Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Туған жер — адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ, адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады да оның аясы туған жер, туған өлке болып кеңейе береді. Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары деген бағзыдан жеткен тәмсіл бар. Иә, кім-кімге болса да туып-өскен өлкесі өзгеше ыстық болатыны бесенеден белгілі. «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» деп туған жердің қадір-қасиетін ұрпағына ұлағат еткен ата-бабаларымыздың туған елге, жерге, Отанға қатысты айтқан нақыл сөздері аз емес. Соның қай-қайсысында болмасын аса бір дәлдікпен, дәйектілікпен айтылған фәлсапалық ой жатыр. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жан-жақты баяндайды. «Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбекпен, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген болатын. Сондай перзенттердің бірі, қолөнер шебері, қиялын қалам арқылы дәптер бетіне емес, ағаш мүсіндері арқылы сөйлеткен шебер Қамзақ Төлендиев атамыз арамызда болғанда биыл 80-ге толар еді. Атамыздың қолынан шыққан бұйымдары қазіргі таңда аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұр. Қамзақ атаның өмір жолы қолөнермен айналысқысы келетін өскелең ұрпаққа өнеге.
Э.Утембаев,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің меңгерушісі.