Ақын жыраулар мұрасындағы имани-рухани негіздер

934 Views

Ақын жыраулардың мұрасындағы діни этикалық ұғымдар мұсылмандық ахлақ ықпалымен қалыптасқан. Олардың шығармаларында адамара­лық қарым қатынастарды реттеуші құндылықтар жүйесі ислам әдебімен және ұлттық дәстүрмен үйлесімді үндеседі. Ақын жыраулар ұлықтағаан Отанға және халыққа деген сүйіс­пеншілік, ар-намыс, ата- ананы құрмет­теу, әділдік, сабырлылық, тақуалық, қанағатшылдық ата-баба дәстүрін құрметтеу, сауаттылық, имандылық, ауызбіршілік, тектілік сынды құнды­лық­тар, адам мен қоғам өмірінің ізгілен­дірудің негізі ретінде көрінеді.
Қазақ халқының дербес әдебиеті­нің алғашқы өкілдері, кезінде Дешті-Қыпшаққа даңқы шыққан Асан қайғы. Қазіргі ұрпақ әулие танып, аңыз кейіпкеріне айналған. Асан қайғы өз заманының ойшылы Керей хан мен Жәнібек ханның ақылшы биі болған. Асан қазақ руларының бастары бірігіп, орда көтеруін жақтайды. Шу, Сарысу бойына орналасқан соң ел іргесі берік, ауыз бірлігі мықты болу­ын үндейді. Ол өз өлеңдерінде қазақ хал­­қын имандылыққа, қазақ халқының хан­дық үкіметін нығайтуға және елдің қор­ғаныс қабілетін арттыру қажеттігін наси­хаттайды.
Жоңғар басқыншылығы кезінде Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара жырау­лар имани- рухани негізінде өз толғау­ларында жау қолында қалған жерлерді азат етер күнді аңсап, бүкіл қазақ халқы бір АЛЛАҒА сиынып атқа қонуды жоңғарларға тұтқиылдан соққы беруді армандап, жұртшылықты ерлікке, жауға тайсалмай соққы жасап шабуылға шығуға үндеп жігерлендіреді.
XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі Бұқар жырау Абылай ханның саясатын қолдап, өз шығармаларында Абылайды сырт жауларына қарсы күресте айрықша қайрат көрсеткен қайтпас батыр, ел қамын жеген көсем көреген ретінде бейнелейді.
Жомарттығын хатымтай жомарттан өткерген,
Күнде мехман күзетіп,
Кесекілеп ет берген,
Имандының ісіне қарап бет берген,
Бір құдайдың дидарын,
Сен көрмесең кім көрер,
Табандасқан дұшпанға
Күнінде қылыш шауып өткерген. -деп, Абылай ханның үш жүздің басын біріктіріп жоңғарларды қазақ жерінен тықсыра қуып қазақ елін азат еткен Ұлы көсем ретінде бағалайды, әрі жанында ақылшы кеңесші есебінде өзінің жыр толғауларымен үлес қосады.
Көрнекті ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин өз өлеңдерінде
Бір АЛЛА-ға сыйынып ,
Кел балалар оқылық – деп ел-жұртты имандылыққа, оқу білімге шақырады және мына өлеңінде:
Иманды ер құдайынан ұялады,
Ұялып иесінен сый алады.
Ренжітпе пенде болсаң бейшараны,
Кәріп көңілі бір сыңғақ пиялады,- деп, озбырлыққа, зұлымдыққа қарсы ниет білдіріп бүкіл қазақ жұртын имандылыққа баулиды.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз өлеңінде:
Жаратқан бір құдайға жетер дәтім,
Зарлаған ұзақ түндер мінәжәтім.
Бітпесе бір мұратым, кетсін, барсын,
Ғаламға дастан болған бұлбұл атым,- деп, Отанымыздың, еліміздің өркендеп, көркеюіне әрі әр түрлі обалардан ел-жұртымызды аман сақтауын мінәжат қылып өткендігінің арқасында кейінгі ұрпақтар, ақын жырауларды үлгі тұтып, әулие санап оларды әрқашан құрметтеп өтеді.
Осы кезеңнің дарынды тума ойшылы Махмұд Қашқари өз кезегінде былай деп жырлаған:
АЛЛА соққан бұ ғалам,
Шыр айналып дөңгелер .
Жұлдыздары жыпырлап,
Күнді аударып, түн келер.
Бір иемді мақтаймын,
Білім жинап, сақтаймын,
Жақсылықты жақтаймын,
Бар көңілімді бағыштап, -деп, кең байтақ қазақ ел-жұртын имандылыққа шақырып, оқу білімнің көпшілікке пайдасы зор екенін дәлелдейді.
Қазіргі заманның ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. -деп, ана тілге мән берген, қандай мемлекет болмасын өз ана тілін құрметтеп үлкен жетістікке жетуге болатынын және қазақ халқы дүние жүзі халықтары арасында өз тілін мақтаныш тұтып алға ғарыштап дами беретінін меңзеген. Ақын жыраулардың руханиятында ел мүдесінің болашақ тағдыры тұрғысында көтерілген идеялар мен ата мекеннің аға ұрпақ буынның рухани бейнесін тарихи тұрғыда анықтап отыратыны шындық. Сонымен қатар ақын жыраулар зиялы адам бейнесі ретінде көз алдымызға келіп отырады.

А.Байғожаев,
Ақбұлақ ауылдық округінің бас маманы, діни ақпараттық топтың жетекшісі.

Поделиться ссылкой: