Ауданда атқарылған тірлік толайым

535 Views

Аудан әкімі Садырқұлов Ерболат Салқынбекұлының «2020 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» есебі

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫ
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда негізгі экономикалық 6 көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасты.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14,8 млрд. теңгеге (2019 жылы – 9,6 млрд. теңге) орындалып, нақты көлем индексі 103 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 39,9 млрд. теңгеге (2019 жыл – 33,4 млрд. теңге) орындалды, нақты көлем индексі 107,6 %-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 16,9 млрд. теңгеге (2019 жылы – 16, млрд. теңге) орындалып, нақты көлем индексі 100,3%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 10,2 млрд. теңгеге (2019 жыл – 9,6 млн.тг.) орындалып, нақты көлем индексі 102,8 %-ды құрады.
12 488 ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріліп, (2019 жылы – 11 618 мың ш.м.) нақты көлем индексі 107,5 %-ды құрады.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 3,8 млрд. теңгені (2019 жылы – 3,6 млрд. теңге) орындалып, нақты көлем индексі 100,5 %-ды құрады.
Аудан бюджеті кірісінің жоспары (18,0 млрд.теңге) 290,7 млн.теңгеге артығымен орындалып, (18,3 млрд. теңге), өсім 101,6 пайызды құрады.
Ауданның бюджеті 20,4 млрд. теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 5,5 млрд. теңгеге артты (2019 жылы 14,9 млрд. теңге).
Аудан шығындардың кассалық атқарылуы 99,9 пайызды құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
Жыл ішінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 3,7 млрд. теңгенің инвестициясы тартылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 111,1 пайызға орындалды (2019 жылы 3,3 млрд.теңге).
Тамақ өндірісінің негізгі капиталына 24,5 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, жоспар 105,2 пайызға орындалды.
Жалпы 146 148 гектар егістік жер толық игерілді. Оның ішінде басым бөлігіне, яғни 53 664 гектарына күздік бидай, 58 133 гектарына жаздық арпа себілген.
Анықтама: 76 га жүгері, 8655 га мақсары, 505 га көкөніс, 131 га бақша, 321 га қант қызылшасы, 637 га картоп, 10249 га жоңышқа себілді, 10148 га пар айдалды.
143 дана ауыл шаруашылығы техникалары (оның ішінде 22 дана егін орағы комбайны) сатып алынып, машина-тракторлар паркі 14 пайызға жаңаланды.
Анықтама үшін: оның ішінде: 22 дана егін орағы комбайны, 27 дана тракторлар, 94 дана аспалы-тіркемелі құралдар.
Мал қыстату науқанына жоспарланған азық көлемі 100-ден 167 пайызға дейін артығымен орындалды.
Анықтама: нақты дайындалғаны 194 600 тонна шөп (102,4 пайыз), 15500 тонна сабан (167 пайыз), 67000 тонна жем (111,6 пайыз), 6000 тонна пішендеме (100 пайыз).
Барлық түрінен мал басы саны 104,3-ден 122,4 пайызға дейін артты.
Анықтама: ірі қара 35 354 бас (2019 жылы 33 903 бас) немесе 104,3%, қой мен ешкі 487 889 бас (2019 жылы 441 355 бас) немесе 110,5%, жылқы 22 638 бас (2019 жылы 18 498 бас) немесе 122,4%, құстар 118 664 (2019 жылы 110 806 бас) немесе 107,1%-ға өсті. Шошқа 4 030 бас (2019 жылы 11 055 бас) немесе 36,5%-ға кеміген.
Мал өнімдерін өндіруде 102,8-ден 107,7 пайызға дейін өсім болды.
Анықтама: сойыс салмақтағы ет 9 420 тонна немесе 107,7%, сүт 27 963,6 тонна немесе 102,8%, жұмыртқа 4,2 млн.дана немесе 102,9 пайыз артық өндірілді.
Бүгінгі күнге ауданда мүйізді ірі қарамен 5, ұсақ малмен 6, жылқы малымен 1 және шошқамен 1 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді.
Аудан көлемінде 2 650 бас мүйізді ірі қараға арналған 12, 780 бас жылқы малына арналған 5, 3600 бас қой малына арналған 4, 30 000 бас шошқаға арналған 1 мал бордақылау алаңы бар.
«Дәулетбай» шаруа қожалығы 1000 бас мүйізді ірі-қара малын бордақылау, мал сою, сақтап, тоңазыту, мал терісін дайындау кешені құрылысын аяқтады.
«Шалқар» шаруа қожалығы 1500 басқа, «АлРай» шаруа қожалығы 1000 басқа арналған мүйізді ірі-қара мал бордақылау кешендерін, сонымен қатар, Құмарық ауылында «Жастар болашағы» шаруа қожалығы 100 басқа арналған сауын сиыр фермасын биыл іске қосқалы отыр.
«Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту» жобасы негізінде ауданда пилоттық үлгіде 2019 жылы «Құмарық-Тау» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын аула иелері мен шаруалар, кәсіпкерлер анықталып, қаржы көлемі нақтыланғанын білесіздер.
Кооператив бүгінгі күнге жалпы сомасы 90,0 млн. теңгеге 17 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен түрлі қондырғыларды лизинг арқылы алды.
Құмарық ауылдық округінің Құмарық, Қаракемер, Алғабас ауылдары пилоттық жобаға қатысып, ауыл халқы 5 бағыт бойынша бүгінгі таңда жалпы соммасы 797,2 млн.теңге қаржыны игерді.
Жекелей бағыттар бойынша айтқанда, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 14,8 млн. теңгеге 598 ауланы қамтитын 2,1 га жерге сарымсақ, 33 га жерге картоп, 18,9 га жерге қияр егуге тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағар- май алуға жұмсалды. Қазіргі таңда үй іргесіндегі жерлердің 54 гектарына 100 пайыз толық дақыл егілді.
Ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалануға 676,8 млн. теңгеге 229 аула 2,5 пайыздық несие алып, 7558 бас мал сатып алынды, оның ішінде 6280 бас ұсақ мал, 356 мүйізді ірі-қара, 592 бас жылқы малы.
Тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалануға 7,1 млн.теңге «Құмарық-Тау» өндірістік кооперативі есебіне аударылды. Бұл қаражат арпа, жоңышқа тұқымын, жанар-жағармай алуға жұмсалды. Қазіргі таңда аула сыртындағы жердің 284 га арпа, 139 га жоңышқа себілді.
Кооперативтерді жабдықтау және құруға, мал азығына қажетті ауыл сыртындағы және үй іргесіндегі жерлерді игеру мақсатында жоғарыда айтылғандай 90,0 млн. теңгеге 17 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды.
«Құмарық-Тау» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің еншісіне 17 га жер бөлініп берілді.
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін 44,5 млн. теңге бөлініп, 275 200 бас ірі-қара малға және 2 млн. 375 мыңның үстінде ұсақ малға қажетті вакциналар егілді.
Энзоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге 3,0 млн.теңге бөлініп, ұсақ малдарға «сальмонеллез» ауруына қарсы вакцина алынды.
Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау үшін 4,9 млн. теңге бөлініп, 2604 жабайы ит ауланып жойылды.
591 469 бас мал бруцеллезге тексеріліп, ауруға шалдыққан 15 бас ірі-қара, 58 бас ұсақ мал иелеріне нарықтағы құнына сәйкес 401,4 мың теңге өтемақы төленді.
Бруцеллезге шалдыққан малдарды сою және тасымалдау шығындарына 689,7 мың.теңге бөлініп, Ақыртөбе мал сою алаңында арнайы талаптар сақтала отырып сойылды.
Бруцеллезге шалдыққан мал иелерінің қора-жайларын залалсыздандыруға 3,6 млн. теңге бөлініп, 11 360 шаршы метр ауланың қора-жайы залалсыздандырылды.
Мал өлекселерін тастайтын қарапайым үлгідегі 13, типтік үлгідегі 3 («Беккери» шұңқыры Өрнек, Ақбұлақ, Құлан ауылдарында) мал қорымдары соғылып пайдаланылуда.
4 мал сою пунктері «Луговой жылқы зауытында», «Шәушен» шаруа қожалығында және Құлан, Ақыртөбе ауылдарында және жеке кәсіпкерлердің аулаларында 13 қарапайым үлгідегі мал сою алаңдары (есептік нөмір берілген) жұмыс істеуде.
