Ағаш көшеттері отырғызылды
48 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Әлемдегі үздік 200 университеттің қатарына кірген алғашқы отандық, қазақстандық жоғары оқу орны ол – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Қазіргі таңда ҚазҰУ- да көптеген әлемге әйгілі жоғары технологиялық корпорациялардың ғылыми білім беру орталықтары жұмыс істеп келеді. Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланған әрбір бесінші мақала біздің ҚазҰУ ғалымдарына, жас магистранттарына, докторанттарына тиесілі екенін ауыз толтырып айта аламыз. Қара шаңырақ ҚазҰУ-дың аса маңызды міндетті инфрақұрылымы – 50 пайызға жуық өсті. Білім алушы әрбір шәкіртке қолайлы ортада алаңсыз білім алуға барлық жағдай жасалған. Мен Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы қазіргі Ә.Бөкейханов атындағы орта мектепті 2015 жылы тәмамдаған түлектің бірімін. Арман қуып, білім алу мақсатында Алматы қаласына келіп, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде төрт жыл білім алып, қызыл дипломмен тәмамдап, ғылым жолын таңдап, талай үміткердің арманы ҚазҰУ университетінің филология және европа тілдері факультеті магистратура бөлімінің мемлекеттік грант иегері атандым. Қазіргі уақытта соңғы бітіруші курсында білім алудамын. Осындай қиын жағдайда университеттің жоспарланған жұмыстарына өзгеріс енгенімен, еш қиындықсыз қашықтықтан оқытуға көшті. Қашықтықтан оқыту жүйесін іске асыруда «Универ 2.0» және «Moodle» ақпараттық білім беру платформалары арқылы білім алудамыз. Кафедра оқытушылары өздерінің өмірдің қандай аумалы-төкпелі кезеңдері болса да, мүлтіксіз ғылыми түрде білім беру тоқтатылмай бір сарынды жүргізілуде. Онлайн режимде, конференциялармен ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындар алып, мақалалар жарық көруде.
Өзім жайлы айтар болсам, ТМД елдерінің арасында «Жас ғалым — 2020» жобасына қатысып, (ғылыми жетекшім PhD ғылым докторы Кузембекова Ж. жетекшілігімен) 1 дәрежелі орынды иеленіп, «Жас ғалым — 2020» төсбелгісімен марапатталдым. Бұл менің жетістігім емес, ҚазҰУ-дың сапалы білімі мен білім беруші оқытушылардың жетістігі деп түсінемін. Қазіргі таңда ғылыми жетекшімнің жетекшілігімен магистрлік диссертация жазудамын. Еліміздің білім және ғылым саласына өз үлесімді қосу, азаматтық парызым. Университетімізге ұлы ғалым, ойшыл және энциклопедист есімі берілгеніне 30 жылдай уақыт болыпты. Ежелгі ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениетін үлгі ете отырып, студенттер мен жас ұрпақты отанға деген адалдық рухында тәрбиелеу үшін әл-Фараби есімінің маңызы аса зор. Болашақ жас түлек, армандаңыздар. Сол арманға жету мақсатында аянбай еңбек етуді де ұмытпағайсыздар!
Нүрилә Ермаханбет,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология және европа тілдері факультетінің 2 курс магистрі, ғылыми жетекшісі PhD ғылым докторы
Күзембекова Ж.Ж.