Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Соңғы жылдары ауданымызда балаларына жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық екпе салдырмай, одан бас тартып жүрген ата-аналар қатары жиілеп кетті. Зерттеп қарасақ, балаларына екпе салдырудан бас тартып отырған ата-аналар көбіне жастар. Алайда олардың өздері уақытылы профилактикалық екпелерін алған. Олай дейтін себебіміз, осыдан 30-40 жыл бұрын олардың ата-аналарына қызылша мен дифтерия ауруларының қорқынышты екендігін түсіндіру қажет болған жоқ. Аталған жұқпалы аурулардан балалар өлімінің себептері өте көп болған. 1980 жылдары дүниежүзі бойынша шешек (оспа) ауруы мүлде жойылды, оған себеп – екпе. Осындай аурулардан қорғанудың басты жолы 95-100 пайыз алдын ала екпемен қамту екені дәлелденген. Сондықтан, елімізде бұл жағдай дұрыс жолға қойылған.
Жалпы екпе салғаннан кейін ағзада сол ауруға қарсы арнайы антиденелер пайда болады. Қорғану антиденелерінің нәтижесінен баланың дене қызуы көтеріліп, ине салған жері қызаруы мүмкін. Бала мазасызданып жатады. Бұл алғашқы күндері ғана болады. Сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ.
Қазақстанда профилактикалық екпе егудің ұлттық күнтізбесі бойынша 11 жұқпалы аурудың түріне қарсы екпе тегін жүргізіледі. Біздің елге келетін екпенің барлығы да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатымен, рұқсаттарымен келеді. Әрбір келген вакцинаны бірнеше айдан бастап, бірнеше жылдар бойы зерттеп, оның қауіпсіздігі тексеріледі. Мұндай мүмкіндік кез келген елде жоқ.
Қалай десек те, бастысы екпе баланы аурудан қорғайды. Сондықтан екпенің негiзгi мақсаты — ол адам ағзасында иммунитеттің пайда болуы арқылы жұқпалы ауруларды қабылдауға қарсы тұру. Соның нәтижесінде ауруға шалдығу мен өлiм-жiтiм санын азайтудың да өте маңызы зор. Екпе егу арқылы жұқпалы аурулардан қорғанасыз және отбасыңыздың амандығын сақтайсыз. Сол себепті екпе жасаудың маңыздылығын әрбiр ата-ана назарда ұстаған жөн.
А.Бейсебаева,
санитарлық эпидемия басқармасының жетекші маманы.