Коронавирусты инфекция – қауіпті жұқпалы ауру

760 Views

Жаңа коронавирус (2019-nCoV) немесе Ухань коронавирусы деп те ата­лады, тыныс алу жолдарының ин­фек­­циясын тудыратын, адамнан адамға берілетіні дәлелденген жұқпалы вирус. Алғаш рет Ухань (Хубэй, Қытай) билігі анықтаған, қазіргі таңда жалғасып жатқан 2019-20 жылғы Уханьдағы жаңа коронавирус індетінің қоздыр­ғышы. Аталған инфекцияның індет ошағы теңіз өнімдері мен жарқанат­пен қоректенетін жыландар арқылы беріледі деген болжам бар.
2019 жылғы желтоқсанның ба­сын­да инфекция алғаш рет Қытай­дың Ухань қаласында адамнан анық­талды. Кейін вирус Қытай құрлы­ғының басқа провинцияларына жә­не Тайланд, Жапония, Тайвань, Оңтүс­тік Корея, Австралия, Франция жә­не Америка Құрама Штаттарына таралды.
2020 жылдың 6 ақпанында­ғы дерекке сәйкес әлем бойынша, Қытайдағы жаңа типтегі корона­вирус салдарынан қайтыс бол­ғандар саны 492-ге және 24433 адам вирус жұқтырғаны белгілі, оның 18 мыңнан аста­­мы Қытай құрлығынан. Аурудың қауіптілігі- ол эпидемия ошағының тез таралуы және арнайы емі болмағандықтан асқыну әсері­нен бүкіл ағзаның жетіспеушілігінен өлім жітімге әкеледі. Дегенмен, күнделікті ізде­­ну себебінен бүгінге дейін барлығы 632 адам ғана сауығып шықты.
Коронавирустың адамнан адамға ауа арқылы, тұрмыстағы заттармен жұғатын­­дығы дәлелденген.
Коронавирус дене қызуы қызбасымен және әлсіздік, дененің, бұлшық еттеердің ау­­руымен, жөтелу, тыныс алудың қиын­­дауы, ентігу секілді белгілердің пайда болуымен басталады. Бұл диагностиканы қиындата­тын басқа патологияларға да тән белгілер. Сон­дай-ақ, бауыр мен бүйрек жұмысының бұ­зы­луы, қатты жөтел, пневмония (өкпенің қабынуы), құсу, жүрек айнуы, диарея да­ми­ды. Аурудың инкубациялық даму кезеңі ор­­та есеппен 2-14 күнді құрайды, 2-күннен 14 күн­ге дейін әлсіздіктің даму жағдайлары­­ның кү­шеюі байқалады. Аурудың осы белгі­ле­ріне қо­сымша науқастың Қытай құрылы­ғына немесе шет мемлекеттерге барғанды­ғы туралы мәлі­меттер диагностикалық тұр­­ғыдан өте маңызды. Егер жоғарыда атал­­ған жағдайлар болған жағдайда ауру­ды ары қарай таратпау мақсатында тез арада дәрігерді үйге шақырту маңызды.
Коронавирустан қалай қорғауға болады?
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019-nCoV коронавирусын жұқтыру қаупін төмендету үшін қажет ұсынымдар жариялады:
• қолды жиі сабынмен не спиртті ерітінділермен жуу;
• жөтелгенде не түшкіргенде ауыз бен мұрынды білекпен не матамен жабу (кейін матаны лақтыра салған жөн);
• жеке қорғаныш құралдарын (маска) пайдалану, оны әр үш сағат сайын ауыстыру ке­рек, әсіресе маусымдық аралықтарда аурушаңдық кезінде;
• дене қызуы бар не жөтелген адаммен қатты жақындаспау;
• инфекцияны тасымалдаушылармен қатынастан бас тарту;
• шикі не толық піспеген жануартекті өнімдерді тұтынбау;
• азық-түліктерді жеткілікті мөлшерде термиялық өңдеуден өткізу (вирус 56 °С температурада өледі);
• эпидемия кезінде адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту;
• эпидемиялық елдерге барудан бас тарту (жақын Шығыс елдері).
Дәл қазір вирусқа қарсы арнайы ем жоқ, алайда бұрыннан бар вирусқа қарсы препараттар негізінде шығарылуы мүмкін. Негізгі ем- симптоматикалық ем. Өкінішке орай, вакцинация әлі қол жетімді емес коронавирустың вакцинасын тек қана әзірлей бастады.

А.Ниязбекова,
аудандық орталық аурухананың эпидемиолог дәрігері.

Поделиться ссылкой: