Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Этномәдени орталықтар – ұлт татулығының кепілі
Ауданымызда көптеген ұлт өкілдері тұратынын бәріміз білеміз және сол ұлттардың құрметіне орай бірнеше этномәдени бірлестіктер құрылғаны да бізге мәлім. Аудандық мәдениет ү й і н д е г і « Д о с т ы қ » э т н о м ә д е н и орталығында осы бірлестіктердің ұлттық бұйымдары сақтаулы тұр.
Қазақстан – Тәуелсіз әрі көпұлтты, демократиялық мемлекет. Біздің мемлекетімізде халық, оның денсаулығы мен құқықтары бірінші орында тұрады және әр ұлттың ұлттық қасиетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарап, ешбір шектеу қойылмайды.
2015 жылдың сәуір айында Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында Елбасы Н.Назарбаев: «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Олар біздің отбасымызда өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күнінде – 1 наурызда, барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе, әділетті болар еді», — деген еді. Осылайша, 1 наурыз – Елбасының Жарлығымен «Алғыс айту күні» болып белгіленді.
Аталған мерекеге орай бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша 27 ақпан күні «Сұлутөр» кинотеатрында «Қолөнер – тәрбие көзі» атты этномәдени бірлестіктердің қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Көрмеге «қазақ», «орыс», «қарашай», «татар» этномәдени орталықтарының ұлттық бұйымдары қойылып, бірлестік мүшелері өз ұлттарының киімдерін киіп келді. Ұлттық бұйымдары мен ыдыс-аяқ, ұлттық нақыштағы киімдерінің тарихын, өзіндік ерекшеліктерін кеңінен түсіндірген этномәдени орталықтардың мүшелері к ө р м е г е ж и н а л ғ а н к ө п ш і л і к т і ң сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, олар өз ұлтының мәдениеті мен дәстүрі жайлы қысқаша әңгімеледі. Осылайша, өзге ұлт өкілдері қазақ халқына деген разылығын білдіріп, алғысын айтты.
Салтанат РАХМЕТУЛЛИНА.