Су тасқыны, көктемгі жауын-шашын кезіндегі ауыз су қауіпсіздігі

764 Views

Жыл сайын көктемгі жауын-шашынның көбеюінен, тау бөктеріндегі қардың еруінен болатын сел, су тасқыны секілді түрлі апаттар орын алады. Бұл су сапасының нашарлауына, ластануына алып келеді. Сел және су тасқынының үлкен қаупі қыста болады. «Мұздатылған» биологиялық, химиялық және басқа да ластанған су көздерінің ашылғанына, сондай-ақ, олардың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелеріне түскені күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алуда санитариялық-гигиеналық іс-шаралар да өте маңызды.
Елді мекендердің аумақтарын тазарту және су тарату құрылыстары мен желілерінің санитариялық қорғау аймақтарын кәріз ағындар мен еріген қар суларынан қорғау керек. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде құдықтар мен каптаждардың құрылымының, сорғы құрылысының жарамдылығын тексеру қажет. Су тасқыны кезінде қайнатқан су, бөтелкелердегі суды қайнатқан кезде барлық ішек жұқпаларының, соның ішінде тырысқақ қоздырғыштары өледі. Су факторы жіті ішек жұқпалары сияқты іш сүзегі, холера, дизентерия, вирусты гепатит «А» және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына зор маңызын көрсетуде. Сумен жабдықтау объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және технологиялық іс-шараларды орындау, халықты эпидемиологиялық жағынан және химиялық құрамы бойынша қауіпсіз және зиянсыз сумен қамтамасыз ету өз нәтижесін беруде. Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) адамның ағзасына ауыз арқылы келіп түсетін, әртүрлі бактериялар есебінен орын алатын жіті ішек инфекцияларының аурулар тобы. Олар дәреттің бұзылуымен қоса, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына әкеп соғады. ЖІИ негізгі қоздырғыштары Enterobacteriaceae тобының өкілдері болып табылады, сонымен қатар басқа да микроорганизмдер, соның ішінде вирустық түрлері. Ол көптеген жағдайларда диареяға және ағзаның улануына әкеледі. Асқазан-ішек жолдарының зақымдалуымен, дене қызуының көтерілуімен, асқа тәбеті жоғалу, іш ауру, құсу және адам денесінде әлсіздік пайда болуымен сипатталады. ЖІИ вирустық этиологиясында ішектің зақымдалуымен қатар жоғары тыныс жодары: ауыз вирусы инфекцияларында – таңдай, доғашық, тілшік, ал аденовирустық инфекциялары кезінде –трахеобронхит тарапынан өзгерістер байқалады. Науқас адамдар әрқашан медициналық көмекке жүгінбейді, жиі туыстарының, таныстарының кеңесі бойынша үй жағдайында «емделеді». Бұл жағдай науқастарды уақтылы анықтауды қиындатады және инфекцияның таралуына ықпал етеді. Құдықтан, бөгеттен, өзендер мен басқа су қоймаларынан қайнамағын суды ішуге болмайды. Алайда ашық және лас ыдыста сақталған қайнаған судың өзі зақымдану көзі болуы мүмкін. Жеміс жидектер мен көкөністерді суық су ағынында немесе ыстық сумен мұқият жуу керек. Әсіресе жылулық өңдеуден өтпейтін (көкөністер, жемістер және т.б) тағамдарға пайдаланылатын азық-түліктің тазалығын қадағалап отыру өте маңызды. Барлық тез бұзылатын азық-түліктерді, дайын тағамдарды таңазытқышта сақтау керек. Суық азық-түлікке түскен микробтардың көбеюін тежейді.
Барлық жағдайларда тиісті гигиеналық тәжірибе, аурулардың таралуының алдын алу кілті болып табылады.

К.Нұрбаева,
аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Поделиться ссылкой: