Кәсіпкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Жуырда «Сұлутөр» кинотеатрында кәсіпкерлерді қолдау, оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен жаңа бағдарламаларды насихаттау мақсатында жиын өтті. Аталған жиынға аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Сақтасын Тастанов, инвесторларға қызмет көрсету жобалық басқару және цифрландыру орталығының Т.Рысқұлов аудандық бөлім б а с ш ы с ы Е р ғ а л и Юн и с о в және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Сапарбеков қатысты. Олар кәсіпкерлерге кәсіп ашу, оқыту және мемлекеттік бағдарламалар жөнінде көптеген мағлұмат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Н.Сапарбеков өз сөзінде «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы кәсіпкерлерге кез келген мәселе бойынша тегін кеңес беретіндерін, кәсіпкерлерге заңсыз қысым жасалса, мәселені заңды түрде шешуге, құжат мәселесі, бизнес жобасын жасауға қолдау көрсетіп, дұрыс жол сілтеуге дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, ол «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағадарламасы, «Бастау бизнес» секілді бағдарламалар жөнінде мәлімдеме жасады. Ал Ерғали Юнисов Елбасының 2 0 1 8 ж ы л д ы ң қ а з а н ы н д а «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қ а з а қ с т а н х а л қ ы н а Ж о л дауында «қарапайым заттар экономикасын» қалыптастыру мен дамыту керектігі жөнінде айтқандығын мәлімдей келе, ж о ғ а р ы д а а т а л ғ а н м ә с е л е бойынша сөз қозғады. Оның айтуынша, Қарапайым заттар ө н д і р у ү ш і н т ы м қ ы м б а т құрал-жабдықтың, керемет инновациялық технологияның және өте жоғары деңгейлі к а д р л а р д ы ң қ а ж е т і ж о қ . Сәйкесінше, мұндай жобаларға құйылатын инвестицияның да көлемі шағындау болады. Ал ең бастысы, бұл өнімдерге үлкен сұраныс бар. Инвесторларға қызмет көрсету жобалық басқару және цифрландыру орталығының ауданымыз бойынша бөлім басшысы «несиенің жалпы ж ы л д ы қ ү с т е м а қ ы с ы 1 5 % болса, оның 7 пайызын Үкімет қ а р ж ы л а н д ы р а т ы н б о л с а , қалғанын жеке кәсіпкер 8 пайызбен кәсібінің түріне қарай 7 жылға дейін алуына болады» деп түсіндірді.
«Жоспарға сай, дәл осындай жиын аудан орталығынан өзге 14 ауылдық округте де жалғасын т а б а т ы н б о л а д ы » -д е й д і ұйымдастырушылар.
Салтанат ҚАРАСАЕВА.