8 ауылдық округ (Құлан, Луговой, Құмарық, Абай, Ақыртөбе, Өрнек, Қорағаты, Қарақыстақ) ветеринариялық пунктпен қамтамасыз етілген.
2020 жылы Ақбұлақ ауылдық округіне ветеринариялық пункт салынды, Жаңатұрмыс ауылына дайын ыңғайластырылған ғимарат сатып алынды.
Барлығында мал емдеуге арналған қоршаулар қарастырылған.
Қалған 5 ауылдық округке (Көгершін, Көкдөнен, Тереңөзек, Қайыңды, Ақниет) ветеринариялық пункер (мал емдеуге арналған қоршауларымен бірге) салу биылғы жылға жоспарланған. 40,3 млн. теңгеге бюджеттік өтінім дайындалды.
КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ
«GOLDEN COMPASS CAPITAL» алтын өндіру кәсіпорны 9,1 млрд.теңгеге 539 кг өнім өндірді.
«Луговой жылқы зауыты» ЖШС-ң «Мал азығына ұсақталған құрама жем дайындау» зауыты 756,5 млн.теңгеге 5691 тонна қоспа жем өндірді.
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ
Ауданның жалпы жер көлемі 908 691 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің үлесі 720 924 гектар (егістігі – 146 654 га, жайылымы – 574 270 га).
2020 жылы жалпы ауданы 1805 га (оның ішінде 1757,4 га жайылым, 47,6 га егістік) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Көлемі 5 678 гектар жайылым санатындағы 72 жер учаскелерін пайдалануда заң бұзушылық анықталып, ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.
12 372 гектар жер телімі (оның ішінде 532 га егістік, 11 840 га жайылым) қайта айналымға қосылды.
1120 гектар жақсартылған жайылым және шабындық жерлердің санаты егістік санатына ауыстырылды.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Өткен жылы ауданда кең көлемде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы іске асырылды.
Аталған бағдарлама шеңберінде құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын 173 лот бойынша 75 инфрақұрылымдық жобалар (жаңа құрылыс нысандары – 2, күрделі жөндеу және қайта жарақтау – 7, орташа және ағымды жөндеу жұмыстары – 66) қаралып, барлық жоба бойынша жұмыстар толық аяқталды.
Жобаларды салалар бойынша талдау төмендегідей:
Білім саласы бойынша 17 жоба;
Денсаулық сақтау саласы бойынша 2 жоба (Өрнек және Луговой ауылдық дәрігерлік амбулаторияларының күрделі жөндеу жұмыстары);
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 3 жоба (Малдыбай ауылындағы сумен жабдықтау желісін ағымдағы жөндеу жұмысы, Құлан ауылындағы Жангелді көшесіндегі сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу жұмысы, Тасшолақ ауылындағы ауыз сумен жабдықтау желілері мен су алу құрылысы);
Жарықпен қамтамасыз ету және ағымдағы жөндеу бойынша 18 жоба;
Жолдарды орта және ағымдағы жөндеу бойынша
26 жоба (91 көшенің орташа жөндеу жұмыстары, Құлан-Шөңгер 0-3 шқ орташа жөндеу жұмыстары, Р.Сәбденов ауылының оңтүстік және солтүстік кіре беріс жолдары);
Бөгеттер мен арналарды ағымдағы жөндеу бойынша 2 жоба («Жарлысу» 10-шқ, «Сарыбұлақ» 12-шқ каналдарының ағымдағы жөндеу жұмыстары);
Елді мекендерді абаттандыру бойынша 7 жоба (Қайыңды ауылындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюға арналған қоршау жұмысы, Малдыбай ауылындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюға арналған қоршау жұмысы, Ақыртөбе ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш, Қазақ ауылындағы балаларға арналған шағын аулалық алаңды абаттандыру, Луговой ауылындағы балалар ойын алаңын орнату, Жаңатұрмыс ауылындағы балалар ойын алаңын орнату, Құмарық ауылындағы Дендро саябағын абаттандыру жұмысы).
Бағдарлама аясында ауданда 1193 жұмыс орны ашылды.
КОММУНАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Аудандағы 42 елді мекеннің (64512 адам) 26-да (55029 адам немесе 85,3%) ауыз су жүйесі болған, оның ішінде 17-і орталықтандырылған, 9-ы ескі су жүйесі.
Ауыз су жүйесі жоқ 16 елді мекеннің 4-іне (Әбжапар, Жарлысу, Бәйтелі, Тасшолақ) өткен жылы жаңа ауыз су жүйесі жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Ауыз су жүйесі ескірген 9 елді мекеннің 3-не (Құмарық, Қаракемер, Алғабас) 2021 жылға өтпелі жобамен былтыр жаңа ауыз су жүйесі құрылысы басталды. Биыл пайдалануға берілетін болады.
5 елді мекенге (Р.Сабденов, Қазақ, Сәлімбай, Жаңатұрмыс, Ақыртөбе) жобалық-сметалық құжат дайындалып, бюджеттен қаржыландыру жұмыстарын биыл жүргізетін боламыз.
Қалған 8 ауылдың (Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Әбілқайыр, Сұмқайты, Мамай, Сөгеті, Шөңгер ауылдары) халық санының тиісті нормадан аз (200 адамнан төмен) болуына байланысты экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылғанымен, бұл ауылдардағы ауыз су мәселесін мембраналық қондырғы орнату арқылы шешу қарастырылуда.
3-не (Сәлімбай, Қазақ, Сәбденов) жобалық-сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жолдау жұмыстары жүргізілуде.
1-не (Ақыртөбе) ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық-сметалық құжат әзірленуде.
1 ауылдың (Жаңатұрмыс) ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, сараптаманың қорытындысы алынды, бюджеттік өтінім жолданды.
Аудандағы 42 елді мекеннің 24-не толық газ тартылған.
Газ кірмеген 18 ауылдың 6-на (Д.Қонаев, Әбілқайыр, Бәйтелі, Қорағаты, Шолақ-қайыңды, Шөңгер) газ тарту жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжат дайындалған.
Д.Қонаев, Әбілқайыр және Бәйтелі, Қорағаты ауылдарына газ тарту жобасына республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Шолаққайыңды ауылы бойынша жобалық-сметалық құжат мемлекеттік сараптамаға жолданды.
Шөңгер ауылын газдандыруға жобалық-сметалық құжат дайын, бюджеттік өтінім берілген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы қаржыландыру мәселесі қаралуда.
Даулы болған Каменка, Жалпақсаз, Тасшолақ, Қазақ, Жаңатұрмыс ауылдарына газ тарту жобасына демеушілер есебінен қайта жобалық-сметалық құжат дайындалып (жалпы сметалық құны 522 698,0 мың.теңге), мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, 2020 жылы облыстық бюджеттен 50,0 млн.теңге қаражат бөлініп, жұмыстар басталды.
Жобаны жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 2021 жылға 400,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 44,4 млн.теңге қаражат бөлінді.
Қалған 7 елді мекен (Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Сұмқайты, Қосапан ауылдары, Құмарық разъезді, Қорағаты станциясы) халық санының тиісті нормадан аз (50 адамнан төмен) болуына байланысты экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылған.
Газдандырылған 11 елді мекендердегі орталықтандырылған газ торабына қосылмаған 406 тұрғын үйдің 379-ы төмендетілген бағамен газ торабына қосылды. Бүгінге құжаттары толық болмауына байланысты ішінара газға қосылмаған 27 үй қалып отыр (Луговой, Құмарық, Қаракемер, Жарлысу, Әбжапар, Өрнек, Құлан, Қарақат, Р.Сәбденов, Еңбекші, Көкарық).Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Сонымен қатар, 2020 жылы 6 әлеуметтік нысанның (мәдениет нысаны 2, білім нысаны 4) жылыту қазандығы газдандырылды.
Аудан бойынша 42 елді мекеннің тұрмыстық қалдықтарын шығаруға 14 полигон белгіленген. Оның 9-ы (Құлан, Құмарық, Қорағаты, Көкдөнен, Көгершін, Тереңөзек, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Каменка) толығымен қоршалып, қалыпқа келтірілген.
