Адамзаттың ғарышқа ұшқанына – 60 жыл

709 Views

Аудандық газет бетінде танымдық, ғылыми, ақпараттық бағытында түрлі айдарлар ашылып, осы уақытқа дейін жұмыс істеп келеді. Олардың қатарында «Сіз не дейсіз?», «Аламан», «Желідегі жазбалар», «Трендтегі тақырып» секілді айдарлар оқырманның жылы лепесіне ие болып жүр. Бұл айдарлардың аясында еліміз бен аудан көлеміндегі небір өзекті мәселелер көтеріліп, оқырманға есті дүние ұсынуға тырысып жүрміз. Осы орайда газетіміз оқушының танымдық көкжиегін кеңейтетін, ықшам ақпараттармен көңіл көзесін жаңғыртатын «Сіз білесіз бе?» атты жаңа айдарды ұсынғалы отыр. Бұл айдардың бірінші топтамасы 12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне арналмақшы. Ғарышкерлер туралы сіздер бұрын білмеген қызықты ақпараттарды назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақтың үш қыраны
1.Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут, Талғат Мұсабаев 341 күн 9 сағат 48 минут, ал Айдын Айымбетов 9 күн 20 сағат 13 минут 51 секунд болған.
2. Тоқтар Әубәкіров ғарыш кеңістігін бағындырған әлемнің 256-ғарышкері болса, Талғат Мұсабаев 309-ғарышкері, Айдын Айымбетов 545-ғарышкері.
3. Үш қыранға да ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілген.
4.Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтың туған күндері бір күнде, бір айда, яғни 27 шілдеде. Екі ғарышкеріміз де Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінің түлектері.
5.Тоқтар Әубәкіров тек қана ғарышкер емес, сонымен қатар экспериментке қатысқан алғашқы жандардың бірі. Ол бірінші рет қазақ ғалымдарының тәжірибе барысында жасаған қазақ асханасының сублимацияланған тағамдарын қолданып көрді. Бұл тағамдарға: айран, ірімшік, ет жатады.
6. Талғат Мұсабаев ғарышкерлер арасында алғашқы хирург атанған.

Өзге де ғарышкерлер туралы
1.Ғарышты зерттеу тарихында ғарышта ешкім қаза тапқан жоқ. Жазатайым оқиғалар болған. Бірақ олардың бәрі Жерден ұшқан кезде немесе орбитадан түсу барысында болды.
2.Тістерді тазарту кезінде ғарышкерлер тіс пастасының көбігін жұтуға мәжбүр болады, сондықтан олардың арнайы жеуге жарайтын пастасы бар.
3.Ғарышкерлер ғарышта қорылдамайды.
4.Орбитада ғарышкерлердің өсуі орта есеппен 4-5 сантиметрге дейін артады, өйткені жер үсті ауырлық күшіне көп әсер етпейді. Сондықтан омыртқа түзетіледі.
5. Валерий Поляков – «Союз ТМ-18» ғарыш кемесінде ең ұзақ сапар шеккен ғарышкер. Ол 1994 жылы 8 қаңтарда «Мир» орбиталық станциясына ұшып, 1995 жылы 22 наурызда қайтып оралған. Жалпы ғарышта болған уақыты – 437 тәулік 17 сағат 58 минут.

Топтаманы дайындаған Ахмет ҚАМШЫБЕК.
Ақпараттар baribar.kz және басқа да дереккөздерден алынды.

Поделиться ссылкой: