МӘМС пакетінде балаларға қандай медициналық көмек көрсетіледі?

396 Views

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үнемі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1406 байланыс орталығы арқылы балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша жүздеген сұрақтар алады. Жиі қойылатын сұрақтар бойынша біздің жауаптарымыз.
– Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуім керек пе?
– Жоқ, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, олар үшін мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сон­дық­тан меди­циналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді.
–Бала­лар­ға ар­нал­­ған стоматология­­лық қыз­мет­­тер МӘМС пакетіне кіреді ме және қандай қызметтерді тегін алуға болатындығын көрсете аласыз ба?
–18 жасқа дейін­гі балалар­ға стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы түр­де тегін көр­сеті­ле­­ді. Медици­налық сақтандырудың стоматология­лық қызметтер пакетіне мы­на­лар кіре­ді:
– тісті жансыздандыру және жұлу;
– пломба салу;
– абсцесстерді ашу;
– пульпит, периодонтитті емдеу;
– гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру;
– еріндер мен тіл­дер­дің пластикасы;
– рентгенография;
– ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі (қасқырдың аузы) болған кезде.
Стома­тология­лық көмек алу үшін емханаға да, стоматология­лық клини­каға да жүгіне аласыз. Бұл рет­те, стоматоло­гия­лық қызмет көр­­сете­тін кли­ника Қор­дың әлеуетті жеткізушісі болуы тиіс және әлеуетті жет­кізу­шісі тізімін­­де болуы маңызды.
Стоматология­лық қызмет­терді жеткізушілердің тізімін қордың сайтынан көру­ге болады https://fms.kz/kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.
– Қандай жағдайларда бала­лар құрғақ сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз етіледі?
Бір жасқа дейінгі бала­лар үшін бейімделгіш құрғақ қос­палар тіркелген жеріндегі емханалар­­да мына­дай жағдайларда беріледі:
– емшектегі нәрестені асырап алу;
– анасын­да АИТВ инфек­циясының немесе туберкулездің белсенді түрінің, жіті психикалық аурулардың, туа біт­кен және пайда болған жүрек ақау­ларының, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен ілесе жүретін аур­улардың, эндокриндік және ал­лергиялық аурулардың ауыр түрлерінің болуы;
– балада туа біт­кен лак­­таза жеткіліксіздігінің, галак­тоземия­ның, фенилкетонурияның, «үйең­кі шәрбаты» ауруы­ның болуы»;
– ананың цитостатикалық, радиоак­тивті, тиреоид­ты, психотроп­тық және есірткі дәрі­лік препараттарды қабылдауы;
– бірнеше баланың дүниеге келуі және емшек сүтінің жетіспеушілігі;
– әйелдің күн­діз­гі оқу нысанын­да оқуы;
– әйелдің стационар­­да емделу­де болуы.
Ана­­ның жағ­­дайы­­на бай­ланыс­­ты оған тек жасан­­ды және аралас тамақтандыру тағайын­далуы мүмкін. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 09 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығы.
– Созылмалы аурулары бар балаларға қандай оңалту шаралары қарастырылған?
– Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер жылына екі-үш рет тұрақты медициналық оңалтудан өте алады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін емханаларда динамикалық бақылау кезінде жасалады.
Үшін­ші кезеңді оңал­туды пациенттің ауруына байланысты емхана­ның медици­на қыз­меткерлерінің жолда­ма­сы бойын­ша емханаларда, күндіз­гі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және үйдегі стационарларда жүргізеді.
2020 жылы балаларға арналған 58 мың оңалту іс-шаралары жүргізілді, оның жартысынан көбі созылмалы аурулар кезінде өткізілді.
– Спорт­тық секцияларға жазылмас бұрын ЭКГ, жүрек ультрады­бысын тегін алуға және балаға кардиологтың қорытындысын алуға бола ма?
– Әрине. Ол үшін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің педиатр­дың қабылдауына жазылу, консультация кезінде жүгіну себебін көрсету қажет. Дәрі­гер кардиологқа жолдама береді және ол спортқа қарсы көр­сет­кіштерді болдырмау үшін қажетті шараларды тағайындайды.
– Қандай жағдай­лар­да балалар дәрігерін үйге шақыруға болады?
– 5 жасқа дейінгі балаларға денсаулық жағдайының кез келген нашарлауы кезінде учаскелік дәрігер үйде қызмет көрсетеді.
5 жастан асқан балаларға үйге шақырған кезде оның шақыру себебіне және баланың жағдайына байланысты алғашқы медициналық — санитариялық көмек маманы-дәрігер, орта медицина қызметкері көмек көрсетеді.
– Жеке клини­калар­да жоспарлы егуді тегін алуға бола ма, ол үшін не істеу керек?
– ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, инфекциялық ауруларға (туберкулез, гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе, B типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекция, қызылша, қызамық және паротит (свинка) қарсы жоспарлы профилактикалық екпелер – балаларға меншік нысанына қарамастан, тіркелген жеріндегі медициналық ұйымда тегін жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация жүргізу мерзімі жасына сәйкес Ұлттық егу күнтізбесімен белгіленген.
– Балаға туа біткен жүрек аномалиясы диагнозы қойылды, оған қандай көмек қажет?
– Туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға медициналық көмек диагностикалау мен емдеудің барлық кезеңдерінде тегін көрсетіледі
– Балабақшаға немесе мектепке ресімдеу кезінде медициналық анықтама сатып алу керек пе?
– Жоқ, сатып алудың қажеті жоқ. Балабақшаға немесе мектепке қабылдау үшін медициналық анықтаманы тіркелген жері бойынша емханадан сұратуға болады. Анықтамаға баланың физиологиялық параметрлері, бар аллергиялық реакциялар, созылмалы және бұрын болған инфекциялық аур­у­лар, алынған екпелер, профилактикалық тексерулердің және зерт­хана­лық талдаулар­дың нәтижелері және т. б. енгізіледі.
Бала балабақшаға түскеннен кейін картаны балабақшаның медицина қызметкері толтыруды жалғастырады.
– Бала­лар­ға профилак­тикалық тексерулерді қаншалықты жиі өткізуі керек?
– Балалар­ды профилак­тикалық тексеру жыл сайын – туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, мектеп оқушыларын, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларын және 18 жасқа дейінгі студенттерді білім беру ұйымдарындағы көшпелі бригада тексереді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе от­басы­лық денсау­лық орталы­ғын­да жүргізіледі.
Профилак­­­тика­­­лық қарап-тек­серулердің жиілі­гі мен кезеңділігі Қазақстан Респу­бликасы Министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДМС-264/2020 «Мектепке дейінгі, мек­теп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білім­нен кейінгі және жоғары білім беру ұйым­дары­ның оқушыларын қоса ал­ғанда, халықтың нысаналы топтарына профилак­тика­лық медициналық қарап-тек­серулерді жүр­гізу қағи­да­ларын, көлемі мен кезең­ділі­гін бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген.

Мавлюда Бокаева,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры.

Поделиться ссылкой: