Ағаш көшеттері отырғызылды
64 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Дүние жүзі бойынша «COVID-19» жұқтырғандардың саны 7,5 миллионға жуықтады. Оның ішінде шамамен 3,8 миллион адам аурудан айығып шықса, 419 020 адам қайтыс болды. Шамамен 3,3 миллион адам әлі де ем алып жатыр. Коранавирус пандемиясына байланысты түрлі болжам айтылады. Көптеген сарапшылар коронавирустың екінші толқыны болатынын айтып, дабыл қақты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарына сенсек, «COVID-19»-дың екінші толқыны болатыны сөзсіз. Қазақстан инфекцияның екінші толқынына дайындықты күшейтті. Өйткені әлемнің бірқатар елінде вирус қайтадан күш алып жатыр. Қазір Қазақстанда коронавирустың тәуліктік өсімі 0,1 пайыз. Бұл — көрші елдермен салыстырғанда анағұрлым төмен. Айталық, ТМД елдерінде өсім 0,5 пайыз. Дегенмен алда қауіпті кезең келе жатыр. «Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтауы керек. Ол тек бізде емес, ешбір елде жойылмады. Мамандар індеттің екінші кезеңі Қазақстандағы тұмау эпидемиясымен тұспа-тұс келуі мүмкін екенін жеткізді. Аурудың екінші толқыны күздің екінші жартысында келуі мүмкін.Олардың пікірінше, тұмауға қарсы вакцинаны мүмкіндігінше көп адам алуы тиіс, бұл өте маңызды. Сол себепті, дайындық ширай түсті, аудандық ауруханада 200 төсек орындары жабдықталып жатыр, дәрі- дәрмек қоры дайындалуда. Аудан емдеу мекемелерінде 12 мобильді топ жасақталған.
Індеттің екінші кезеңінің алдын алу мақсатында ең алдымен өзіміздің аман-саулығымызға өзіміз жауапты болуымыз керек.
Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін келесі алдын алу шараларын ұстануыңызды сұраймыз:
-вирустық аурулар белгілері бар адамдармен қарым-қатынаста болмау (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі);
-дене қызуын күніне 2 рет мүмкіндігінше өлшеу қажет;
-тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;
-тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезінде дезинфекциялау заттарды (құрамында хлор бар заттар, 70% спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет;
-жеке гигиенаны сақтау (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т. б.);
-қолды сабынмен жуу (әжетханаға барған, қол алысқаннан, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ, тамақ дайындаудан бұрын);
-қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын және ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді;
-адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан және көшеден қайтқаннан кейін мұрын мен ауыз қуысын (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісімен шаю;
-жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немесе дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет, содан кейін залалсыздандыру қажет;
-қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдар мен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болған жағдайда кемінде бір метр қашықтықта дистанцияны сақтау;
-міндетті түрде қоғамдық жерлерде бетперде — маска тағып жүру;
-отбасылық іс-шараларға қатысуға, той, көңіл айту және т.б. іс-шараларға мүмкіндігінше қатыспау;
-тұмау инфекциясына қарсы екпені (вакцинация) міндетті түрде салдыру;
-Жедел респираторлы вирусты инфекция немесе тұмау белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т. б.) үйде қалу немесе өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет;
Коронавирустық инфекция бойынша қосымша кеңесті call – орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып, кеңес алуға болады. Толық кеңес алу үшін немесе сұрақтарыңыз болған жағдайда аудандық емхананың 2-15-93, 2-22-56 телефондарына хабарласыңыздар! Әлеуметтік желілердегі алуан түрлі жалған мәліметтерге сенуге және оны ары қарай таратуға жол бермеңіздер!
Аудан тұрғындарын сабырлық сақтап, барлық алдын алу шараларын міндетті түрде орындап, өз-өздерін, балаларын, туыстарын аталған сақтық шараларын сақтауға шақырамыз! Сақ болыңыз!
Т.Рысқұлов аудандық
орталық ауруханасы.