Нағыз өміршең Жолдау

480 Views

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты ел халқына арнаған Жолдауы елдің бұдан әрі өркендеуінің негізгі бағыттарын айқындап берді. Жолдауда жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес туралы да анық айтылған. «Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын корғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік» дейді Мемлекет басшысы. Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет әлеуметтік — экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу».
Сонымен бірге мұғалімдерге, дәрігерлерге жасалатын әлеуметтік қолдауды арттыру. Отандық формацияны дамытуға, жергілікті әкімшіліктердің бюджетін көбейту, жемқорлықпен күреске бағытталған ұсыныстар, жергілікті учаскелік инспектордың статусын көтеру, қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыру, барлығы халыққа жасалған қамқорлық деп есептеуге болады.
«Бүгінгі Жолдауымда мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым, оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты» деді Президент.
Осы аталған шаралардың бәрі қазақтандықтардың өмір сүру деңгейінің артуына кепіл болары сөзсіз.

Б.Мұхтарова,
«Қазақстан Заңгерлік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының мүшесі, аудандық әділет басқармасының бас маманы.

Поделиться ссылкой: