Егінді экспорттау үшін сертификаттар қажет

465 Views

Қазақстан Республикасының барлық аумағындағыдай біздің ауданда да егістікті зақымдайтын карантиндік арамшөп қызғылт у кекіре, көп жылдық атпа тамырлы арамшөп күшті тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Тұқымдары тамыр өскіндер және тамыр сабақтар арқылы көбейеді.
Көптеген көп жыл­дық өсім­дік­тердегі­дей у кекіренің тұқым­­дарының көбеюінде бағынушылық мәні бар, бірақ карантиндік көзқараспен қараған­да түқымдар арқылы көбею маңыздырақ. Үш мыңға жуық дән береді, толық піскен түқымы топырақта өнгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды. Тік тамырлары 10 метр тереңдікке дейін енеді, қызғылт у кекіре арам шөбі көбіне бидай, арпа, бақша, мақсары, қант қызылшасы, жоңышқа және көкөніс дақылдарын зақымдайды. Әсіресе бидай, арпа, мақсары өнімдерінің арасында у кекіре дәні көп кездеседі. У кекіре карантиндік нысан болғандықтан, арасында бір дәні табылғанның өзінде у кекіремен залалданған болып есептеліп, тазаламай тұқымдыққа қолдануға, басқа жерлерге тасымалдауға тыйым салынады.
Біздің аудандық аумақ­­тық инс­пекция­сына өсімдік өнімдерін шетел­дер­ге шығару үшін және Қазақстанның басқа облыстарына тасымалдауға фитосанитариялық және карантиндік сертификат­тар алу үшін өтінімдер келіп түседі. Өтінім бойынша тексеру барысында у кекіре дәні анықталған жағдайда ол тауарға сертификат берілмейді. Нұсқама беріп, қайта тазалауын ұсынамыз. Аудан тауар өндірушілері у кекірені жою үшін көптеген жүмыстар атқаруда. Әсіресе «Шалқар» шаруа қожалығы, «Ақтоған» шаруа қожалығы, «Қайнар-Агро» ЖШС-і және т.б. үлкен шаруашылықтар тұқымдарын тазалап, егістік жерлерін парға қалдырып, химиялық және агротехникалық өңдеулер арқылы, у кекіреден таза өнімдер алу үшін көптеген жұмыстар атқаруда. Сондай үлкен еңбектің арқасында у кекіремен залалданған егістік жерлер жылдан жылға азайып келеді.

М.Мешітбаев,
аудандық аумақтық инспекциясының Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

Поделиться ссылкой: