«Жүктелген жауапкершілікті сезінуіміз қажет»

633 Views

Бүгінгі өскелең ұрпақ – біздің бола­шақ байлығымыз. Олай болса, келе­шегімізді қан­ша­лықты қамдап жатыр­мыз? Бала­ларымызға қандай тәлім-тәрбие берудеміз? Олардың ден­сау­лығы, құқықтары мен мүд­делерін өз дәрежесінде қорғай алып отырмыз ба? Дәл осындай сан түрлі сауалдар көп­шілікті толғандырып, біраз ойлан­дыра­тыны айтпаса да белгілі…
Апта басында аудан әкім­дігінің үл­кен мәжіліс залында аудан әкімі Ер­болат Садырқұлов білім бөліміне қарас­ты меке­мелерде қызмет атқа­ратын ұс­таз­дармен кездесіп, жоғарыда атап өткен сұрақтарға жауап іздеп көр­ді. Аудан басшысының ұлағатты ұстаз­дар­мен шұғыл түрде кездесуінің басты се­бебі — ауданда жасөспірімдердің қа­тысуымен жасалған қылмыс саны­ның жиілеп кетуі. Аталмыш кез­десуге ұстаздардан бөлек мәслихат де­путаттары, Қоғам­дық кеңес және ар­дагерлер ұйы­мының мүшелері мен аудандық ішкі істер бөлімінің қыз­мет­керлері қатысты. Күн тәртібінде жоғарыда атап өткен өзекті мәселелер қаралды. Жалпы аудан бойынша 39 білім беретін мектеп бар. Қазіргі таңда онда 14590 оқушы білім алуда. Олардың тәрбиесімен 1004 педагог, 42 тәрбие және құқық жөніндегі орынбасар, 46 психолог, 37 тәлімгер, 840 сынып жетекші айналысуда. Сонымен қатар, аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет ететін 9 инспектор тағы бар.
Шындығын айту керек, осы ма­ман­дардың санына қарамастан соң­ғы кездері мектеп жасындағы жас­өспі­рімдердің қатысуымен орын алған құқықбұзушылық пен тәртіпсіздік фактілерінің орын алуы жиілеп кеткен. Бұл жайында жиында мінберге шығып, сөз сөйлеген білім бө­лімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Самылтыров пен ішкі істер бөлімінің басшысы Қайрат Қапаров мәлімдеді. Қос бірдей бөлім басшылары да орын алған жағдайларды егжей-тегжей тү­сіндіріп, өз баяндамаларында жыл бойы атқарылған жұмыс­тарды жіпке тізді. Әсіресе, бақылауға алынған және әке-шешесінің қарауынсыз қалған балаларға қатысты атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Құқықбұзушылық пен тәр­тіп­­сіз­дік­тің алдын алу үшін іске асырылған жұ­мыстар да жетерлік. Атап айтар болсақ, білім қызметкерлерінің қаты­суымен 4 рет кеңес өткізілген. Одан бөлек, семинар, тренинг, кездесу, сауалнама сипатында 169 іс-шара аудандық көлем­де ұйымдастырылыпты. Со­ны­­мен қатар, жыл басында оқушылардың әлеуметтік төл­құжаты зерделеніп, 943 толық емес және 930 аз қамтылған от­басы анықталған. Осыған бай­ланысты ата-аналармен жұмыс барысы да күшейтіліп, түсіндіру жұмыстары толығымен іске асырылған.
Жиында инспекторлардың саны­ның аздығы, ата-аналардың балала­рына барынша көңіл бөлмеуі, жа­уапты мамандардың өз қызметіне немқұрайлы қа­рауы сынды мәселелер де қа­ралды. Әсіресе, аудан әкімі Ерболат Садырқұлов бала тәр­биесінде ата-ананың рөлі зор екендігін айтып, мектептің іс-шараларына оларды да көп­теп тарту керектігін жеткізді. «Қос бөлімнің баяндамасынан бір­­неше өзекті мәселелерді анық аңға­руға болады. Со­лардың бірі әрі бас­тысы – ата-аналармен жұмыс. Ал­дын алу іс-шараларына оларды да жұмылдыру маңызды. Сонымен қатар, өзімізге жүктелген жа­уап­кершілікті әрқай­сымыз се­зінуіміз қажет. Сонда ғана нақ­ты нәтижелерге қол жет­кізе­тін боламыз. Соңғы орын алған оқи­ға­ларға байланысты аудан көлемінде профилактикалық жұмыстар жүргі­зуіміз керек. Бұл жұмысқа мәслихат депу­таттары, Қоғамдық кеңес пен ардагерлер ұйымының мүшелерін, ұстаздар мен ішкі істер бөлімінің қыз­меткерлерін жұ­мылдыру қажет. Шара бір ай көлемінде жүр­гізілетін болады» деп жиын­ның шешімін мәлімдеді.
Жиын барысында мәсли­хат хатшысы Тұрсынхан Жа­ман­баев, Қоғамдық кеңес және ардагерлер ұйымының Кеңесінің төр­ағалары Пазыл Сүлейменов пен Қожайхан Би­жа­нов та сөз сөйлеп, алдын-алу шара­ларына депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер де белсене қатысатындықтарын жеткізді.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: