Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек күнгі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауы көптің көкейіндегі көкейкесті, түйткілді жайттарды ашып айтқан және оны шешу жолдарын белгілеген жолдау болды. Негізгі 7 тараудан тұратын маңызды құжаттың әр бөлімінің атқарар жүгі салмақты. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында қоғам өмірінің әр саласына қатысты ой-пікірлері мен тың идеяларын, ұсыныстары мен тиісті органдарға арналған тапсырмаларын, сонымен бірге өзінің 5 бастамасын ортаға сала келе, көпшіліктің ойындағы сұрақтарға тиянақты әрі қонымды жауап берді деп есептеймін.
Бұл Жолдаудың ең алдымен халықтың мүддесіне бағыталғаны анық. Жолдаудағы 7 бағыт елдің әл-ауқатын дұрыстап, еліміздің дамуына жаңа серпін беретіні де рас. Осы 7 бағыттың әр қайсысы да қарапайым халықтьң ертенің ойлаған шаралар деп айтуға болады.
Былтырдан басталған індет өмір салтымызды өзгертіп, өзгеше өмір сүруге бейімдеді. Алайда, біз пандемия кезінде ұлт болып ұйысқанымызды, ел болып қалыптасқанымызды көрсете білдік. Президент Жолдауда ендігі уақытта ауыр пандемиядан, әлемдік нарықтардағы экономикалық күйзелістен және осылардың салдарынан туындаған әлеуметтік-экономикалық мәселелерден кейінгі одан әрі дамудың жолдарына тоқталды.
Өзіміз ауылдық жерде тұрғандықтан ауыл шарушылығы мәселелеріне баса көңіл бөлетініміз белгілі. «Ауыл шаруашылығы- экономикамыздың қозғаушы күші» — деп атап өтті Қасым -Жомарт Кемелұлы. Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қаблетті экономика құру мүмкін емес. Жер мәселесі төңірегінде көптеген қаңқу сөздер, алыпқашты әнегімелер де аз еместін. «Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді» деген Президенттің екінші мәрте Жолдауларында мәлімдемесі сенімімізді түпкілікті бекітті десек болады. Ендігі жерде ауыл еңбеккерлеріне жер өзімдікі деп сол жерге барынша жанашырлықпен, жауапкершілікпен қарауымыз қажет деп білемін.
Президент Жолдауында денсаулық сақтау саласын да назардан тыс қалдырмады. Әлемді жайлаған коронавирус біздің денсаулық сақтау саласының жетістіктерімен қатар көптеген кемшіліктерімізді ашып берді, біздің осы қатерлі қауіпке дайын еместігімізді көрсетті. Өткен жылы ковидке қарсы қарапайым дәрі-дәрмектер қасқалдақтың қанындай қолжетімсіз болды. Табылса да бағалары аспандап кетті. Бұл біздің фармацевтика өнеркәсібінің кешеуілдеп қалғанының белгісі деп ұғындық. Сондықтан да Мемлекет басшысы бұл салаға ерекше көңіл бөлу керектігін айтып өтті.
Спорт саласының дамуына, халықтың спортпен шұғылдануына жағдай жасалу қажеттігін тағы бір тілге тиек етті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының бір бағыты әдеттегідей мемлекет дамуының негізі болып саналатын білім және ғылым мәселелеріне арналды. Мемлекет басшысы педагогтерді әлеуметтік қолдау шараларының онан әрі жалғастырылатыны, білім беру жүйесі қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиістігі туралы айтты. Президент 2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп соғылуын міндеттеді. Осы орайда, мен осы 1000 мектептің тізіміне ауданымыздан да мектеп кіргізу керек деген ұсынысымды жеткізгім келеді. Біздің ауданда Құлан және Луговой ауылдарында бүгінгі таңда оқушылардың орын тапшылығы бар. Келешекте ол мұнан әрі де өзекті болады. Сондықтан, қазірден осы мәселені қолға алу қажет деп ойлаймын.
Жолдаудағы тағы бір қуантарлық жағдай – сұранысқа ие мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілетіндігі. Жалпы, білім саласы уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсынуы тиістігіне баса назар аударды.
Қорыта айтқанда, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті үшінші Жолдауы ел өміріндегі өзекті де көкейкесті мәселелерді көтерген үлкен маңызды құжат болды.
Ә.Тәжіков,
ауданның «Құрметті азаматы», «Отандастар» Жамбыл облыстық қоғамдық бірлестігінің Т.Рысқұлов ауданы бойынша директоры.