БОЛАШАҚ ӨНІМНІҢ НЕГІЗІ ҚАЛАНУДА

619 Views

Көктемгі қарбалас

Биыл диқандар қосқа ерте шықты. Қыс малшыға жайлы болды. Төрт түлік көктеуге ш ы қ қ а н ш а қ о л ғ а қ а р а ғ а н жоқ. Солтүстіктегідей қалың қар түспегенімен ылғал мол болды. Егінші механизаторлар көктемнің осынау мамыражай күндері келісімен дала төсін дүбірге толтырып, қарбалас қимылға көшті. Біз аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Ерғазы Еспеновке жолыққанымызда, ол: — Ауданымыздағы егіс көлемі 116 мың гектардан астам алқапты алып жатыр. Соның 34843 гектарына өткен күзде дән түсірген едік, қазір диқандар күздік егіске ылғал жабуды аяқтап қалды. Осы көктемде 50200 гектарға жаздық арпа тұқымын себу жоспарланған болатын. Аудан бойынша 165 тұқым себетін агрегат қазірдің төзінде 40 мың гектарға дән тастап үлгерді. Луговой жылқы зауыты, «Ермахамбет» және «Раушанбек» шаруа қожалықтары наурыз күндерін ұтымды пайдаланып, тұқым себуді толығымен аяқтап та қойды.

Біз науқан қызу жүріп жатқан Жаңатұрмыс ауылдық округіне келдік. Ауыл әкімі Нұрболат Жамалбековтың айтуына қарағанда ауылдағы 120 қожалық 6100 гектар жерге астық өсіреді екен. Соның 456 гектары суармалы алқап. Тұрғындар 800 гектарға жоңышқа өсіреді. Мал азығын дайындаумен 26 кәсіпкер айналысады екен. Аймақтағы ең ірі шаруашылық «Құлбарақ» шаруа қожалығы. Оның 2000 гектар егістік жері бар. Қазіргі таңға олар мың гектардан астам жерге арпа тұқымын с е у і п ү л г е р д і . Б а й ы р ғ ы механизаторлар Батырбек Т е ң і з б а е в п е н Ж а н б о л а т Әділовтер көш бастап жүр. Бейсембек Елшібаев жетекшілік ететін «Молшылық» шаруа қ о ж а л ы ғ ы н ы ң 2 0 0 г е к т а р күздігі мен жақында ғана себілген 30 гектар арпасы өніп тұр. Ол да болса диқандар Жәнібек Елшібаев пен Бекболат Әділовтердің төккен тері.

Бір Жаңатұрмыс ауылының өзінде 30 доңғалақты трактор бар. Оның бесеуі судай жаңа «МТЗ-80» тракторлары. Бәрі де «Казагрофинанс» акционерлік қоғамы арқылы несиеге алынған. Қожалық жетекшісі Шоқан Молдашевтің ұлы Нұрасыл жастығына қарамай «МТЗ» тракторын тізгіндеп мініпті.

— Биыл жастар жылы ғой, м е н і ң а т а м о с ы а у ы л д ы ң ардагерлеріне жетекшілік етеді. Сол кісі: «Жас келсе – іске» деген, қарағым жалқаулық жігітті көгертпейді « дейді. Сол кісінікі дұрыс, егер жерге тер төкпесек өнім бере ме? Біздің ауылда мен сияқты техниканың тілін білетін жастар көп. Бәрі де жаз бойы тыным таппай жер жыртып, тұқым себеді, шабындықтың шөбін шауып, мая-мая мал азығын дайындайды. Біздің жиған шөбімізді бүкіл ауданның ш а р у а л а р ы с а т ы п а л а д ы . Еңбегіміздің жанғаны осы емес пе,- дейді Нұрасыл Шоқанұлы.

Біз диқандардың арасынан жасы жетпіске келіп қалған Қ о й л ы б а й Ә й і м б е к о в т і жолықтырдық. Ол жаз бойы аймақтағы 120 қожалыққа Қарақыстақ өзенінен келетін ағын суды бөліп береді. Қазір ол жеке жер иелеріне тұқым сеуіп, жер жыртып беруде жүрген механизаторларға қолғабыс тигізеді. Өзінен күш әлі таймаған ба дейсіз, кез келген асауды жуасытып, көкпарда жастармен тізе қағыстырып, күрессе қарсыласын қапы қалдырып жүрген білектінің өзі. Оның бауыры Сұлтан Әйімбековтың жекеше тракторы бар. Ол да тыныш жатпайтын еңбекқор жан. Бәрінен де техникасы жоқ ауылдастарының жерін жыртып, малалап беруге үнемі даяр тұрады.

Ж а ң а т ұ р м ы с а у ы л аймағының өзіне осы көктемде 30 гектарға қант қызылшасы, 15 гектарға көкөніс, 100 гектарға к ө п ж ы л д ы қ ж о ң ы ш қ а е г у жоспарланып отыр. Ал, ауыл әкімдігі 2018 жылы 2 гектарға « Ж а с ы л б е л д е у » ж о б а с ы бойынша мың түп тал-дарақ отырғызыпты. Сонымен қатар саябаққа 200 түп қарағаш көшеттепті. Бір сөзбен айтқанда Ж а ң а т ұ р м ы с т ы қ т а р ж а ң а өнімнің негізін қалауға жұмыла кіріскен.

Биыл аудан 16 мың гектарға майлы дақыл, 233 гектарға дәндік жүгері, 600 гектарға қант қызылшасын егеді. Қазір балтамырға арналған сүдігер ж ы р т ы л у д а . И ә , б о л а ш а қ өнімнің негізін бүгіннен яғни ерте көктемнен қалау үшін диқандар көктемнің әр күнін ұтымды пайдалану үшін еңбекті еселей тсуде.

С.ҚОЖЕКЕ.

Суретте: жас механизатор Нұрасыл Молдашев

 пен зейнеткер, ауыл мұрабы

 Қойлыбай Әйімбеков егістікте.

 

Поделиться ссылкой: