Педагогтар бас қосты

834 Views

Ау­дан­­дық білім қызмет­кер­лерінің кәсі­по­­дақ ұйымы мен Жамбыл облыс­тық білім және ғылым қыз­­мет­­кер­лері­нің жер­­­гі­лік­­­ті кәсіподағы жуырда Құл­ан мектеп-гимназиясының база­сын­да «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заң­ын тәжірибеде қолданудың өзек­ті мәсе­­ле­­лері» тақырыбында көш­­­­пе­­лі семинар өткізді.
Семинар барысында педагогика­лық қауым­ға жаңа шыққан заң­ның талап­­тары мен ерекшеліктері түсін­діріл­ді. Сонымен қатар, атал­ған заң­­мен қоса бекітілген нор­ма­­тив­­тік құқық­тық құжаттармен жұмыс жүр­гізіл­ді. Екі аусымда жұмыс жаса­ған семинарға аудан бойынша білім беру мекеме­лері­нің басшылары, бухгал­терлер, экономистер, бастауыш кәсі­по­д­ақ ұйымдарының жетекшілері мен кәсіпо­дақ үйір­мелер­інің модера­тор­лары қатысты. Семинарға 213 педа­гог қам­тыл­ды. «Педагог мәртебесі тура­лы» Заңы мен өзге де нормативтік-құқық­тық актілерге енгізілген өз­геріс­тер мен толықтыруларды тәжірибеде қолданудағы өзекті мәселелерімен Кәсіподақ төрағасының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау жұмысы бойынша орынбасары-Бас инспектор Берік Баймағамбетов таныстырса, педагогикалық қауым­ның көпшілігін мазалайтын «Педагог қызметкерлерді ат­тес­тат­тау­да­ғы өзгеріс­тер» туралы Кәсіподақтың Біріккен комитетінің төра­ға­сы, облыстық аттестаттау комиссиясының мүше­сі Жанболат Орынбеков түсіндірді. Кәсіподақтың кадр және құқық­тық сұрақтар бойынша бас маманы Алия Джолшибекова «Білім сала­сы қызметкерлерінің жалақысын есеп­теу­дің тәртібі мен ерекшеліктері» тақыры­бында сөз алып, бірнеше мысал­дар келтір­ді.
Семинар барысында орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңі­не тәлім­гер­лік­ті жүзе­ге асыра­тын педа­гог бекі­ті­ліп бері­ле­тіні айтылды. Соны­мен қат­ар тәлім­гер­лікті жүзеге асыр­ға­ны үшін педа­гог­ке Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның заң­­нама­сын­да бел­гілен­ген тәртіппен қосымша ақы төлене­тіні туралы сөз қозғалды. Жал­пы тәлім­гер­лік бойынша Ереже жоба­сы дайын­дал­ған. Ереже бекітілген­нен кейін жұм­ыс сол Ережеге сәйкес жүр­гізі­ле­тін бола­ды.
Соны­мен қатар, семинар бары­сын­да біл­ім беру ұйымдарының басшылары М.Мейман­ханов, А.Ембердиева, К.Өскенбаев, М.Манғұтов, Ш.Бабашева өз­­дер­ін тол­ған­дырып жүр­­­ген сұрақ­тарын қой­ды.
Мек­теп­ке дейінге мекемелердің басшы­лары мен жекеменшік меке­мелердің басшылары педагог қызмет­кер­лер­ге берілетін еңбек демалы­сы­­ның ұзақ­ты­ғы 56 күн бол­ғанын тілге тиек етті. Сонымен қат­ар, заңда көр­сетіл­ген тәлім­гер­лік үшін қосымша ақы төлеу­ге мек­теп­ке дейін­гі мекемелердің және қосым­ша білім беру мекемелерінің ұстаз­дары қам­тыл­май қалғанын айтты.
Бас­­тау­ыш кәсіподақ ұйымы­ның төра­­ға­­ла­ры Ө.Кәрі­баев­ ­­пен, Ш.Мансұров аталған заңның педагог мәр­­те­бе­сін көтеруге септігі мол болаты­нын айтып, биліктің ұстаздың қызметін бағ­а­­лауы бойынша оң қадам­дары­на қол­дау білдірді.
Семи­­нар соңында семи­нар модера­торлары қатысушылардың сұрақтарына жау­ап берді.

А.Баймұратова,
аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Поделиться ссылкой: