Ауылдарда инженерлік желілер тартылып, жөндеуден өтуде

428 Views

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Құ­лан ауылында өткен кезекті кез­десуде Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының әкімдері Ерболат Садырқұлов пен Мейір­хан Өмірбековтің есептерін тыңдады.
Аймақ басшысы бұған дейін аудан әкімдерінің есептерін тың­даған болатын. Осы уақыт ішінде белгілі бір жұмыс алгоритмі жол­ға қойылды. Спикерлер аймақтардағы қоғамдық-саяси ахуал, әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндады. Негізгі мақ­сат – жүйелік мәселелерді анық­тау және басым міндеттерді белгілеу.
Кездесуге облыс прокуроры Нұр­ғалым Әбдіров, ҰҚК де­пар­­таментінің бастығы Ма­рат Ирменов, полиция депар­та­­ментінің бастығы Жанат Сү­лейменов қатысты.
Жалпы, аудандарда эконо­ми­каның барлық базалық сала­ларында оң динамика байқалады.
Ағымдағы жылы Меркі ауда­нында құны 6,1 миллиард тең­гені құрайтын 108 әлеуметтік маңызы бар жоба, Т.Рысқұлов ауданында құны 5,9 миллиард теңгені құрайтын 89 жоба жүзеге асырылуда.
— Бұл жобалардың бар­лы­ғының түпкі мақсаты – ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыссыздықты жою. Бірақ бөлінген қаржы желге ұшпауы үшін әкімдер өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауы тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.
Тіршілікті қамтамасыз ете­тін инженерлік желілер салы­нып, жөнделуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін Меркі ауда­нында елді мекендерді орта­лықтандырылған сумен жаб­дықтау көрсеткіші 84 пайызға, Т.Рысқұлов ауданында 69 пайызға жетеді деп күтілуде. Сон­дай-ақ, газдандыру деңгейі сәйкесінше 86,6 және 57,1 пайыз­ды құрамақ.
Меркі ауданында 139, Т.Рыс­құлов ауданында 174 көше жөн­деуден өтуде. Нәтижесінде ауылішілік жолдардың қана­ғат­танарлық және жақсы жағ­дайдағы үлесін тиісінше 90 және 98 пайызға жеткізу жос­парлануда.
— Егер су құбырларын тар­туда қиындықтар туындаса, ұңғымаларды пайдалануға болады. Ең бастысы, тұрғындар таза ауыз суға қол жеткізуі ке­рек, — деді облыс әкімі.
— «Еңбек» бағдарламасын жү­зеге асыру нәтижелері көңіл көншітпейді. Аудандарда ха­лықты жұмыспен қамтудың бел­сенді шараларына тарту, тұ­рақты жұмыс орындарын құру, грант­тар мен микрокредиттер беру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатқан жоқ. Аз уақыт­та барлық кеткен кемшіліктер жойылуы тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.
Әкімдерге өндірістік әлеуетті пай­­далану туралы да тапсырма бе­­­рілді. Егер кәсіпорындар өзі­нің қуаттылығын арттыру бо­й­­ын­­­­ша жұмыстар жүргізетін бол­­­­са, онда тиісінше жаңа жұ­мыс орындары ашылатын еді.
«Бизнестің әлеуметтік жауап­кер­шілігі туралы да назардан шы­ғармау керек», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Аймақ басшысы жастар тәр­биесіне қатысты мәселелерге де жан-жақты тоқталды. Ол ата-аналар комитеттерінің, қо­ғамдық ұйымдардың және арда­герлер кеңесінің үйлесімді жұмы­сының маңыздылығын атап өтті.
Білім саласында кемшіліктер бар. Тұрар Рысқұлов ауда­нындағы 3 мектептің күрделі жөн­деуі аяқталмаған. Мер­кідегі 21 білім ошағында дәрет­ханаларды ішке көшіруге қа­тысты жұмыс бітпеді. Дәс­түрлі түрде білім алатын оқу­шы­лардың үлесін көбейту жөніндегі мәселенің беті әлі ашық.
— Баланың бар зейіні сабақта бо­луы керек. Бүлдіршіннің мек­тепке барып оқуы керектігін ата-ана түсінгені жөн,- дейді өңір басшысы.
Мектептерді көгілдір отын­мен қамтуға қатысты да тап­сырмалар берілді.
— Кей жерлерде ауылда газ бар да, білім ошағында жоқ. Әлеуметтік нысандар көгілдір отын­мен бірінші кезекте қам­тылуы керек, — деп Бердібек Сапар­баев қадап айтты.
Отырыс барысында сондай-ақ ақпараттық-насихат, идео­логиялық іс-шаралар мен ұлтара­лық түсіністік мәселелері де тал­қыға түсті. Аймақтағы қыл­мыс­тық ахуал да назардан тыс қалмады.
Бердібек Сапарбаев ауылдағы ме­шіттердің барлығында имам бо­луы керек деп тапсырды. Тек осылай ғана жат ағымдардан аман боламыз дейді.
— Коронавирустың екінші тол­қынына дайын болуымыз керек. Денсаулық сақтау мекемелері кез келген сценарийге дайын бо­луы тиіс,- деп түйіндеді облыс әкімі.
Жиын соңында аудан әкім­деріне барлық өзекті мәселе­лердің тізімін нақтылап, оған қатысты қолданылар шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: