Көкжөтел дегеніміз не?
49 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Біз 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында «болашағымыз» деп есептелетін бүлдіршіндерге ауданымызда қандай жағдай жасалынып жатқандығын анықтап көруге тырыстық. Осы мақсатта біз аудандық білім бөлімінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері Ботагөз Бакееваны сөзге тартқан болатынбыз.
– Ботагөз Болатқызы, сізге қояр алғашқы сауалымыз мынадай болмақ. Бүгінде аудан бойынша балаларға қандай жағдай жасалынып жатыр?
– Бүгінгі күні Т.Рысқұлов ауданында 23 балабақша мен 15 шағын орталық жұмыс атқарады. О н дағ ы білікті м а м а н д а р а у д а н н ы ң 3 3 0 2 баласына сапалы білім мен тәрбие беруде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесіне келер болсақ, 1-6 жас аралығындағы балалардың пайыздық көрсеткіші — 82,2% болса, 3-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы – 98,8%- ды құрап отыр. Облыс бойынша жалпы салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, бұл жаман көрсеткіш емес.
– Дәл осындай нәтижеге жету үшін қандай қадамдарға бардыңыздар?
– Өте орынды сұрақ қойдыңыз. Өздеріңіз білетіндей Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2020 жылға дейін бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажетігін тапсырған болатын. Осыған орай қазір мемлекет пен жекеменшік әлеуметтік әріптестік аясында балабақшалар мен бөбекжайлар көптеп ашылуда. Аталмыш жұмыстар біздің ауданымызда да қарқынды түрде іске асырылып, өз нәтижесін берді. Яғни, кәсіпкерлер мемлекет жасаған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, мектепке дейінгі білім – тәрбие беру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Соның нәтижесінде өткен жылы бүлдіршіндерге арналған балабақшалар көптеп ашылып, бүгінде өз жұмыстарын жүргізуде.
– Ж а ң а д а н а ш ы л ғ а н балабақшаларға толыққанды тоқталып өтсеңіз…
– Бүгінде ауданда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ашылған жеке балабақша саны — 9. 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудан орталығы Құлан ауылында 140 орынға арналған «Бота» жекеменшік бөбекжай- бақшасы өз жұмысын бастаған. Құрылтайшы, жеке кәсіпкер Ертіс Тұғылшиев бұрынғы сауда нысанын қайта жаңғыртып, ғимаратты бөбекжай-бақша ашуға бейімдеп, заманауи үлгіде жабдықтады. Аталмыш жұмыстар шалғай жатқан елді мекендерде де жүргізілді. Дәлірек айтар болсақ, сол жылдың ІІІ тоқсанында Тереңөзек және Ақыртөбе ауылдарында 2 жекеменшік балабақша ашылып, бірқатар түйінді мәселелерге нүкте қойылды.
Аудан орталығында халық к ө п ш о ғ ы р л а н ғ а н д ы қ т а н балабақша кезегіне деген сұраныс жоғары. Сондықтан да ағымдағы жылдың өзінде Құлан ауылында үш бірдей балабақша ашылды. Атап айтар болсақ, «М.Мирас» жекеменшік бөбекжай-бақшасы 150 орынды қамтыса, «Ұлар» жекеменшік бөбекжай-бақшасы 75 орынды қамтып отыр. Сонымен қатар, ауданда соңғы болып 75 балаға арналған «Аziza» балабақшасы ашылды. Бұл аудан көлемінде бүлдіршіндерге есігін айқара ашып отырған 9-шы жекеменшік балабақша. Алдағы уақытта тағы да дәл осындай 1 жекеменшік бөбекжайды ашу көзделіп о т ы р . О с ы л а й ш а Е л б а с ы бастамасымен қолға алынған бағдарлама келешекте 100 % — ға орындалмақ ниетте.
– Дұрыс бағыт таңдалған екен. Дегенмен, жекеменшік иелігіндегі балабақшаларды ашу балаға берілетін тәрбие мен білімге, сонымен қатар қызмет көрсету сапасына к е р і ә с е р і н т и г і з е д і д е п ойламайсыздар ма?
– О н д а й ж а ғ д а й ғ а алаңдаудың еш қажеті жоқ. Себебі, әрбір балабақшаның ж ұ м ы с ы а у д а н д ы қ б і л і м бөлімінің басты назарында. Балалардың тәрбие мен білім алуы, тамақтануы, балабақша тәрбиешілерінің біліктілігі әрдайым білім бөлімнің жіті қадағалауында тұрады. Әрбір балабақша жыл сайын жұмыс жоспарын құрып, біз арқылы бекітіп, тығыз байланысып жұмыс атқарады. Мәселен, а у д а н д а а л ғ а ш қ ы б о л ы п , жекеменшік иелігінде ашылған балабақшаның бірі — «Аяна». Бүгінде аталмыш мекеменің қызмет көрсету сапасына ата- аналар жоғары бағалап жатады. Осы көрсеткішке жаңадан ашылған өзге де бөбекжайлар қол жеткізеді деген сенімдемін. – Б о т а г ө з Б о л а т қ ы з ы соңғы сұрақ болсын. Жасыратын несі бар, соңғы жылдары балабақшадағы бейберекетсіздіктер жиілеп барады. Оны үйдегі теледидардан көріп, жағамызды ұстап жатамыз. Осыған орай аудандағы балалардың құқығын қорғау мақсатында қолға алынған қандай іс-шаралар бар?
– Иә, өкінішке орай балабақша қабырғасында мұндай келеңсіз оқиғалар кездесіп жатады. Дегенмен, өзіңіз айтқандай фактілер ауданымызда орын алған жоқ. Аудандық білім бөлімі балабақша меңгерушісімен тікелей байланыс орнатып, кадр таңдау бағытында да көптеген жұмыс атқарады. Осы бағытта тәрбиешілерге семинар-тренингтер ұйымдастырылса, ата-аналардан сауалнамалар алынып жатады. Сонымен қатар, балалардың құқығын қорғау мақсатында аудандық балабақшалардың әр бөлмесінде бақалау камералары орнатылған. Бір сөзбен айтқанда, аудандық бүлдіршіндердің құқығын қорғау бағытында барлық жағдай жасалған.
Сұхбаттасқан
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.