АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

642 Views

 Жуырда Қытайдың Сиянь қаласында өткен Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құрама балуандары 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде еншілеп, айтарлықтай нәтиже көрсетті. Оның ішінде 97 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған ауданымыздың мақтанышы, жерлесіміз Әлішер Ерғалидың жеңісі өз алдына бөлек әңгіме десек артық айтпаспыз, сірә. Әлішердің бойындағы күш-қуатын, боз кілемде еркін көсілетін шеберлігін отандық баспасөздің біріне берген сұхбатында еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев та жоғары бағалағанын оқыған едік. Жалпы, Азия чемпионатында 3 мәрте боз кілемге көтерілген Әлішер алғашқы айналымда корей балуанымен күресіп, 6:2 есебімен ұтты. Одан кейін жерлесіміз атағынан ат үркетін әлемнің 2, Азия чемпионатының 7 дүркін чемпионы, даңқты Иран балуаны Реза Язданимен белдесіп, 7:3 есебімен ұтылып қалды. Осы орайда, қарсыласына соқыр ұпай ұстатпайтын Язданидың біздің Әлішердің мықтылығын мойындағанын жазып өткеніміз абзал. Ал, қола жүлде үшін болған белдесуде жас балуан 2 мәрте Олимпиада ойындарына қатысқан Қырғыз елінің мақтанышы Магомед Мұсаевты 6:2 есебімен жеңіп, сарықұрлық балуандарының үздік үштігінің қатарына қосылды.

Апта басында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов Қытайдың Сиянь қаласында өткен Азия чемпионатында ел қоржынына қола жүлде салған Әлішер Ерғалиды арнайы қабылдап, айтулы жеңісімен құттықтады. «Әлішер, сен өзіңнің мықты балуан екеніңді Азия чемпионатында дәлелдей білдің. Әсіресе, Иран балуанымен жоғары деңгейде күресіп, қарға тамырлы қазақтың намыс оты қандай  Күн санап өзгеріп жатқан дүниеде адамдардың бір-бірінің аманатына адал болуының өзі Елбасы айтып отырған рухани жаңғыруымыздың бір парасы ма деймін. Нұр ағаңның мақаласын оқып отырып ойға қаласың. Күнделікті тұрмыста өзгеріп жатқан «таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіруіміз» мүмкін емес екен. Сонда өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіре аламыз. Жаңғырудың басты шарты «ұлттық кодыңды сақтай» білу дейді заманымыздың кемеңгері.

Дәлірек айтқанда бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни, болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Қазір жер-жерлерде әкімдіктер жанынан қоғамдық кеңестер құрылып, соттар өз жанынан медиаторлар сайлап алды. Қоғамдық кеңес іске кіріскелі көптеген істерге араласып, бойкүйездік пен салғырттықтың, жемқорлық пен сыбайластықтың жолын кесетін болды. Ал, медиаторлардың яғни баяғының билеріндей әділдік жолында «күресіп» жүргенін көре алмай далмын. Егер ондай жағымды жақтары болса неге олар туралы жариялық жоқ. Ілгергі кезде, дәлірек айтқанда кеңес өкіметінің тұсында соттарда «ашық сот процесі» деген болушы еді. Қоғамға жат, теріс пиғылды азаматтарды ел алдына шығарып соттаушы еді. Оны бүкіл жұрт білетін, өйткені журналистер бұл туралы баспасөз бетінде ашықтан ашық мақала жазатын. Жақында аудандық ардагерлер ұйымы жанынан құрамында бес адамы бар билер кеңесі құрылды. Олардың кеңсесі ардагерлер Үйіне орналасқан. «Келем» деушілерге есік ашық. Өйткені ақсақалдар да талай дау-дамайды шеше алады деп ойлаймын.

Иә, дәстүрдің озығы бар тозығы бар. Елбасы айтады: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» дейді. Өткенде теледидарға тәні жалаңаш, бірақ иығына қазақы шапан жамылған ер азамат шықты. Жұрт оның осынау лайықсыз қылығын әбден жерден алып, жерге салып жазғырды. Бұл міне, ұлт

 тық сананың тозғанынан туған өрескел әрекет еді. Бұған әрине, қоғам, жігіттің өскен ортасы кінәлі. Бұл шынында да «жаңғырыққа» айнала бастаған әдет.

Біздің қарттарымызда қазына бар. Билер де солардың ішінен шығуы тиіс. Жарқын болашағымыздың көкжиегін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы осы қарттық қасиетте жатыр ма деймін. Сол үшін де бүгінгі қарттар көштен қалмай келеді. Аудан көлемінде өткізіліп жүрген шаралардан шет қалмайды. Көпшілігі мектеп шақырса да, мекеме шақырса да аяңмен барып, ақылын айтып, көсегелі істерге көзәйім болып, ақыл-кеңестерін айтудан жаңылмайды. Аманатқа адалдық осындай жерде айтылады. Жастарға: «Біреудің ала жібін аттама» десе, уәдесінде тұрмайтындарға: «Біреудің аманатына адал бол» дейді. Ал, ақсақалдың батасынсыз бір жиын жабылмайды. Жиналыстар мен басқосуларда халықтың мұңы мен мұқтажын айтатын да кәриелер.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол, басқан қадамың нық болуы үшін болашаққа сеніммен қарау керек. Сонда ғана жаңғырудың жаңа бағытынан адаспайсың.

Қожайхан БИЖАНОВ,

аудандық ардагерлер

 кеңесінің төрағасы.   

Поделиться ссылкой: