Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысты

693 Views

Мемлекет басшысы өз баянда­ма­сын­да Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға қонақжайлылығы, Саммитті жо­ғары деңгейде ұйым­дас­тыр­ға­ны жә­не Президент болып сай­лануымен құт­тық­­тағаны үшін ри­за­шылық білдірді. Сонымен қа­тар, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Азиядағы өзара іс-қи­мыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес­ке төрағалығы Кеңесті Азия аймағын­дағы өте ма­ңыз­ды мәселелерді шешу ісі­не белсенді жұмылдыруға сеп­ті­гін тигізетінін айтты.

Қазақстан Президенті 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымын­да Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөнінде кеңес өткізу жөнін­дегі ұсынған идеясы Азия құрлы­ғының тарихында жаңа кезеңге жол ашқанын айтты.

Бүгінде Азиядағы өзара іс-қи­­мыл және сенім шаралары жө­ніндегі кеңес – Азия өңірін­дегі 35 мемлекетті және жер ша­рындағы халықтың жарты­сы­на жуығын біріктіріп отыр­ған тиімді көпқырлы құрылым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті қақ­тығыс­тар­дың өрши түскенін, қауіп­сіздік меха­низм­дерінің эрозия­сын, сауда және санк­ция­лық соғыстарды, сондай-ақ, ха­лық­аралық терроризмнің белең ал­ға­нын атап өтіп, өңірдегі қау­­іп­сіздікке төнген қатердің, идео­ло­гиялық, этникалық және дін­а­ралық қайшылықтардың өр­шіп келе жатқанына алаң­дай­тынын айтты. Осыған орай, ол Азиядағы қауіпсіздіктің түйт­кілді мәселелерін шешу үшін жүйе­лі әрі кешенді әдістердің қа­жет екеніне тоқталып, атал­ған проблемаға байланысты Қазақстанның ұстанымын жет­кізді.

– Барша достарымыз бен се­ріктестерімізді Форумның ти­ім­ді­лігі мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін күш-жігер жұмылдыруға шақы­ра­мыз. Толыққанды өңірлік ұйым болу үшін бізге кеңесті рет-реті­мен, біртіндеп трансформация­лау қажет. Азиядағы өзара іс-қи­мыл және сенім шаралары жөнін­дегі кеңесті институционалды түр­де қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалған, құқықтық базасы әзірленген, оның тұ­рақ­ты құрылымдары жұмыс іс­теп жатыр, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың инклю­зивті дамудың жаһандық архи­тектурасын қалыптастыру жө­нін­дегі «Үш диалог» туралы бас­тамасының өзектілігін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл идеяның құрамдас бөлігі Еуразия ауқымындағы өзара іс-қимыл­дардың жоспарын жасау үшін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөнінде­гі кеңестің және Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтас­тық ұйы­мының, содан кейін Азия мен Еуропадағы басқа да өңірлік әрі көпжақты инсти­тут­­тардың әлеуеттерінің синер­гия­сын қамтамасыз ету болып сана­латынын айтты.

– Даулы проблемалар мен қарама-қайшылықтарды бас­тал­ған сәтінде шешу үшін конструктивті келіссөздерді қам­тамасыз ету – күн тәртібін­дегі басты мәселелердің бірі. Сондықтан, жақын арада Азия­дағы өзара іс-қимыл және се­нім шаралары жөніндегі ке­ңес аясында халықаралық медиа­цияны жүзеге асыратын толық­қанды ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрылуы әбден мүмкін, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев халық­аралық лаңкестікке қар­сы іс-қимылдар үшін бірлес­кен жүйелі әдістер әзір­леу қажеттігіне арнайы тоқтал­ды. Оның айтуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының 73 сессия­сын­да қабылданған және 82 мем­ле­кет қолдаған лаңкестіктен ада, бейбітшіліктің жетістігі жө­нін­дегі мінез-құлық Кодексі Азия­дағы өзара іс-қимыл және се­нім шаралары жөніндегі ке­ңес кеңіс­тігіндегі лаңкестіктен туа­тын қауіптің алдын алатын ұсыныстар әзірлеуге негіз бола алады.

Сонымен қатар, Мемлекет бас­шысы Кеңестің барлық ма­ңызды бағыттары бойынша қатысушы елдердің нақты іс-қи­мылдарын кеңейтудің өзек­тілігін атап өтіп, жобалар мен Форумның басқа да жұмыс­та­рын қаржыландыратын ар­найы қор құруды ұсынды. Қазақстан Президентінің пікі­рінше, Қор Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Іскерлік ке­ңе­сінің жұмысын қосымша ын­та­ландыруға және Кеңеске қа­ты­сушы барлық мемлекеттің эконо­микалық игіліктеріне тың сер­пін береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев іс-қи­мылдардың тағы бір өзекті са­ласы ретінде Кеңестің барлық өл­шемдегі жұмыстарын сапалы са­рап­шылық сүйемелдеуді жол­ға қоюды атады.

– Тұрақты жұмыс істейтін диа­логты платформаны қайта құру арқылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің талдау ор­та­­лық­тарының әлеуетін арттыр­­­ған жөн. Кеңестің жұ­мыс ор­­гандарына арналған ұсы­ныс­тар­­­ды жандандыруға мүмкін­дік бе­­ретін Ғұламалар кеңесін құру мә­селесін уақтылы әрі жан-жақ­ты зерттеу керек деп есептей­міз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жо­ға­рыда ұсынылған бастамалар­дың жүзеге асырылуы Кеңес­ке мүше-мемлекеттердің ын­ты­­­мақтастығын сапалы жа­ңа деңгейге көтеретінін және Қазақстан­ның қатысушы барлық мемлекеттің мүдделері үшін Азия­дағы өзара іс-қимыл және се­нім шаралары жөніндегі ке­ңес аясындағы толық қанды іс-қи­мылдарға дайын екенін атап өтті.

АӨСШК қатысушы мемле­кеттер басшыларының V самми­ті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кез­десті

Мемлекеттер басшылары екі­жақ­ты ынтымақтастықтың перспек­тиваларын, аймақтық және халықаралық күн тәрті­бін­дегі мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында тараптар бір-бірін өз елдеріне мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөнінде­гі кеңеске қатысушы мемлекет­тер басшыларының Бесінші оты­рысының қорытындысы бой­ын­ша тиісті декларация қа­былданды.

Поделиться ссылкой: