Мәдениетке көңіл бөлінеді

749 Views

Қай елде де мәдениетке рухани құндылығымыз деп қараған. Сондықтан болар Еги­петтегі пирамидалар мен Римдегі антикалық туындылар ғасырдан ғасырға сақталып келеді. Ал, сол өнер туындыларын дүниеге әкелген сәулетшілер мен ша­йыр­ларға, суретшілер мен қол­өнершілерге, тегі әртістер мен әншілерге құрмет көрсету өмір салтына айналғалы қашан. Ел Президенті өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген Қазақстан хал­қы­на арнаған Жолдауында мә­дениет қызметкерлеріне қолдау көрсетуді әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі деп қарапты. Қасым–Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін аза­маттарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз». Бұл – алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мә­дениет қызметкерлері, әсіресе, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қа­­­тыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін тү­сіріп, лайықты кадрлардың тап­шы­лығы айқын сезілуде» деп біздің бүгінгі ахуалымызды ашық айтып отыр.
Бұл бәріміздің көкейімізде жүрген түйткіл болатын. Оны мемлекет басшысы дөп басып ай­тып қана қоймай келесі жыл­дан бастап мәдениет қызмет­керлерінің еңбекақысын кө­бей­ту керектігін алға тартады. Сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі тиіс дейді.
Жолдау шындығында біздің сала қызметкерлерінің ойынан шықты. Өнер ұжымдарында жұ­мысқа деген тың серпіліс пайда болды. Иә, біздің мәдениет саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің ең төменгі жалақысы 70 мың теңгеден жоғары, әншілердің кейбіреуі жүз мыңнан жоғары табыс алады. Алайда, Президент атап көрсеткендей кітапхана мен музей қызметкерлерінің табысы әлі төмен екені рас. Жастарымыздың жеңілдікпен тұрғын үй алуға да қолы жет­пей отырғанын несіне жа­сы­рамыз. Кадр тапшылығы туралы айтқанда оркестрдегі кейбір аспаптарға мамандар жетіспейтіні де рас. Бізде Басқар Битанов атындағы театр бар. Бірақ онда өнер көрсететін актерлар халықтық ансамбльдер мен топтарда ән айтатын, әртүрлі аспаптарда ойнайтын өнер­паздар. Ал, театрдың шта­тында тұрып, айлық жалақы алатын бір-ақ, маман бар. Айту ләзім, жуырда біздің бес өнер ұжымы өздерінің халықтық атағын қорғап қалды.
Мәдениет бөлімі ауда­ны­мыз­дың қырықтан аса елді мекені тұрғындарына қызмет көрсетеді. Мәдениет үйлері мен клубтар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламасы аясында тұрғын ха­лыққа қызмет көрсетіп келеді. Көр­сетіліп жүрген мәдени қыз­меттің ауқымы кең. Біз әсі­ресе, этностық, тарихи-танымдық құндылықтарымызға ерек­ше көңіл бөлеміз. Ұлттар ара­сын­дағы татулық пен достық, пат­риоттық және рухани келісім тақырыбы сахналарымыздан түсіп көрген емес.
Қазақстан – ортақ шаңырағымыз!
Ал, сындарлы қоғамдық диалог дегеніміздің негізін татулық пен тұрақтылық қалап тұрғанын ешқашан жадымыздан шығармауымыз керек. Сонда ғана бірлік шаңырағымызға тұрақтайды. Ал, ырыс пен ынтымақ тек бірлігі жарасқан елде болады.

Н. Жамалбеков,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Поделиться ссылкой: