Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
22 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Адам қоғамының қалыптасуы мен оның себептері туралы бір қортыныды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізгендер Адам Смит пен Давид Рикардо десек, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғалымдардың, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша, қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі негізінде қалыптасқан. Бұл бірігудің негізгі себебі- адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүддені біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, обьективтік мағынады қалыптасуы керек.
Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
Б.Мухтарова, Т.Рысқұлов аудандық Әділет
басқармасының бас маманы.