Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Біздің Жаңатұрмыс ауылдық аймағынан ауыл шаруашылығындағы науқандық жұмыстар басталғанда әр түрлі маркалы отыз бес трактор аңызға шығады. Осылардың арқасында тұрғындар егінін еккізіп, жерін айдатып, арығын тартқызып, шөбін шапқызып алады. Мен өзі жиырма жылдан аса мезгілден бері қожалық басқарамын. Иелігімде 130 гектардан астам жерім, 60 бас сауын сиырым бар. Бізді ауыл халқы «Ағайынды Молдашевтар» дейді. Менің өзімнің меншігімде үш трактор бар. Оны Шыңғыс, Нұрғиса, Нұрасыл деген балаларым жүргізеді. Әкем Аманкелді ілгеріде «Жаңатұрмыс» колхоз болып тұрған кезде шаруашылықтың егіс-трактор бригадасын, машина-трактор жөндеу шеберханасын басқарып, бас инженер де болған. Қазір ол кісі зейнетте, ауыл ақсақалдары кеңесінің төр ағасы. Мен осы әкемнің ақыл-кеңесімен қожалық ашып, еңбекпен көркейіп, ел көзіне түстім. Шынымды айтсам шаршамағанның яғни ерінбегеннің еңбегі жанады екен.
Қазір біз Молдашевтар бір қауым елміз. Әкемнің інісі Жұманайдың балалары да біздің қатарымызға қосылып, өз бетінше трактор алып, еңбек етуде. Ержан мен Серік қазір шаруаның жайын ешкімнен кем білмейді. Техниканың тілін білгендіктен болар қолда бар «Беларусь» тракторларын да, қуатты «К-700» тракторын да бауырларым бір кісідей-ақ, меңгеріп алған. Бүгінгі таңда барлығымыз шөп шабу науқанына техникаларымызды әзірлеп, кем-кетігін жөндеудеміз. Біз өзімізге бекітіліп берілген жерді шауып болған соң ауылдастарымыздың иелігіндегі шабындық жерлерді шауып беруге көмектесеміз, әрине ақысына.
Біз сияқты жеке меншік тракторлары бар ауылда жиырма шақты қожалық бар. Мәселен, «Әділ» шаруа қожалығының бұған дейін екі «Беларусь» тракторы бар болатын. Биыл Қалдан Әділов несиеге бір «МТЗ» тракторымен бір тайлау-буушы механизм, бір роторлы шалғы сатып алды. Кейінгісінің өнімділігі жоғары, ондай ротор ауданда жоқ. Шөп шабу науқаны басталса Нүркен Әбілдаев, Несіпқан мен Жандос Шөңкеевтер, Манат Тоғаев, Дархан Омашевтар да шабындыққа шығады. Бүгінде ауыл жастары бізге еліктеп өз бетінше тірлік жасап, қатарға қосылудың қамын жасауда. Өткен жылы «Құлан-Дән» несие серіктестігінен Қанат Абатов, Қасымбай Жаманкеев және Қанат Бұғыраев деген азаматтардың әр қайсысы 3 миллион теңге мөлшерінде несие алды. Олар енді мал сатып алып шаруамен айналысуда.
Ауылда осыдан екі-үш жыл бұрын Үкіметтен қомақты несие алып, Ресейден 65 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы сауын сиырлар сатып әкелген «Омарқожа» шаруа қожалығының жұмысы өрге басып отыр. Қазіргі таңда Манат Омарқожаев қарамағындағы 125 бас сиырдан сауған сүтін көрші Меркі ауданының тұтынушыларына нақты бағаға сатып, пайда тауып отыр. Біз де иелігіміздегі алпысқа жуық сиыр сүтін дәл осындай жолмен пұлдап отырмыз. Сүтімізді сүт жинаушылар өздері келіп алып кетеді.
Ауылымызда бүгінгі таңда 122 шаруа қожалығы тіркелген. Бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. «Құлбарақ» серіктестігі биыл несиеге жүз бастан аса қой сатып әкеліп, төлдетті. Оның екі мың гектардан аса егістік жері бар. Бес «Беларусь» тракторы, екі жаңа астық комбайны бар. Кәдірбек Құлбарақов ауылдағы жағдайы төмен отбасыларына ылғи да қолұшын беріп, көмектесіп тұрады. Біздің ауылымыздың жастары өте ұйымшыл. Өткен жылы мешіт жанынан асхана салып, оны халықтың игілігіне берді. Ауыл жыл өткен сайын абаттанып, көркейіп келеді. Енді жастарға клуб салынса олар ешқайда кетпейді деп ойлаймын. Өйткені жастар да пайданың ауылда екенін енді түсінген сияқты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аула іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, орта және шағын бизнесті, жалпы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі нұсқауларын ауыл әкімі есеп берген сайын айтады. Әсіресе, өз кәсібін «ашамын» дегендерге қолдау көрсетіп, олардың несие алуына, шаруамен айналысуына жағдай жасап отырады.
Шоқан Молдашев,
шаруа қожалығының жетекшісі,
Жаңатұрмыс ауылдық округі.