Қалған 5-і 2020 жылы (Р.Сәбденов, Д.Қонаев, Жарлысу, Қайыңды, Малдыбай) ретке келтіріліп, аудан толық қамтамасыз етілді.
Жалпы 2020 жылы облыстық мәндегі 3 жолға (Құлан ауылына шығыстан, солтүстіктен және батыстан кіреберіс) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
4,6 шақырымды құрайтын 3 аудандық маңыздағы автомобиль жолдары (жалпы құны 95,1 млн.теңгеге) (Құлан-Шөңгер – 3,0 шқ., Р.Сәбденов аулына оңтүстік және солтүстік кіре берісі – 1,63 шқ.) жөнделді.
Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 17 елді мекеннің 91 ішкі көше жолдары (691,8 млн.теңгеге 55,3 шақырым) орташа жөндеуден өтті.
Аудан елді мекендерінде жалпы саны 352 көше бар. Оның ішінде 230 көше немесе 65,3% жарықтандырылған.
2020 жылы «»Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 30 көшеге жаңадан (диодты шамдар) орнатылды және 95 көшенің жарық шамдары жаңаланды (диодты шамдарға).
Осылайша жалпы 260 көше немесе 73,8 % көшелер жарықтандырылып отыр. Қалған 92 көшені жарық шамдармен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжат дайындалды, қаржыландыру мәселесі қаралуда.
2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында төрт елді мекенде (Көкдөнен, Жақсылық, Луговой, Каменка) жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынды.
Абай және Жаңатұрмыс ауылдарында басталған жобалар биыл аяқталатын болады.
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
Бүгінде ауданда тұрғын үй кезегінде барлығы 1145 адам тіркелген. Осы тұрғындарды кезең-кезеңімен тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабынан 80 пәтерлік 5 қабатты 2 үйдің құрылысын жоспарладық.
Оның біреуінің (1-нүкте) құрылыс жұмыстарына 2020 жылға 80,9 млн. теңге бөлініп, жұмыстар басталды.
Ағымдағы жылға қаржыландыру мәселесі шешілді.
Екінші үйдің (2-нүкте) құрылысына ағымдағы жылға бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Үшінші үйдің жобалық-сметалық құжат дайындалуда.
Аталған «Арай» тұрғын алқабындағы көп қабатты үйлердің кәріз жүйесінің құрылысына, инженерлік желілері мен абаттандыру жұмыстарына қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Құлан ауылындағы Ю.Гагарин негізгі мектебіне спорт зал құрылысына қаржы қарастырылды.
Луговой ауылындағы М.Горкий орта мектебінің қазандығын газдандыруға қаржы қарастырылды. Жобалар биыл іске асырылып, пайдалануға берілетін болады.
Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында жұмыс атқарылды.
Аталған жоба аясында құрылысы жоспарланған 16 үйдің 14-і салынды, 2 дайын үй сатып алынып, мұқтаж отбасыларға берілді.
2 үйдің (Көкдөнен, Қайынды) құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі.
2020 жылы Құлан ауылының «Арай» тұрғын алқабында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 650 жер телімі берілді.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Аудан бойынша 2020-2021 оқу жылы бойынша 38 күндізгі жалпы білім беретін (оның ішінде 28 орта, 2 негізгі, 8 бастауыш) мектепте 14 912 оқушы білім алуда (2019-2020 оқу жылы 14 559 оқушы, 353 оқушыға артқан).
Ауданда 23 балабақша (14 мемлекеттік, 9 жекеменшік) және 14 шағын орталықта 3220 бала тәрбиеленуде, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында 88,2%, 3-6 жас аралығында 100%-ды құрап отыр.
Аудан бойынша 1982 педагог қызмет етеді. Оның ішінде жоғары білімді 1867 (94,2%), 115-сі (5,8%) орта арнаулы білімді.
Биыл «Құлан агротехникалық колледжінің» оқу ғимараты мен асханасына, 8 мектепке, атап айтқанда Ә.Бөкейханов, Болтай-батыр орта мектептері, №1 мектеп-лицейі, Ш.Уалиханов шағын орталықты орта мектебіне «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде, Ақтоған, Ақбұлақ, Б.Момышұлы орта мектептері, №3 шағын орталықты орта мектебіне «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» шеңберінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
6 мектеп (Малдыбай ом, Ы.Алтынсарин ом, Құлан мг, №2 шоом, Т.Рысқұлов мл, Қорағаты ом) ағымдағы жөндеуден өтті.
29 мектептің санитарлық тораптары ішке орналастырылып, бұл мәселе толық шешілді.
Қазақ ауылындағы М.Әуезов орта мектебіне мәжіліс залы және 2 пән кабинеті құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
Күрделі жөндеуден өткен 8 мектептің ішіндегі керек-жарақтары жаңартылды.

Сонымен қатар аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, оқушыларды тасымалдауға арналған 2 автобус алынды.
Пандемияға байланысты оқушылардың қалыпты білім алуына жағдай жасау мақсатында 250 дана планшет, 220 дана моноблок, 1159 дана ноутбук, 458 роутер алынып, оқушыларға пайдалануға таратылып берілді.
Бұдан бөлек, аудандағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларына демеушілер есебінен («Golden Compass Jambyl» ЖШС, басшысы Құрбан Изалов, құны 8,1 млн. теңге) 100 дана планшет табыс етілді.
Жалпы білім беретін мектептердегі жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпыға міндетті білім беру қорынан әр балаға 25 мың теңге көлемінде жалпы 3072 балаға көмек көрсетілді.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Аудан халқының мәдени, рухани талап-тілегін қанағаттандыру жолында мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастыру бағытында барлығы 53 мәдениет ошағы тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде («Мэлс Өзбеков атындағы» аудандық мәдениет үйі, «Сұлутөр» кинотеатры, 7 ауылдық мәдениет үйі мен 13 ауылдық клуб, 31 кітапхана).
Ауданда халықтық атағы бар 5 ұжым бар («Б.Битанов» халық театры, «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі, «Сұлутөр» халықтық вокалды аспапты ансамблі, «Әдемі» халықтық ән-би ансамблі, «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі).
2020 жылы 1453 мәдени көпшілік іс-шара өткізілді. Оның ішінде 856 онлайн іс-шара.
Бүгінгі күні ауданның кітап қорында 213 085 дана кітап бар, оның ішінде мемлекеттік тілде 143 966 дана. Кітап берілімі – 143 650 дана, оқырман саны 13000 адам.
1 коворкин орталығы 15 цифрландырылған ақпараттық орталық халыққа қызмет көрсетеді.
Ашылған ақпараттық орталықтар е.gov.kz порталы арқылы 23 қызмет түрін көрсетеді. 2020 жылдың 12 айында 6 381 қызмет көрсетілген.
Құмарық, Көкдөнен ауылдық мәдениет үйлерінің жапсарлас қазандықтары (газбен) және Қорағаты ауылдық мәдениет үйіне (қатты отынмен) қазандықтары модульдік қазандыққа ауыстырылды.
Жапсарлас қазандықтары бар Луговой, Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйлеріне газ жүйесімен жылытылатын және Д.Қонаев ауылдық мәдениет үйіне қатты отынмен жылытылатын модульдік қазандық сатып алуға биылға облыстық бюджет есебінен қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді.
Газбен қамтылған ауылдардағы 6 (Қайыңды, Сөгеті, Тереңөзек, Қарақат, Жарлысу, Көкарық) ауылдық клубтарды газ жүйесіне қосу үшін тұрмыстық пеш алуға биылға қаржы бөлінді.
Биыл «Мэлс Өзбеков» атындағы аудандық мәдениет үйі, «Сұлутөр» кинотеатры, Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйі, «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткізілетін болады.
Көгершін және Жаңатұрмыс ауылдарына мәдениет үйін соғу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған, олар биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылатын болады.
Ақыртөбе, Қызылшаруа, Абай ауылдарына мәдениет үйінің жобасы әзірленуде.
СПОРТ САЛАСЫ
Аудан бойынша барлығы 169 спорт нысаны бар (оның ішінде: 1 спорт кешені, 1 стадион, 97 спорт алаңшасы, 21 футбол алаңы, 44 спорт зал және 5 басқада спорт нысандары). Барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді және ақысыз пайдаланылады.
2020 жылдың 12 айында аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 32,0 пайызын құрады, бұл – 20 690 адам.
Анықтама үшін:
№2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен спортшысы Қалдыбай Адина – бокстан әйелдер арасында 2020 жылдың қараша айында Түркістан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатының қола жүлдегері;
№1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен жасөспірім спортшысы Таңатаров Досымжан – бокстан 2020 жылы өткен Қазақстан Республикасының қола жүлдегері;
Тайлақов Еділбек – спорт мектебінің жаттықтырушысы, ауданымыздың мақтанышы, Қазақстан Республикасының облыстық марафон жарысының бірнеше дүркін чемпионы.
Биылға Луговой ауылына дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салуға қаржы қарастырылды. Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Спорт нысандарын салуды қажет ететін Ақыртөбе, Көгершін, Жаңатұрмыс және Ақбұлақ ауылдарына спорт нысандарын (ангарлық спорт кешені) соғуға жоба әзірленуде.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Өткен жылы 1644 сәби дүниеге келіп, бала туу көрсеткіші 12,4 пайызға артты (2019 жылы 1460 сәби).
Өкінішке орай, коронавирус індетіне байланысты адам өлімінің өсімі бар (2019 жылы 408 адам болса, 2020 жылы 483 болды).
Ана өлімі жағдайы 2010 жылдан бері мүлдем болған жоқ.
1 жасқа дейінгі сәби өлімі 2019 жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмендеді, бірақ өкінішке орай 10 сәбидің шетінеу жағдайы орын алды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Өрнек және Луговой ауылдарындағы емдеу мекемелері күрделі жөндеуден өткізілді.
2021 жылы Жаңатұрмыс ауылдарына жаңа дәрігерлік амбулатория салуды қаржыландыру мәселесі шешілді.
Жақсылық ауылына жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, биыл қаржыландыр мәселесі қаралуда. Екі жоба да «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енгізіліп отыр.
Биыл емдеу мекемелеріне деген қажеттілік аудан бойынша толықтай шешілетін болады.
2020 жылы аудандық орталық ауруханаға барлығы 213,9 млн. теңгенің медициналық құрал — жабдықтары алынды (аудандық емханаға цифрлы флюроаппарат, реанимация бөліміне жылжымалы рентген аппарат, функционалды төсектер, перзентханаға нәрестелер инкубаторы және т.б.).
Жаңа жылжымалы диагностикалық комплекс берілді. Ол ауданның шалғай елді мекендеріндегі тұрғындарға бейінді мамандардың кеңесін беруді, тексерілуін қамтамасыз етуде.
Қыркүйектен бері аталған кешен 18 ауылда болып, 10 145 адамды тексеруден өткізді.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жалпы 543,0 млн теңге қаражат бөлінді.
Жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінің кедейшілік шегіне жетпейтін 1538 отбасының 8679 адамына 543,0 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толық көлемде төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға барлығы 88,0 млн. теңге бөлінді. Бұл көмек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына берілді.
Сонымен қатар, тоқсанына 1 рет тұрмыстық химия тауарлар жиынтығы таратылып берілді.
Отын сатып алу үшін (білім, денсаулық, әлеуметтік, спорт, ветеринария, мәдениет салаларының) 3 390 маманға 37,7 млн. теңге төленді.
16 отбасының 75 адамына 216,4 мың теңгеден тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.
Азаматтардың жекелеген топтарына жататын (амбулаториялық ем қабылдайтын туберкулез ауруымен ауыратын) 43 адамға 8,3 млн.теңге төленді.
Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған 3 адамға арнайы комиссияның қорытындысы бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек 90.0 мың теңгеден төленді.
Аудандағы 7273 отбасының 22 200 адамына 154,2 млн. теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді.
Жыл басынан жұмыс іздеуші 3 784 азамат қайырылып, 3 850 азамат жұмысқа орналасты.
Аудан бойынша1458 жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 239 азамат жіберіліп, оның 239-ы оқуын аяқтап, 235 азамат сертификат алды.
292 азамат шағын несиеге ие болды.
Сонымен қатар, 502 азаматқа мемлекеттік грант берілді.
Жалпы жұмыссыздар саны 916 адам, оның ішінде ресми жұмыссыздар 397, жұмыссыздық деңгейі 2,7 пайызды құрайды.
Нысаналы топқа жататын (аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылар) азаматтардың қайырылғаны 806, оның ішінде жұмысқа жіберілгені 715, жұмысқа орналасу пайызы 88,7 пайыз.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ішінен 146 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (оның ішінде: тұрақты жұмысқа 44 азамат, уақытша жұмыс орындарына 94 азамат,1 азамат қысқа мерзімді оқуға жіберіліп, 7 азамат шағын несие алды).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету» І бағыты бойынша кәсіби даярлауға жоспардағы 50 адам жолданып, облыстық бюджеттен бөлінген 9,2 млн.теңге қаражат толық игерілді.
50 азамат 4 мамандық (тігінші, аспаз, жүргізуші, эксковаторшы) бойынша оқуға жолданып, оқуын аяқтады. Барлығы да тұрақты жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» ІІ бағыты бойынша 292 азамат 1 млрд. 045 млн.теңге несие алды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 502 азамат 271,0 млн. теңге қайтарымсыз грант алды.
Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» ІІІ бағыты бойынша Жастар практикасына 110 жас түлек, ақылы қоғамдық жұмысқа 1424 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 83 азамат жұмысқа жіберілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 3,5 млн.теңге қаражат қарастырылып, толығымен төленді (89 балаға).
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуіне 38,6 млн.теңге қаражат бағытталды.
Міндетті гигиеналық құралдарға 19,2 млн.теңге қарастырылып, толық игерілді.
180 мүмкіндігі шектеулі азамат міндетті гигиеналық құралдар алды.
Жеке көмекші қызметіне 16,5 млн.теңге (жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 122 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жеке көмекші қызметі «Асан-Көмек» мүгедектер қоғамдық бірлестігі арқылы көрсетілді), ымдау тілі маманы қызметіне 2,9 млн.теңге (есту кемістігі бар 18 мүгедекке 1 ымдау тілі маманының қызметі «Дос-Тараз» мүгедектер қоғамдық бірлестігі арқылы көрсетілді) қарастырылып, толық игерілді.
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 31 мүмкіндігі шектеулі балалар, 18 жастан асқан 9 азамат, 80 жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азамат қамқорлыққа алынған.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың барлық түрі талапқа сай көрсетілді.
ІШКІ САЯСАТ САЛАСЫ
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы (130 іс-шара, 15601 адам) мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасы аясында (111 іс- шара, 19 978 адам) барлығы 241 іс-шара өткізіліп, 30 029 адам қамтылды.
Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫ
2020 жылы жалпы қылмыс 14,2 пайызға төмендеді.
Анықтама: аудан аумағында жалпы — 187 (2019 ж. 218) қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген. Ашылуы- 82,1% (2019 ж. 77,9 пайыз құрап отыр).
Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының саны — 44 (2019 ж. 97), 54,6 пайызға төмендеген, ашылуы 83,3% (2019 ж. 71,0 пайыз).
Оның ішінде:
Мал ұрлықтары — 20 қылмыс (2019 ж. 39), — 48,7 пайызға төмендеген, ашылуы 60,9% (2019 ж. 61,4 пайыз).
Пәтер ұрлықтары — 18 қылмыс тіркелді (2019 ж. 18), өткен жылмен теңестірілген, ашылуы 94,1% (2019 ж. 75,0 пайыз).
Қоғамдық орындарда — 29 (2019 ж. 40) қылмыс тіркеліп, — 27,5 пайызға төмендеді.
Жасөспірімдермен жасалған — 3 (2019 ж. 9) қылмыс тіркеліп, -66,7 пайызға төмендеді.
«Адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкелген» оқиғалар -22,1 пайызға төмендеп отыр.
Анықтама: 53 жол-көлік оқиғалары (2019ж.- 68) тіркелді.
Ауданнан өтетін республикалық 96, облыстық 100 және аудандық 100,03 шақырым, барлығы 296,03 шақырым автомобиль жолдары бар.
Қайтыс болғандар саны 12 оқиға, (2019 ж. 12 оқиға). Бірқалыпты.
Жарақат алғандар саны 81-ді құрады ( 2019 ж. 140) – 42,1 пайызға төмендеген.

 

Поделиться ссылкой: