Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Диханның шырайын келтіріп, малшының ырысын артыратын Жарлысу жері ауылшаруашылығына өте қолайлы. Әсіресе, мұнда мал шаруашылығын дамыту дұрыс жолға қойылған. Оны шет елдерге ет өнімін экспорттап жүрген «Шәушен» шаруа қожалығының ауқымды жұмысынан анық аңғаруға болады.
Ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосқан шаруа қожалықтың шопандары шалғай ауылдарда мал бағып, балаларының білім алуына алаңдамайды. Өйткені, Жарлысу ауылында шопан балаларына арналған интернат бар. Аталмыш нысан 2012 жылдың қазан айында «Шәушен» шаруа қожалығының жетекшісі Сайрамбай Дөненбаевтың жеке қаражатына салынып, пайдалануға берілген болатын. Содан бері міне, жеті жыл өтіпті. Осыны ескерген біз «Интернаттың бүгінгі жағдайы қандай?, Балаларға қандай жағдай жасалған?» деген сауалдарды назарға алып, интернаттың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.
«Қазақстанның Еңбек Ері» Сайрамбай Дөненбаевтың демеушілігімен салынған «Шәушен» интернаты 40 балаға арналған. Айтқұл Шынасілов атындағы мектеп жанында орналасқан интернатта биыл 37 бүлдіршін тәрбие алуда. Олардың барлығының ата-анасы «Шәушен» шаруа қожалығында қызмет етеді.
Интернат қабырғасында балаларға барлық жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, балалардың жататын орны, жуынатын бөлмелері, асханасы, оқу залдары барлық талаптарға сай жабдықталған. Оларды бізге Айтқұл Шынасілов атындағы шағын орталықты мектебінің директоры Дархан Буланбаев арнайы аралатып, таныстырды. «Мұнда қазір шалғай ауылдарда мал бағатын 19 шопанның балалары тәрбиеленуде. Олардың ең үлкені 9 сынып оқушысы болса, кішкентайлары шағын орталықтың тәрбиеленушілері. Балалар интернат асханасында төрт мезгіл тамақтандырылады. Олардың үй тапсырмасын орындауына, жаңа сабақты қайта түсіндірілуіне тәрбиешілер жауапты. Балаларға жайлы жағдай жасау үшін мұнда 18 адам қызмет етеді. Атап айтар болсақ, үш аға тәрбиеші мен екі көмекші қызметкер бар. Одан бөлек мұнда балалардың денсаулығын күнделікті қадағалайтын медбике мен психолог маман жұмыс жасайды. Ал, асханасында екі аспазшы мен бір көмекші тәрбиеленушілерге тәтті тағам дайындайды» — деп, мектеп директоры интернаттың бүгінгі тыныс-тіршілігін баяндап берді.
Интернатқа баласының жағдайын білу үшін арнайы келген ата-аналарға арналған бөлме де бар екен. Оны бізге интернат тәрбиешісі Нұржамал Мұратова көрсетті. «Қанша дегенмен бала ата-анасын сағынады. Олар келгенде шүйіркелесіп әңгіме айтып, жеке сырласқысы келеді. Сондықтан да біз, осы жайтты ескеріп, ата-аналаға арнайы бөлме бөлдік. Балалардың ата-анасы келген сәтте бір бөлмеде қонуға рұқсат етіледі. Дейтұрғанмен, біздің интернат тәрбиеленушілері зерікпейді. Себебі, олардың бос уақыты жоқ. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында сан түрлі спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдасытырып тұрамыз. Одан бөлек олар мектептің іс-шараларына да жиі қатысады. Тіпті, кейде тарихи жерлерге де саяхат жасайды. Мәселен, былтыр Түкістан, Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелеріне барып, қыдырып келді. Биылғы оқу жылында да аталмыш жұмыстар жалғасын табатын болады» — деген интернат тәрбиешісі балаларға жасалып жатқан барлық жағдайды мәлім етті.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.