Ұстаз – қоғам айнасы

916 Views

Дамыған елу елдің қата­рын­да болу – еліміздің да­му стратегиясының бас­­ты саясаты. Ел­дің да­мы­­ғандығының бел­гі­ле­рі ғылым мен тех­ни­ка­ның, эконо­мика­ның жетістіктері бол­­са, мұ­ның барып тірелер жері – білім, ал білім беру тетігі – мұғалім. Қазақта бұрындары, ауылда болсын, қа­ла­да болсын, мұғалім зия­лы адам есептелетін. Мұға­лімді ұстаз санап, әркім сыйлайтын, құрмет тұтатын. Қа­зіргі тұлғалардың қайсысын ал­са­ңыз да білім берген мұға­лі­міне еліктеді, үлгі алды. Тіпті мұға­лім болуды армандады.
Халқымыз үшін ұстаздан ұлық, одан қастерлі мамандық жоқ. Білімнің шырағын жаққан мұға­­лімдердің әрдайым абы­рой­­­дың шыңында тұруы заң­ды­лық. «Білімсіз күнің жоқ» деп бабаларымыз тағылымды тәм­­­сіл қалдырған. Демек, сол білім­ді шәкірт санасына құятын ұстаз­дарсыз адамзаттың алды қараң­ғы, келешегі бұлыңғыр.Алты алаш­­тың баласы бас қосқан жер­де төрдегі орынды ұстазға ұсын­ған қазақтың мұғалімді қадір­леп, ұлықтауы өте құптар­лық. Ел тізгінін ұстаған азамат­тар­дың ұстаздардың мәртебесін Заң­­мен бекітуі аса көрегенді, сали­қалы шешім. Оның үстінде тәуел­сіз­дікке қол жеткізген 28 жылдың ішін­де «Педогог мәртебесі тура­лы» Заңның алғаш рет қабыл­дануы-егемендігіміздің жемісі деп білемін. Ал енді құнды құ­жаттағы заңдылықтарды сақ­тап, оны іске асыру барша ұстаз­дар­ға сын болмақ.
Мұғалім- елдің болашағын көр­кейтіп, рухын биікке көте­ретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауап­кершілігі мол киелі ма­ман­­дық. Ондай мамандық иесі әр­қашан да өресі биік болып, сөй­леген сөзінен, ойлар ойы­нан мар­­жандай тізілген ілти­пат пен парасаттың өрнектері, әсем­дік әлемі көрінетін, көкі­регі жақсылыққа тола, мейі­рімді, білімі біліктілікке ұлас­қан ізденімпаз, елжанды, адам­­­гершілігі жоғары адам болу керек.

А.Шажалиева,
Б.Момышұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Поделиться ссылкой: