Шоқ тілді Шона
14 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қай кезеңде болмасын күн тәртібінен түспей келеді. Жемқорлық ұлттың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, мемлекет пен қоғамның іргесін ыдыратып, ел дамуына тосқауыл болатын жаман құбылыс екендігі баршаға мәлім. Бұл мәселе барлық елдерде бар деп жайбарақаттық танытуға болмайды. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы болып саналады. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, нәтижесінде қоғам мүддесіне нұқсан келтіріледі және биліктің немесе басшылықтың беделі төмендейді. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өткен жылы 12 маусым күні президент болып сайлануына байланысты ұлықтау рәсімінде алдағы уақытта атқарылатын 10 негізгі бағыттың екінші бағыты сыбайлас жемқорлықты жою, жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған реформалар топтамасын дайындауды тапсырған. Сайлау алды бағдарламасында да жемқорлықты жою шараларын атап көрсетті. «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығымен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да ел азаматтарының құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты факторларының бірі сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесін алға қойып отыр. Бұл бағытта елімізде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Жуырда ғана ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов «Қазақстан Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кірді. 2019 жылы 30 желтоқсанда мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тиісті келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Осылайша Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына қосылды. Біздің еліміз аталған ұйымның 50-ші мүшесі болып тіркелді. Бұл еліміз үшін аса маңызды оқиға. Қазақстан бұл ұйымға кіру үшін 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Осы кезең аралығында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы жетілдірілді және ол еуропалық стандарттарға жақындай түсті. Мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру арқылы мемлекеттік аппарат пен халық арасында қарым-қатынас жеңілдеді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірден-бір жолы» деп атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары, қаржы полициясы, прокуратура, ішкі істер бөлімдері айналысуда. Қоғамдық ұйымдардан «Нұр Отан» партиясы жұмыстар жүргізіп келеді. Өткен жылдың соңында «Ақ жол» газетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев: «Тrаnspаrency Internatinal Kаzаkhstаn» қоғамдық қоры жыл сайын жемқорлықтың деңгейін анықтауға арналған зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Сауалнамаға тартылған респонденттердің 50 пайызы өңірлер арасында біздің облыста сыбайлас жемқорлықтың деңгейі жоғары деп баға бергендігін айта келіп, қоғам дертіне айналған бұл індеттің алдын алу – ортақ міндетіміз» деп жазды.Жалпы бұл стратегия мемлекетіміз бен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын қамтуға, жан-жақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенінің әзірленуіне және жүзеге асырылуына, азаматтарымыздың осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Бұл мақсатта аудан әкімдігінің 2019 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың құрамы және Ережесі бекітілді. Ауданымызда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына арналған 2018- 2020 жылдарға іс-шаралар жоспары бекітілген. Мониторингтік топ қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыруға ықпал жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, азаматтардың ауызша және жазбаша да өтініштерін қарап, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтайды. Сонымен қатар атқарушы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың осы мәселе бойынша есептерін жан-жақты зерттеп, талдап баға беру және де басшылардың ақпараттарын тыңдап, зерделеп консультативтік кеңес беріп және осы жоспарды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Өткен жылы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2018 жылғы мониторингтік топтың ұсыныстарының орындалуы туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуының орындалу барысына аудандық білім бөлімінде және мектептер мен бала бақшаларда мониторинг жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді. Жиынға білім бөлімінің басшысы, жауапты мамандары, мектеп директорлары мен құқықтық тәрбие және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі мекемелер басшылары қатысты. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуының орындалу барысы туралы аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Самылтыров баяндама жасады. Семинар-кеңесте Ә.Бөкейханов атындағы негізгі орта мектептің директоры Н.Шулакова, Ю.Гагарин атындағы мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Оңалбекова, «Айгөлек» балалар бақшасының меңгерушісі А.Шегебаева ұжымдарында атқарылған іс-шаралар мен жұмыстарды айта келіп, өз ойларымен бөлісті. Мониторингтік топ төрағасының орынбасары Қ.Қойшыманов, топ мүшесі, М.Ержанұлы тексеру барысында анықталған кейбір кемшіліктерді атап көрсетті және келешекте кемшіліктерді болдырмау туралы кеңестер берді. Бұл стратегияның кейбір талаптарын айта кетсек. Азаматтарымыздың құқықтық мәдениетін арттыру, жемқорлықты болдырмау құралдарының барлық арсеналын пайдалану баршамыздың басты міндеттеріміз болуы керек. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану адам факторының ықпалын азайтады. Нәтижесінде халыққа көрсетілетін қызметтер көлемі өседі. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саланың базалық салаларында қызметтерді электрондық түрде көрсету сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді. Жемқорлыққа төзбеушілік әр адамның азаматтық ұстанымына, адалдық пен сатылмаушылық мінез–құлық нормасына айналуы тиіс деп белгіленген. Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды екендігіне ерекше мән берілген. Сондықтан осы бағыттарда нақты жұмыстарды бүкіл қоғам болып бірлесе атқаруымыз керек.
С. Өтегенов,
Т.Рысқұлов ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топтың төрағасы.