«Открывашка»

677 Views

Шанхай қаласының қақ ортасынан салынған мына ғимаратты жергілікті халық «Открывашка» деп атайды. Ол бір қарағанда шынында қақпақ ашқышқа ұқсайды.
Бұл Шанхай халықаралық қаржы орталығы. Алайда, осы мұнараның қасынан әлі бөтелке тәріздес онымен қақпағын ашуға болатын ғимарат салына қойған жоқ деп әзілдейді мегаполис тұрғындары.
Шанхайдың Пудун ауданы қазір қаланың іскер орталығына айналды. Ол жер Нью- Йорктің Манхэттанын еске салады. Орталықта аспанмен тілдескен зәулім үйлер жауыннан кейінгі саңырауқұлақтар секілді қаулап өсуде. Бүгінде Шанхай аглеморациясының өзінде 24 миллион адам тұрады. Бұл Қытайдың бір қаласында Қазақстан мен Қырғызстан секілді екі елдің халқы тұрады деген сөз.
Ал, «Открывашка» ғимараты 2008 жылы пайдалануға берілді. Оның биіктігі жарты километр. 101 қабаттан тұратын алып нысан Азиядағы ең биік ғимараттың бірі болды. Оның 87 және 94 қабаттарында 154 қонақ үйдің номерлері бар. Ондай биіктікте жатқан адам өзін бұлттардың арасында ұйықтап жатқандай сезінеді…

Аспанның патшасы

Жеті шақырым биіктікте ұшып бара жатқан бүркіттің жер бетіндегі 11 шақырым радиусты 270 градуста көріп келе жататындығы таң қалдырады.
Ол қоянды 3 километрден ақ байқайды. Тіпті, аспанда жүріп, су бетіндегі балықты көруінің өзі бұл құстың көзінің қандай мықты екенін аңғартады. Адамның көзі мұндай қашықтықтан затты ажырата алмайды.
Мына ғажапты қараңыз. Бүркіттер 7-9 шақырым биікте қанатын қақпай, ауа ағынын меңгеріп, қалықтап ұшып бара жатады. Сол қанатымен ауаны жарып ұшып бара жатқан кезде ол сағатына 240 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшады екен. Ал, жемтігін көргенде қанатын қағады. Ол қанатын қағып, бар күшін салса 320 шақырым жылдамдықпен жүреді. Демек, бүркіттен ешқандай аң қашып құтыла алмайды.
Бүркітті шын мәнісінде аспанның патшасы дейді. Олар таулы әрі қыратты аймақта өмір сүреді. Басқа құстар секілді алыс жаққа қоныс аудармайды. Бүкіл өмірі белгілі бір аймақта өтуі мүмкін. Отыз жылдан астам уақыт өмір сүреді.
Ол көп елде нағыз батылдық пен ерліктің символы ретінде саналады…

16 жыл ұйықтамаған…

Ұйқы адамға не үшін керек? Ғалымдар адам баласы ұйықтаған кезде миы тынығып, барлық ішкі ағзалар демалады дейді. Тіпті, ұйқысыз жүрудің өзі мүмкін еместей көрінеді. Себебі, адамның қалыпты жағдайда ұйқыға кетуі жаратылыстан басталады.Туғаннан қартайғанға дейінгі адам өмірінің шамамен 15 жылдан 30 жылға дейінгі уақыты ұйқымен өтеді. Сонда 80 жыл өмір сүрген адам, оның 50 жылын ғана көрген болып есептеледі.
Біз бұрындары бірнеше жыл ұйықтап қалған адамдар жөнінде көп естігенбіз. Ал, Германияда 16 жыл бойы ұйықтамаған адам бар. Ол Беларусь азаматы Яков Циперович. 1979 жылы натрий циониді мен уланған ол бір сағаттық клиникалық өлімді бастан кешіріп, оянған кезде денесінің өзіне бағынбайтын күшке ие болғандығын байқапты. Кейін ұйықтай алмаған.Тіпті, шаршау қабілетінен де айырылған екен. Мұны естіген неміс ғалымдары Яковты Галле қаласына алдырып, сонда ұзақ уақыт ұйықтамайтын адамды зерттеді. Алайда, олар бұл тылсым күштің неден болатындығын ақыры таппады.
16 жыл бойы мүлде көз ілмеген жігіт 1995 жылдан бастап йогамен айналыса бастайды. Шығыстық медитациялармен жақын танысып, өз-өзін қолға алады. Осының арқасында күніне 2-3 сағат көз ілуге мүмкіндік алады. Бір таңқаларлығы, осы жылдар ішінде Яков Циперовичтің сырт келбеті мүлде өзгермеген екен. 1979 жылғы клиникалық өлімнен кейін Яковтың дене температурасы да 34 градустан көтерілмей қалған. Яғни, оның температурасы қазіргі кезге дейін көтерілген емес. Ұйықтамайтын адамның баяу қартайуының да басты себебі осы төменгі температуа болуы мүмкін.

Айбол Қараш,
журналист.

Поделиться ссылкой: