«Галлея» кометасы енді қашан көрінеді?

661 Views

Құйрықты жұлдыз жер бетіне соңғы рет 1996 -1997 жылдары көрінгендігі көпшіліктің есінде шығар?
Кометалардың бізге көрінуі күн жүйесін толық айналып шығуымен байланысты. Мәселен: «Галлея» кометасы күн жүйесін 76 жылда айналып бітеді. Ол соңғы рет жер маңынан 1986 жылы өткенін ескерсек, енді 43 жылдан кейін бізге қайта көрінеді. Қазір «Галлея» құйрықты жұлдызы Нептун аспаны маңында кетіп бара жатуы мүмкін.
Құйрықты жұлдыздан ертеде адамдар қатты қорыққан. Ол көрінген жылдары апат болады деп есептеген. Алайда, бүгінде ғылым кометаның 40 шақырым болатын өз ядросы бар аспан денесі екендігін анықтап отыр. Ал, оның артындағы ұзын құйрық аспан денесі күнге жақындаған сайын күн сәулесі әсерінен жұлдыздың қызуы мен булану әсерінен пайда болады екен.
Кометаның құйрығы миллиондаған шақырымға созылуы мүмкін. Мәселен: 1997 жылы оңтүстік жарты шарда байқалған «Хиякутаке» құйрықты жұлдызының құйрығы 580 миллион шақырымға дейін созылып жатқан. Алайда, ол бізге жерден қарағанда шағын ғана болып көрінді. Ал, осы уақытқа дейін ең үлкен деп есептелген «Галлея» кометасы енді жер маңынан 2062 жылы өтеді…

Поделиться ссылкой: