Сенбілік жұмыстарына қатысты
27 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан туған көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл бабаларымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі – күллі әлемге танымал, екінші ұстаз» — Әбу Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Түркістан облысының территориясында. Деректерде сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның өлеңдерінен үзінділер де сақталған. Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп кездеседі. Әбу-Насыр – Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Отырар қаласының халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философия болып келеді. Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Әл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлыы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те атайды. Фарабидің қолжазбалары дүниежүзінің көп кітапханаларына тарап кеткен және сол жерлерде сақтаулы тұр. Сол сияқты көптеген ғалымдар Фарабидің асыл мұраларын зерттеп, оқып үйренуде. Фарабидің көп шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде басып шығаруда отандық ғалымдарымыз да, өз үлестерін қосуда. Биыл Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдық мерейлі тойын біздің ауданымызда да атап өту басталып кетті. Осы іс-шараға бәріміз белсене атсалысайық, ағайын.
М.ИСАБЕКОВ,
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі директорының тәрбие директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі.