Қазақ жастарының ғылыми көкжиегін кеңейтетін ҚазҰУ

596 Views

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениет­тің түрлі салалары үшін жоғары білім­ді мамандар, ғылыми және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыс­тарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салалар­да еңбек ететін мамандардың білік­тілі­гін жетілдіретін оқу орындары бо­лып табылады.
Алматы қаласында 1934 жылы негі­зі қаланған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – қазіргі таңда ең үздік университеттің бірі болып табылады. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кан­дидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың ака­демиктері, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қай­раткерлері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атау­лы сыйлығының лауреаттары, сон­дай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 47 мемлекеттік ғылы­ми стипендиялардың стипендиант­тары еңбек етеді. Университетте кәсіби білім беру көпсатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магис­трант білім алуда.
Университет теңгерімінде: 14 оқу ғимараты, 16 студенттік жатақхана, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ғылыми кітапхана, тамақта­ну комбинаты, интернет орталығы, спорткомплекс және стадион, «Керемет» студенттерге қызмет көр­сету орталығы, спорттық-сауықтыру лагері бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім са­ла­сындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Бұл университет төңірегінде көптеген атақты түлектер, атап айт­қанда: Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Қадыр Мырза Әлі,Тұманбай Молдағалиев, Олжас Сүлейменов сынды тұлғалар білім алған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті – бірінші болып мем­ле­кеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоға­ры оқу орындар жүйесінің көшбас­шысы болып табылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көш­басшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республи­касы Президентінің «Сапа саласын­дағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет – Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық универ­си­теттер Ассоциациясының ұйым­дастырушысы. Орталық Азия мем­лекеттері мен Қазақстан ЖОО-лары арасында тұңғыш болып Болон қа­ласында Университеттердің Ұлы Хар­тиясына қол қойды, ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талабы негі­зінде сапа мененджмент жүйесіне сай (СМЖ) халықаралық сертификаттау­дан жемісті өтті және IQNET Халықара­лық сертификаттау жүйесі сынды ең ірі әлемдік сертификаттау орталығының куәлігін иеленді. Тәжірибе жүргізу мен білімгерлермен алмасуда және зама­науи халықаралық білім бағдарлама­ларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орны­мен ынтымақтастық орнатты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті — Қазақстанның бола­ша­ғын нақты дайындап жатқан универ­ситеттің бірі деп нық сеніммен айтуға болады, себебі университет түлектері­нің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрайды және еліміздің да­му бағытының қалыптасуына атса­лысады. Бұл – Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің маңызды нәтижесі, және ол университеттің мақтанышы, болашақ­қа деген сенімді күшейтеді.

Қ.Акимбаева,
«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы.

Поделиться ссылкой: