Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Елдік-бабалардан тағылым болып, ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан мұра. Қазақтың басын игі мұраттарға тоғыстырған Төле, Қазбек, Әйтеке билердің бірлігі, тату тірлігі жөнінде толғанып өткенін білеміз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында да елдің болашағы, туып-өскен жерге құрмет, елге құрмет, жас ұрпақ тәрбиесі кеңінен қамтылған.
Алдыңғы буын ата — әжелер ұрпақ тәрбиесін ойламаса, кім ойлайды? Жастар терең білім іздеумен, спортпен, кәсіпкерлікпен айналасып жүрулері керек. Ата дәстүр салтымызды, тілімізді, дінімізді, ділімізді, ұмытпаулары қажет. Қарапайымдылық, кішіпейілділік, үлкенін сыйлау, кішісін ойлау сияқты адами қасиеттерді ұрпақтар бойына сіңіре білу — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Халқымыздың «Ынтымақ қайда барасың, бірлігі бар елге барамын» болмаса «Ынтымақты елдің алмас қанаты жоқ» деген сияқты өшпес өсиеттермен ұрпағын тәрбиелеуге ұмтылғаны, татулық деген ұлы ұғымның атаның қолымен, ананың ақ сүтімен санаға сіңетін мәртебесі қасиет екендігі баршаға аян. Кез келген тәрбие ана тілінен басталады, ана тіліміздің ұлы құдірет екені, оны жетік білу, құрметтеп қастерлеу бағасы жоқ тәрбие екені көпке белгілі.Сондықтан біз ана тіліміздің шоғына жылынып, ыстығынан қуат алып, бірлік пен ынтымақтың күмбезді үйін тұрғызуға барынша бет бұруымыз керек.
Халқымыз «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дейді. Біздің қоғамда жастардың дұрыс қалыптасуы орта буынға да, қарттарға да байланысты. Кезінде азаматтарымыз бір ауыз сөзге тоқтаған. Үлкеннің алдын кесіп өтпеген. «Ақыл айтып жүрмесе қасымызда, сонда орнайды жетістік басымызға», «Араздасып ағайын кетер еді, бір қария болмаса бір ауылда» деп орынды айтылған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болған. Ал қазір «Құлақ жейтін бала қалмай барады, Ақыл айтар дана қалмай барады» деген мақалдар пайда болды. Жас ұрпақ қалмаса, ол аға буын сіз бен біздің жіберген қателігіміз бен осалдығымыз. Қадірлі болғың келсе, халқыңның қадірін біл. Ертең ел тұтқасын ұстайтын, ұлтымыздың болашағы жас жеткіншек ұрпақтың санасына білімнің, ізгіліктің, парасаттылықтың, адамгершіліктің дәнін егіп, ата-анасын, елін, жерін, тілін, дінін сыйлай білетін сүйіспеншілікті, азаматтық намыскерлікті ұстата алсақ ұтқанымыз.
Тәуелсіздікке қол жеткізіп, жаһандық дамудың дүбіріне қосылдық. Ұлан ғайыр даланың иесіміз. Мәңгілік ел боламыз дедік. Мәңгілік ел бір күнде орнай салмайды. Қазақ — дарынды халық. Мен жастарға, болашағымызға сенемін. Бастысы ұйыған ынтымағымызды жоғалтпайық. «Ырыс алды — ынтымақ» деген сөздің қадірін бала кезде ұғындық. Ынтымақты ұғынатын ұрпақ соңымыздан еру үшін көркем мінез көрсетіп тұруы қажет. Мінез — бабаның арымен, ананың сүтімен даритын құбылыс. Балаға ұл, қыз демей өздеріне өздері қызмет етуді жастайынан үйрету керек. Еңбекқорлық содан қалыптасады. «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды» деген. Бүгінгі жастар ақылды, зерек. Сол білім мен ақылды жарқын істерге жұмсау керек.
Құрметті, халайық! Қазақтың даласы — ұлы түркі елінің қара шаңырағы. Бұл елді өзіміз қорғауымыз керек. Ал, отанын емес, өзін қорғай алмайтын ұрпақтан не күтеміз, жас ұрпақты дұрыс тәрбиелей алмасақ, ол — біздің кемшілігіміз. Кемшілікті болдырмау-жүйелі жұмысты қажет етеді. Ендеше, осы жолда аянбай еңбек атқарып, ел алдында болайық!
Қ.Бижанов,
аудандық ардагерлер
Кеңесінің төрағасы.