Ағаш көшеттері отырғызылды
38 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
ҰЗЫНДА КЕТКЕН КЕГІ БАР МА ЕДІ…
Жұрт қазір жан-жағын қымтанып отыратын болды. Кейбіреулер қорасын тас «қамал» етіп те салып алған. «Бірақ, -дейді көпті көрген бір кәрие, -Аңдыған жау алмай қоймайды. Мен сықпытты бір шалдың көк биесі бар екен. Әлгі пірадар ұрыдан қорқып, төсегін бастырмасына жақын салып жататын көрінеді. Түнде оянған сайын көк биеге көз салып қойып жата береді. Көк биесі ағарып көрінген соң: «Тұр екен ғой» деп төсектен басын көтермей-ақ, таңды атырса керек. Бір күні қараса ұрылар бастырманың қабырғасын ойып, сол жерден көк биені шығарып алып кетіпті. Шалдың ағарған тесікті көріп: «Бием орнында тұр екен ғой» деп жүргені әлгі ойылған тесіктің орны болып шығады».
Осы күні теледидарға қарасаң да, ұялы телефондағы деректерге көз жүгіртсең де біреудің табан ақы маңдай терімен тапқан малын үйір-үйірімен айдап әкетіп жатқан ұрылардың куәсі боласың. Ауылдағы жұрттың бар байлығы – төрт түлік малы ғой. Соны біле тұра малын өріске айдап салған соң кеш батып, қас қарайғанша оған көз қырын салмайтын бойкүйез адамдар да арамызда бар екенін несіне жасырамыз. Ал, баукеспе, барымташы ұры түн қатып, түсі қашып, иесіз малды аңдиды. Сөйтіп, ұзында кеткен кегі мен қысқада қалған өшін осы малдан алады. Алады дерсің бе, құдай сақтасын жұрттың малын қоғадай жапырып бара жатқан жоқ па?
«Ұрлық біздің ауданда да өршіп тұр» деген сөз әредік жиын дар мен жиналыстарда айтылып қалып жүрген соң жақында аудандық полиция бөліміне б а с с ұ ғ ы п , п о д п о л к о в н и к Досмырза Алашбаев мырзаны әңгімеге тарттық. Өйткені, аудан әкімінің қорытынды есебіне келген зейнеткер Бейсембай Т а ң б а е в : « Ұ р л ы қ қ а т и ы м бола ма? Банктен несиелеп алған ақшамызға мал сатып алып, кәсіп жасаймыз ба десек ұрылар малымызға тыныштық бермейді» деген ренішін айтып еді.
-Иә, онысы рас, -дейді Д.Алашбаев.-Құлқыны құдық баукеспенің көрдей қараңғы ойы барын шіркін алдын ала білсек қой оларды қарға адым жер аттатпас едік. Ұрлықтың өршіп тұрғаны да рас, мәселен, 2017 жылы осындай 50 дерек тіркеліп, оның 12-сі ашылса, 2018 жылы 31 мал ұрлығы тіркеліп, соның 23-і ашылды. Сөйтіп, 119 бас малдың 59-ын егесіне қайтардық. Мал ұрлағаны үшін бір Каменка ауылының өзінен бес адам істі болды. Сөйтіп, А.Тымбаев, М.Елғонов, Н.Райқұлов, Д.Шыныбеков, Б.Қоңқақовтар тиісті жазасын алды.
Досмырза Алашбаевты криминал «әлемі» Тараздан жақсы біледі. Ол өзінің қырағылығы мен бірбеткейлігінің, принципшілдігінің арқасында қылмысты топтарға қара дауылдай төніп, «менмін» дегендердің меселін басқан сайыпқыран сақшы. Көрінген көнтақым ұрыны құрықтау да оңайға соқпайды. Олардың да он сан ойы мен қулық-сұмдығы бар. Әйтпесе, оларды әлдеқашан көгендегі қозы-лақтай тізіп, жөнге келтірер еді. Дегенмен, қырағы көздердің қармағына кейінгі кезде «Сопақ» деген лақап атпен белгілі болған қарақшы қолға түсті. Қазір оны тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірақ бөлім басшысы бізге жақында ғана соты аяқталған тереңөзектік төрт ұры туралы әңгімесін байыппен айтып берді.
Оқиға былай болған еді… «Маған, -дейді подполковник Досмырза Алашбаев,-барлаушымыздан: « Ұрылар Тереңөзектің «Шошқа баз» деген жеріндегі Серік Таңатаровтың жылқыларын барымталауға даярланып жатыр» деген хабар келіп түсті. Дереу құрамында төрт полиция қызметкері бар шұғыл топ құрып, өткен жылдың 5 қарашасында айтылған аймаққа жібердім. Топты бастап бару креминалдық полиция басшысы, майор Бауыржан Ермековке жүктелді. Ол жедел уәкілдер лейтенант Рауан Мұсабековты, аға лейтенант Бақыт Айтмырза мен Руслан Төлеубетовтарды жәй киіндіріп, жолға қамданды. Бақса, ұрылар мал ұрлауға екі апта бұрын қамданған екен. Екі күн бойы полиция қызметкерлері «Шошқа базға» баратын-келетін жолды аңдумен болды. Сегізіне қараған түннің алдында ағайынды Махмұт пен Бердібек Жадыраевтар он жылқы мен бір сиырды Қайыңдыдағы үйлерінің қорасына әкеліп қамады. Өздерінің көлігі жоқ болған соң бір күн аялдап, жүргізуші Төрехан Сабыралиевті Таразға мал апаруға көндіреді. Оның ауыр жүк таситын «Мерседес» көлігі әлгі қолды малдарды тиеп, 8 қарашада қалаға қарай бетонды жолға шығып жүріп кеп береді. «Ауди» мәшинесіне мінген жедел уәкілдер дереу олардың ізіне түседі. Олар автомобиль инспекторларын күтпей ұрыларды қуып кеп береді. Қуғынды сезген әккілер машиналарын тас жолдан шығарып алып, құмға қарай 23 шақырымдай жер жүріп, полиция қызметкерлерін әжептәуір әуре-сарсаңға түсіреді. Дегенмен, полицейлер айла-амал тауып, жолдың қазылып кеткен тұсына қарай әлгілердің машинелерін әкеп тықсырады. «Мерседес» машинасы тоқтап қалған кезде ішінен екі адам қашып шығып, басы ауған жаққа қарай жандәрмен жүгіреді. Алайда жедел уәкілдер әлгілерді ұзатпай ұстап алады.
Бір қызығы ұрылар ұсталғанға дейін малдың иесі өзінің малының ұрланғанын білмеген. Арызын да полиция қызметкерлерінің айтуымен кейін жазып берген. Сонымен сот үш ұрыны да үш жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айырды. Сөйтіп, жасы отызға келген Жанболат Жарылқасынов пен Бердібек Жадыраев және оның 37 жетіге келген ағасы Махмұт осылайша отызында «орда бұзды». Елге жақсы атымен емес, ұры деген жаман атымен әйгілі болды.
С. ШАМҰЛЫ.