ТӘЖІРИБЕДЕН шыққан НӘТИЖЕ

576 Views

Қауіпті індет күн санап өршіп ке­ле­ді. Әлеуметтік желіні ақтарсаң, «COVID – 19» жұқтырғандар санының артқандығын байқайсың. Аты жаман ауруды жұқтырып алмаудың ең оңтайлы әдісі – оқшау­лану. Яғни, өз отбасыңызбен бірге болып, адам көп шоғырланған жер­лерге барма­­ғаныңыз абзал. Осы бағытты ұстанған тұрғындар сөредегі азық-түлік­тің жет­кілікті болуына қарамастан, жаппай сатып алып жатыр. Өкінішке орай, бұл жағдай сол базардағы азық-түлік бағасының негіз­сіз өсуіне сеп болғандай. Бұл республика көлемінде орын алып отырған өзек­ті мәселелердің бірі. Осы жағдайды болдырмау мақ­са­тында жергілікті жер­­лерде арнайы мони­торингтік талдау жүргізетін топ­тар құрылған. Жуырда біз сондай топтардың бірі­мен сауда орталықтарын аралауды жөн көрдік.

Құрамында аудан әкімдігінің бөлім бас­­шылары мен мамандары, Қоғамдық кеңес мүшелері, жеке кәсіпкерлерден құралған топ ең алдымен базар ма­ңында орналасқан «Эконом» шағын мар­кетіне бас сұқты. Сөрелердегі ба­ға­­ларды салыстырып, халық көп тұты­­натын тауарларға аса қатты мән бер­ді. Тексеру барысында Қоғамдық кеңестің мү­шесі Әбдіқадір Оңалбеков тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар түсіп жат­қандығын мәлімдеді. Әбдіқадір Сәр­мешұлының айтуынша, сауда орта­лықтары сөреге басқа бағаны іліп, касса­лық аппараттан сол тауар мүлдем басқа бағамен саудаланып жатқандығын айтты. Қоғамдық кеңес мүшесі осыған байланысты шағын тәжірибе жасап көруді ұсынды. Тәжірибе жасау бары­сында топ мүшелерінің бірі Ертіс Тұғыл­шиев халық көп тұтынатын тауар­ларды сатып алып, кассадан өтті. Нәти­жесінде кейбір тауардың бағасында айтарлықтай айырмашылық байқалды. Мә­селен, «Мадина» макарон өнімі дәл осы сауда орталығында төтенше жағдай жа­­рияланғанның алғашқы күндерінде 225 теңгеден саудаланған. Ал, сөредегі қа­­зіргі бағасы (сатушының айтуынша) — 245 теңге. Бірақ, Ертіс Тұғылшиевтің қо­лын­дағы чекте аталмыш өнімнің ба­ғасы 260 теңге деп көрсетілді. Осы­лай­ша шағын тәжірибеден нәти­же шы­­ғарған топ мүшелері сауда ор­талы­ғы­­ның қызметкерлеріне бағаны не­гіз­­­сіз көтермеу керектігін ескертіп, дәл осын­дай жағдайдың екінші рет қай­­талан­байтындығына сенім білдірді. Ал, сауда орталық қызметкерлері орын ал­ған олқылықты дереу ретке келтіре­тіндіктерін жеткізді.
Мониторингтік топ мүшелері базар­дағы өзге де нысандарды аралады. Со­лар­дың бірі – «Аяжан» сауда орта­лығы. Атал­мыш орталыққа да тәжірибе жа­сал­ды. Бірақ, онда сөре мен кассадағы баға­ның айырмашылығы байқалмады. Дегенмен, аты аталған сауда орта­лы­ғын­дағы баға өзге дүкендерге қарағанда әлде­қайда қымбат екені анықталды. Сау­да орталығының қызметкерлеріне ес­керту жасалынып, ұсыныстар берілді.
Р/S: Жалпы дәл осындай жағ­дай­лар соңғы кездері көбейіп келеді. Ел ба­сына күн туған сәттерде өз пай­­да­сын ойлаған пысқайлар меди­цина­лық заттар мен азық-түлік баға­сын не­гізсіз қымбаттатуда. Біз соңғы кез­дері ел Президентінің кәсіпкерлерге көп­теген қолдау көрсетіп жатқанын ес­­керіп, сауда-саттыққа қатысы бар бар­лық жандарды халық жағ­дайы­мен санасуға шақырамыз.

Ж.Базылбеков.

Поделиться ссылкой: