, мистер Лоуренс, бұл мәселеге келгенде екеуінің жолы екі айырық. Алдына ақша тастап, ал десе еңкеюге ерінетін адамды бүкіл Америкадан шам жағып іздесең де таппассың.
Лоуренс өзінің артықтау кеткенін тез аңғара қойды да онысын бүркемелегісі келгендей қарқылдап кеп күлді. Қанша дегенмен шын күлкі мен жалған күлкінің айырмасын адамдар ажырата алады емес пе? Бұл тұрғыдан келгенде құдыретті Құдай ондай өнерді айуандарға бермегеніне шүкіршілік айтуға болады. Себебі, ит өтірік үре алса, мысық зымияндықпен мияулай білсе, тіршіліктің қандай ағыспен ағарын кім біледі! Шәуілдек қанден өтірік еркелей үріп келіп, шаптан ала түсетін заман сонда тумай ма?
Майкл, қаңғыбас Майкл, – деді Лоуренс мұның иығына қолын салып тұрып. Түрінде әлгі қызбалақтың iзi де қалмапты. Бұл Хемфриде сыпырушы болып жүргенде көшеде бip тал шақпақтың шиін де қалдырмауға тырысатындығы бар едi. Мистер де «тазалықты» сүйеді екен. Бетіндегі жаңа ғана тікірейіп тұрған түктеріне дейін орын-орындарына жығып тастапты.
– Саясатта біздің iciмiз қанша? Бiз бақытты жандармыз ғой. Өйткені біз үшін ел қамын басқалар ойлайды. Сенат бар, өкілдер палатасы бар, олардың басын бipiктipeтiн конгресс бар. Бip ғана президенттің өзi неге тұрады! Бiз шахматтың фигураларымыз да, ол – ойыншы. Өзің білесің, кез келген ойыншы бipде-бiр пешкасын шығын етпестен жеңіске жeтyдi қалайды. Әрине, ойын үстінде құрбандық шалуға тура келеді.
(Жалғасы бар).