Табысты жасыру ‑ табысќа жеткізбейді

909 Views

«Сындарлы қоғамдық диалогҚазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев «Мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Алайда, бірқатар шешімдер жанжақты сарапталмай қабылданды. Нәтижесінде бұл патерналистік пиғылдың айтарлықтай артуына әкеп соқтырды. Соңғы 5 жылда Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 77 мыңнан 1,4 миллионнан астам адамға артқан. Әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 2017 жылдан бері 17 есе көбейді және одан да арта түсті. Басқаша айтқанда, жұмыс істегісі келмейтін адамдар немесе әлеуметтік көмек алу үшін өздерінің табысын жасыратындар көбейді. Жағдайы  бар отбасылардың әлеуметтік көмек алатыны туралы деректер бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын»  дей келіп, Үкіметке атаулы әлеуметтік көмекті бөлу тәртібін реттеу керектігін тапсырған еді. «Бұл жүйе ашық әрі әділетті болып, адамдарды бейқамдыққа емес, еңбек етуге ынталандыруы тиіс. Көмек негізінен, жұмыс істейтіндерге берілуі тиіс» деп атап өтті.

Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін табысын жасырғандар жайында расында аз айтылған жоқ. Табысын азайту мақсатында ажырасқан отбасылар қоғамның қызу талқысына түсті. Ата-анасын тұрғылықты үйінен тіркеуден шығарғандар да табылды. Аудандық газеттің №68 санында «Жалқаулық жарға жығады» тақырыбында мақала жариялап, аудандағы 2267 отбасының 14447 адамына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаны, соның 2751 адамы еңбекке қабілетті екенін жаздық. Еңбекке қабілетті бола тұра еңбек еткісі келмейтін масылдық пиғылдағы адамдардың бұл әрекетінен шошыдық. Атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілген қаржыны қалтаға басып, қаперсіз күн кешкен тұрғындардың тіршілігін сынағандар аз болған жоқ. Дегенмен, қаражатты құр бекерге шашып жібермей шағын кәсіпке жұмсағандар да табылды. Соның бірі – Мұса Сәрсенбайұлы. Мұсаның мақсаты – масылдық емес мал табу. Ол қолдағы қаржысына мал алып, «Еңбектің наны тәтті» екенін іспен дәлелдеуге көшкен. Қарекет еткеннің қарыны тоқ, қадірі артық болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл жайында абыз Абай:

«Еңбек жоқ, қарекет жоқ, қазақ кедей,

Тамақ аңдып қайтеді тентіремей…» деп қарекетсіз қазақтың кедейліктің қамытынан құтыла алмайтынын айтады.

Күні кеше аудандық халықты жұмыспен қамту орталығынан хат келді. Онда табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті алып келген аудан тұрғыны жайында жазылған екен. Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген тұрғынның айыбы ашылып, өз еркімен 149109 теңгені мемлекетке қайтарып беріпті. Демек, табысты жасыру табысқа жетудің жолы емес. Ақша табудың адал жолын іздесек, қарекет қылған жөн.

Мереке Ержанұлы.

Поделиться ссылкой: