Еңбекпен есейген жан еді…

744 Views

Мен сөз еткелі отырған осынау жанның қабағы маған қатулы, түрі сұсты көрінуші еді. Қашанда атына мініп ауылды аралап, арбасын шегіп тойына барып, әрлі-берлі шапқылап жүретін. Ол кісінің бір уақыт демалып, демалыс орындарында жүргенін көрген де, естіген де емеспін.

Мамырхан Жамалбекұлы 1931 жылы 19 қыркуйекте Луговой ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Әкесі Жамалбек ата мал баққан, шешесі Бәтіш апа іскер адам болған.

Бала Мамырхан жастайынан зерек болды. Интернатта жатып білім алды. Есепке жүйрік, білімге құштар еді. Интернатта сол жылдары елімізге белгілі жазушы Әкім Таразимен бірге оқыды. Балалық шақтың бал дәурен күндері Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келіп, ол буыны бекімей жатып тіршіліктің тауқыметін көріп өсті.

«Мал дәрігері болсам» деген арманы орындалып, 1949 жылы Жамбыл зоо-ветеринарлық техникумына оқуға түсті. Алайда соғыстан кейінгі тұралаған колхоз шаруашылығын көтеру керек болды. Мамырханның оқуын тастап, еңбекке ерте араласуына тура келді. 1950 жылы «Жаңатұрмыс»колхозындағы қ ы з ы л ш а ш ы л а р б р и г а д а с ы н а колхозшы әйелдерді таситын шофер болып жұмысқа орналасқанда оған ауылдастары сенімсіздікпен қараған. Алайда ол өзінің тындырымды ісімен, техниканы толыққанды меңгергенінің арқасында басшылардың да көңілінен шықты. Иә, Мәкең қай істі болса да аяғына дейін тиянақты істеуді әдетіне айналдырған жан еді. Колхоз бастығы Бексейіт Махатов та, завгар Жора ағай да оған зәредей сенді. Сөйтіп, қәуіп- қатері көп жанар май таситын көлікке отырғызды. Ол кісі өзіне көрсетілген сенімді ойдағыдай атқара білді. Сөйтіп, Мамырхан ағай жанар-жағармай таситын автокөлікті ұзақ жылдар бойы жүргізді.

Ол 1955 жылы отбасын құрды. Былайша айтқанда, өз үйінің яғни, болашақ отауының іргетасын қалады. Жары Салима екеуі өмірге 3 ұл, 5 қыз әкеліп, оларды мәпелеп, тәрбиелеп өсірді.

– Ә к е м і з к ү н і б о й ғ ы а у ы р жұмыстан шаршағанына қарамастан шаңырағына келгенде ұл-қыздарын еркелетіп отыратын. Қабағы қатулы, жағы түксиген, өр мінезді әкенің бала тәрбиесіне деген ықыласы ерекше еді. Иә, ол кісі қатал болмаса біз әсіре жайылып кетпес пе едік, -деп есіне алады сол бір кездерді осы аймаққа әкім болған ұлдың үлкені Сүйерхан.-Ағайын-туыс ортасындағы ақылдасатын шаруалар болса, оның таудан түсетін уақытына қарай ыңғайластырылып қойылатын. Кейін ол кісі шопырлықты тастап, колхоздың шаруасымен айналысып кеткенде де ағайын арасында ішінара кикілжіңдер болса,оларды татуластырып отырушы еді. Осыдан-ақ әкеміздің ағайын-туыс арасындағы беделін анық аңғаруға болатын еді. Қысы-жазы малдың соңында, колхоз жұмыстарында жүрсе де балаларына еңбекпен келген нанның тәтті болатынын өсиет етіп, санасына сіңіруді өзіне әкелік парыз санайтын ол олардың келешегіне «жүрдім-бардым» қарамайтын.. Ұл-қыздарының жоғарғы оқу орындарында оқып, білім алуына мүмкіндік берді. Ұлдарын ұяға, қыздарына қияға қондыруды ұмытпады.

1979 жылы өзіне ата кәсібі мал бағуды мақсат етіп, басын тәуекелге тіге отырып колхоздың бір отар меринос қойын қабылдап алды. Арық-тұрақ қойды бағып, оның басын дін аман сақтау оңай шаруа емес еді, қажырлы еңбекті талап ететін. Өзінің ата кәсіпке деген адалдығы мен табандылығының арқасында пырақ қойлардың өзін кейбіреулер құсап: «Өлсе колхоздың малы өледі де, ажал келсе адам да өледі»деп немқұрайды қарамай шетінетпей бақты. Сөйтіп қоғам малын аман сақтады. Қақаған қыстың сарышұнақ аязды күндері мен шіліңгір шілденің аптап ыстығында қолына қамшысын алып, таң алакеуімде қойын шығарып, күн ұзаққа бағып, кештетіп қайырып, ымырт жабыла қоралаушы еді.

Кейін сол арық-тұрақ яғни пырақ қойлардың өзін төлдетіп, колхоздың ет пен жүн өндіру жұмыстарының жоспарын орындауға да өз үлесін қосты. Қырғыз Алатауының етегіндегі «Әулие бұлақ» қонысы сөйтіп, Мамырхан ағамыздың жайлы мекеніне айналды. Киелі «Әулие бұлақ» суының қасиетін ерте біліп, бұлақ көзін ашуды да есінен екі елі шығармаушы еді жарықтық. Түйеші Маупа ақсақалмен қоңсылас болып жүріп талай рет оның батасын алды.

Колхоз басшылары мен басқа да атқа мінерлер қойшы шопандардың ауылын аралағанда қонақжайлық танытып ағамыздың үйінен дәм татпай кетпеуші еді. Қашанда дастарханы жаюлы, қазаны асулы тұратын.

Колхоз тараған жылдары да қарап қалмай қолдағы малын бағып, сол кездің өзінде-ақ, мал бордақылау ісін қолға алып, мал шарушылығының өркендеуіне өз үлесін қосты.

1990 жылы колхоз жұмысының алға басуына сіңірген еңбегі еленіп, сол кездегі колхоз басшысы Қабылхан Беріковтың шешімімен «Құрметті колхозшы» атағы берілді.

Адам ұрпағымен мың жасайды. Бүгінде ұрпақтары мәуелі бәйтерекке айналып, тамырын тереңге жаюда. Мамырхан ағаның артында 24 немересі мен 15 шөбересі өсіп келеді. О с ы н а у е ң б е к п е н е с е й г е н ауылымыздың қадірлі ақсақалы 2 0 0 0 ж ы л ы 7 0 ж а с қ а қ а р а ғ а н шағында өмірден озды. Ешбір атақ-дәрежесіз, медаль, орден иеленбей-ақ, ауылдастарымен қатар жүріп жемісті еңбек еткен қарапайым жанның өмірі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болады деп ойлаймын. Өйткені ол кісі көзі тірісінде ешқандай атақ пен дәрежеге ұмытылған жоқ еді, бірақ артында адал атқарған ісі мен ұрпағына қалдырған өнегесі қалды. Атақ пен даңқты өзі алмағанмен ұлдары алды. Екі ұлы әкім, бір немересі бүгінде лауазымды қызметте жүр. Иә, «Тәрбие талбесіктен» деген рас-ау.

С.ҚОЖЕКЕ,

Жаңатұрмыс ауылы.

Суретте: тыл ардагері Мамырхан Жамалбеков.

Поделиться ссылкой: