2021 жылы: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) үшін кім, қанша төлейді?

665 Views

Азаматтардың 15 жеңілдігі бар жарнаны мемлекет төлейді.
• Жалдамалы жұмыскер – жұмыс беруші бухгалтериясы жалақының 2%-ы мөлшерінде және жалақы қоры­нан 2% мөлшерінде төлем жасайды.
• Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожа­­лық иелері, жеке практикамен айна­лы­­са­­­тын тұлғалар – 1,4 ең төменгі жа­­ла­қы­­ның 5%-ы мөлшерінде (ЕТЖ 2021 жылы да 42 500 теңгені құрайды, сондық­тан төлем мөлшері бұрынғыдай – 2975 теңге).
• Өзін-өзі жұмыспен қамтушы­лар (жеке кәсіпкер ретінде тіркелме­ген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ, қызмет көрсететін тұлғалар) / бі­рың­ғай жиынтық төлем төлеушілер – 1 АЕК (01.01.2021 ж. 2917 теңге) рес­пуб­ли­калық және облыстық маңызы бар қалалар үшін; басқа елді мекендер үшін (ауыл тұрғындары) – 0,5 АЕК (01.01.2021 ж. 1458,5 теңге).
• Дербес төлеушілер – 1 ЕТЖ-ның 5%-ы мөлшерінде (ең төменгі жалақы өзгермегендіктен, 2021 жылы да 2125 теңге).
• Азаматтық-құқықтық негізде шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар – табысының 2%-ы мөлшерінде төлем жүргізеді (ең жоғарғы төлем 8500 тең­ге аспауы тиіс, яғни 10 ЕТЖ-ның 2%-ы, 425 000 х 2% = 8 500).
Медициналық сақтандыру жүйе­сіндегі өз мәртебеңізді ыңғайлы тәсілмен тексеріңіз:
– Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыш­тағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз);
– egov.kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде);
– Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»);
– Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»).
МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?
– екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;
– Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;
– «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;
– төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;
– медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары ар­­қы­лы жарна төлеп, МӘМС жүйе­­­сінде сақтандырыла аласыз.
2020 жылғы 1 қаңтардан Мін­детті әлеуметтік медицина­лық сақтандыру (МӘМС) жүйе­сі жүзеге асырыла бастады. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қара­мас­тан, барлық сақтандырылған адам­дардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде ем алады, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді.
Қазіргі уақытта медицина­лық қызмет екі пакет бойынша көр­се­тіледі: тегін медициналық кө­­мектің кепілдендірілген кө­ле­мі (ТМККК) аясында және мін­дет­ті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру (МӘМС) жүйесінде. Бұл бағыттағы жұмыстар 2021 жылы да жалғасады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы.

Поделиться ссылкой: