Жастар неге жалқау?

1 498 Views

Жастар неге жалқау?

«Дамыған елдердегі ең басты қағидаты мынандай – жұмыс адамды емес, адам жұмысты іздейді». «Сендердің бәрің лайықты өмірдің, әл-ауқаттың, жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек». «Сендер, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар». Бұл – мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ә р ж ы л д а р ы е л ж а с т а р ы м е н кездесулері кезінде айтқан сөздері. Ел келешегіне жауапты жастарымыз Елбасы айтқандай еңбексіз еңсе тіктеп, табысқа жете алмайтындарын біле ме? Білсе, неге жалқау?

Б і р қ а р а ғ а н д а ж а с т а р д ы ң белсенділігі байқалады. Жастар т а р а п ы н а н ұ й ы м д а с т ы р ы л ы п , атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Жастардың бұл белсенділігі көңіл қуантады. Десек те, ақпан айының 11 жұлдызында өткен аудан әкімінің қорытынды есебінде Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев шетін әңгіменің шетін шығарды. Оның айтуынша, қазіргі жастар тым жалқау. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге бейім. Аз жұмыс істеп, көп ақша тапқысы келеді. Еңбек Ерінің сөзіне құлақ түрейікші. «Жастар жұмыс істемейді. Әке-шешесінің зейнетақысы мен келіндерге бала туғанда берілетін жәрдемақыға қарап отыр. Ел ішінде болып жатқан ұрлық, бұзақылықтың барлығы жастардың бос жүргеніне байланысты орын алып жатыр. Біздің кезімізде жұмыс істемей бос жүрген былай тұрсын, үйленбегеніміз үшін бойдақ салық салынатын. Осыны қайта қалыпқа келтіру керек секілді. Алдыға қойған жоспарымыз, жұмыс ауқымымыз үлкен. Бірақ жұмыс күші жетіспейді. Шопандар жоқ, механизаторлар жоқ. Алда мал төлдету науқаны келе жатыр. Кемінде жүз адам қажет. Жастарға жалынып жұмыс істете алмаймыз» дейді.

 Бұдан қандай ой түйеміз. Елбасы айтқан дамыған елдердегі ең басты қағидатпен біздің жастардың қағидасы қабыспайтын секілді. Ауданда халық санының 22 пайызын жастар құрайды. Алайда, соның қаншасы жұмыссыз жүргені деректелмеген. Бір білеріміз аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде 136 жас тіркелген. Осыған қарап «Жұмыс тапшы» дейін десең, «Шәушен» шаруа қожа лығының басшысы жұмыс күші жетіспейді деп отыр. Жастар жұмысты емес, керісінше жұмыс адамды іздеп жүр. Сонда олар жұмыс істемей қалай күн көреді? Расымен, зейнетақыға қол жайып, түн жамылып ұрлыққа түсіп жүр ме екен? Жаңа өмір сапасына, лайықты өмірге неге ұмтылмайды? Жеке басының жауапкершілігінен жалтарған жастар, тарихи жауапкершілікті арқалай ала ма? Сұрақ көп. Күдік бар. Үміт басым.

Ел мен Елбасы сенімін ақтау – жастарға сын. Бұрын да солай болған, қазір де солай. Сенейік.

 Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.

Поделиться ссылкой: