Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

554 Views

Мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет дегеніміз — көрсетілетін қызметті алу­шылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын жә­не олардың құқықтарын, бостандық­та­ры мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мем­лекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәу­­­лет, қала құрылысы және құры­лыс бө­лімі мемлекеттік қызметтерді көр­сету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделе­­­рін сақтауды қамтамасыз ету белгіле­рі­нің бірі болып әкімшілік кедергілер­ді азайту, халыққа мемлекеттік қыз­меттерді көрсету тиімділігін арт­тыру және мемлекеттік қызметтерді сапа­лы көрсетуді көздейді. Мемлекеттік қызметтің қоғам өмірін­де айрықша көзқарасқа ие екендігі белгілі. Сондықтан Т.Рысқұлов ау­даны әкімдігінің сәулет, қала құры­лысы және құрылыс бөлімі көрсете­тін мемлекеттік қызмет түрлерін өздеріңіздің назарларыңызға жа­риялауды жөн санадық.
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын ай­қындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Жылжымайтын мүлік объек­ті­­лерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу («Мекен- жай тіркелімі» ақпараттық жүйе­сін­де ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мем­лекеттік корпорацияға өтініш біл­діреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ны­саны: электрондық (ішінара авто­мат­тандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі стандарттың 1-қосымша­сы­на сәйкес, нысан бойынша мекен­жай­дың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объек­тілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анық­тама беру, жылжымайтын мү­лік объектілерінің мекенжайын (тари­­хы­мен) нақтылау бойынша анық­тама беру, жылжымайтын мүлік объек­ті­ле­рінің мекенжай беру туралы анық­та­ма беру, жылжымайтын мүлік объек­тілерінің жою туралы анықтама беру болып табылады.
Стандарттың 10-тармағында көз­делген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы мем­лекеттік қызметті көрсету нәти­же­сін қағаз түрінде алуға өтініш біл­дір­ген кезде, мемлекеттік қызметті көр­сету нәтижесі электрондық түрде рәсімделеді, басып шығарылады.
Әрбір рәсімнің (іс-қимыл­дың) ұзақтығын көрсете отырып, құ­ры­лымдық бөлімшелер (қызмет­кер­лер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипат­тамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші­нің кеңсесі құжаттар топ­тамасын қа­былдауды, олардың тіркелуін жә­не берілетін құжаттар тізілімінде құ­жаттарды алғаны туралы белгіні қой­ғаннан кейін көрсетілетін қыз­мет­ті берушінің басшысына құжат­­тар топтамасын бұрыштама қою үшін береді.
2) көрсетілетін қызметті бе­ру­­­­ші­нің басшысы құжаттар топта­ма­сымен танысады және оны тиіс­ті бұрыштамасымен көрсетіле­тін қыз­метті берушінің жауапты орын­дау­шысына жолдайды.
3) көрсетілетін қызметті беруші­нің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жоба­сын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдау үшін береді.
4) көрсетілетін қызметті беру­ші­нің кеңсесі мемлекеттік қызмет көр­сету­дің нәтижесін Мемлекеттік кор­по­рацияға жолдайды.
«Құрылыс және реконструк­ция (қайта жоспарлау, қайта жабдық­тау) жобаларын әзірлеу кезінде ма­териал­дарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Құжаттарды қабылдау және мем­лекеттік қызметті көрсету нәтиже­ле­рін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Техникалық және (немесе) тех­нологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өті­нішті қарау мерзімі:
— сәулет-жоспарлау тапсырма­сын және техникалық шарттарды беруге – 6 (алты) жұмыс күні;
— бастапқы материалдарды (СЖТ, ТШ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспар­лау белгілері, жолдар мен көшелер­дің көлденең қималары, сыртқы ин­женерлік желілер трассаларының схемалары) алуға – 15 (он бес) жұмыс күні.
Техникалық және технология­лық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
— СЖТ және ТШ беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;
— бастапқы материалдарды (СЖТ, ТШ, ЕТЖЖ-ның көшірмесі, тік жос­парлау белгілері, жолдар мен көше­лердің көлденең қима­ла­ры, сырт­қы инженерлік желілер трас­саларының схемалары) алуға – 17 (он жеті) жұмыс күні.
«Тіреу және қоршау конструк­цияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қол­даныстағы ғимараттардағы үй-жай­­ларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жос­парлауға, қайта жабдықтауға) ше­шім беру» мемлекеттік көрсетіле­тін қызметі
Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлікте­рін) реконструкциялауға (қайта жос­парлауға, қайта жабдықтауға) бас­тапқы материалдарды алуға өті­ніш­ті қа­рау мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.
— Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұ­мыс күні.
— Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құ­жаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
— Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтама­сын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзім­де өтінішті одан әрі қараудан уәжді түр­де бас тартады.
Қызмет көрсету жөнінде ақпара­ты қызмет берушінің http:// uag.zhambyl.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Құжаттарды қабылдау және мем­лекеттік қызметті көрсету нәти­же­лерін беру «Азаматтарға ар­налған үкімет» мемлекеттік корпо­рация­сы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асы­рылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету ны­саны қағаз түрінде көрсетіледі. Көр­сетілетін қызметті алушыға арналған стан­дарттың 9-тармағында көрсетіл­­ген қажетті құжаттар тізбесі бар стан­дарт қосымшасына сәйкес, өтініші мем­лекеттік қызмет көрсету бойынша рә­сімді бастауға негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету про­цесінің құрамына кіретін әрбір рә­сім­нің мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алу­шы Мемлекеттік корпорацияға стан­дарт­тың 9-тармағына сәйкес құ­жат­тарды ұсынады, ал Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетіле­тін қызметті алушының жеке ба­сын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, құжат­тар туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мем­лекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті бе­рушіге ұсыну үшін қағаз түрінде ба­сып шығарады, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді немесе көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көздел­ген тізбеге сәйкес, құжаттардың то­лық топтамасын ұсынбаған жағдай­да стандарттың 2-қосымшасына сәй­кес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алу­шы ұсынған құжаттарды көр­сеті­ле­тін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды.
3) көрсетілетін қызметті беруші кең­сесінің қызметкері өтінішті түс­кен күні 15 (он бес) минуттың ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
4) көрсетілетін қызметті беруші­нің басшысы өтініш келіп түскен кү­ні бұрыштама қоя отырып, жауапты орындаушыға 15 (он бес) минуттың ішінде орындау үшін жолдайды;
5) жауапты орындаушы келіп түс­кен өтінішті қарастырады және тех­­ни­ка­лық және технологиялық жағы­­нан күр­делі емес объектілердің эскиздік жо­балары бойынша 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде, тиісті консультативтік-кеңес­ші орган қарап, көрсетілетін қыз­­метті берушімен келісімдейтін тех­ни­калық және технологиялық жа­ғы­нан күрделі объектілердің эскиздік жоба­лары бойынша 13 (он үш) жұмыс күні ішінде, қолданыстағы объектінің сыртқы келбетін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде, мерзімі 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, мемлекет­тік көрсетілетін қызметтің нәтиже­сін дайындайды, көрсетілетін қызмет­ті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті беруші­нің басшысы мемлекеттік көрсетіле­тін қызметтің нәтижесіне қол қоя­ды және қол қойылған күні 15 (он бес) ми­нуттың ішінде кеңсеге жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекет­тік көрсетілетін қызметтің нәтиже­сін тір­кейді, деректер базасына енгізу­ді жүргізеді және Мемлекеттік кор­по­ра­цияға жолдайды. Орындау ұзақ­тығы – 15 (он бес) минут.
8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орын­­­дауды бастауға негіздеме бола­тын мем­­лекеттік қызмет көрсету рәсімі­­нің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) басшының бұрыштамасы;
3) мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттің дайын нәтижесі;
4) көрсетілетін қызметтің қол қойылған нәтижесі;
5) көрсетілетін қызметтің нәти­жесін Мемлекеттік корпорацияға жі­беру.

Қ.Әбдірахманов,
аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі.

Поделиться ссылкой: