Көкжөтел дегеніміз не?
49 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Қазір кәсіпкерлікпен айналысамын деген адамға мемлекет тарапынан қолдау көп. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы немесе «Бастау бизнес», «Бизнес кеңесші» жобалары аясында кәсіпкерлік дағдыларын оқып, мемлекеттік гранттарға қол жеткізуге болады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен де жеңілдетілген несие алып, кәсіп бастай аласыз. Мемлекеттік қолдауларға иек артып, кәсіп бастауға ниет білдірсеңіз жеткілікті. Жергілікті жерлердегі кәсіпкерлік палаталары мен әкімдіктердің кәсіпкерлік бөлімдері немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары жол көрсетіп, жөн сілтейді. Соның өзінде кәсіпкерлікке бет бұруға жүрексініп жүрген жандар аз емес. Соларға жеке кәсіпкер Гүлзада Нишанованың кәсіпкерлік келбетін үлгі етуге болатын секілді. Өйткені, көкөніс сатып кәсіпкер болғандар ілуде біреу десек, соның бірі – Гүлзада. Ел оны Гүлзат деп таниды. Кәсіпкерлікке тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңде өткен Гүлзаттың сол кездегі тыныс-тіршілігін өзінен артық ешкім тарқатып бере алмас. – Жамбыл педагогикалық институтын 1989 жылы физика-математика мамандығы бойынша бітіріп, Тараз қаласында 1995 жылға дейін мұғалім болып қызмет атқардым. Бірнеше айлап айлық алмай кеткен тоқырау жылдар еді. Халық қайда барып күн көрерін білмей дағдарып қалған кез. Мен де әуел баста не істерімді білмей екі ұдай күй кештім. Сосын жолдасым Нұргелді екеуміз ақылдаса келе елге, киелі Құлан жеріне қоныс аударып, сауда-саттыққа көштік. Жоғары білімді маман болсам да намыстанбай аудандағы орталық базарға келіп көкөніс саттым. Осылай бір жыл өте шықты. Кәсіпкерлікпен түпкілікті айналысу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, саудаға шындап ден қойдық. Халықтың сұранысына қарай тауар түрлерін көбейттік. Келе-келе тауар айналымы көбейіп, 2000 жылы орталық базардан шағын маркет ашып, көтерме саудаға ауыстық. Соңғы төрт жыл көлемінде базар шетіндегі «Эконом +» шағын маркетін ашып, базардағы нарықтан арзан бағада азық-түлік сатып келеміз, -дейді өткен жылдарды еске алып.
Жағдайы жақсарған сайын сараңдығы ұстайтын адамдар бар. Кейіпкеріміз керісінше жағдайы төмен жандарға көмек қолын созғанша асығып тұрады. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғыз ілікті қарияларға тұрақты түрде көмектесіп жүр. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несиені субсидиялау және ішінара кепілдік беру тетігі арқылы несие алып, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеген кәсіпкер жуырда «Ақ босаға» салтанат сарайын ашты. Осыған дейін 10 адамға жұмыс көзін тауып беріп келген Гүлзаттың қарамағында қазір 40 адам жұмыс істейді. Құдай қосқан қосағы Нұргелді Смәтілдаұлының қолдауынан қанаттанған ол бұл биікке қажырлы еңбекпен жеткенін айтады.
– Жұмыс мұнымен біткен жоқ. Мұнда әлі кіші зал, халал кафе және сауда орталығы ашылады. Сол кезде тағы да бірнеше адамды жұмысқа алмақ ниеттемін. Ал, кафенің тамағы дәмді әрі арзан болуын ойластырып отырмын. Бұл жұмыстарға ұлым Нұрлан мен келінім Назгүлді де тартып, бизнеске баулып жүрмін. “Жатқанға жан жуымайды, еңбек етсеңдер Жаратқан жақсылығын аямайды” деп өсиет айтудан жалыққан емеспін, -деген Гүлзаттың ендігі арманы балабақша салып, сұлулық салонын ашу.
Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.