Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес»:
1.Техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген өнімнің белгіленген тәртіппен расталған, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі оның нарықтағы айналысының қажетті шарты болып табылады.
2.Техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген, сәйкестікті бағалаудан өтпеген, сондай-ақ, сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз немесе техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінде осындай құжаттардың бар-жоғы туралы мәліметтер болмаған кезде өнімді айналысқа шығаруға тыйым салынады.
Техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген, белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалаудан өтпеген өнімді жарнамалауға жол берілмейді.
Негізгі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ аумағында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 114 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (бұдан әрі — техникалық регламент) күшіне енген.
Аталған техникалық регламент адамның өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында аттракциондардың қауіпсіздігіне және олармен байланысты жобалау, дайындау, монтаждау (жинау, орнату), баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
Техникалық регламент балалардың ойын алаңдарына арналған жабдыққа және әлеуетті биомеханикалық тәуекел дәрежесі (RB-4) болмашы аттракциондарға, сондай-ақ осы техникалық регламент күшіне енгенге дейін дайындалған және пайдалануға берілген аттракциондарға қолданылмайды.
Осы техникалық регламент күшіне енгенге дейін дайындалған және пайдалануға берілген аттракциондарды пайдалану мүмкіндігі мен шарттары Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі — мүше мемлекеттер) заңнамасында айқындалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі техникалық реттеу және метрология Комитеті төрағасының м.а. 10.06.2019 жылғы №241-НҚ бұйрығымен ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар» аттракциондар қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарт (бұдан әрі — Стандарт) бекітілген, ол келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аттракциондарды техникалық күтіп-ұстауға және авариясыз пайдалануға қойылатын негізгі ұйымдастырушылық және техникалық талаптарды белгілейді.
Осы Стандарттың әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті болып табылады.
Стандарт халықтың демалуына арналған аттракциондарға қолданылады, олар келесі түрлерге бөлінеді:
– үдемелі қозғалыстың механикаландырылған аттракциондары (оның ішінде суды пайдалана отырып);
– айналмалы қозғалыстың механикаландырылған аттракциондары;
– күрделі қозғалыстағы механикаландырылған аттракциондар;
– автодромдар мен картингтер;
– механикаландырылмаған аттракциондар;
– балаларға арналған аттракциондар;
– үрлемелі аттракциондар (үрлемелі жабдық: үрлемелі батуттар, төбешіктер, лабиринттер).
Пайдаланылатын аттракциондардың қауіпсіздік жағдайы үшін жалпы басшылық пен жауапкершілікті Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Стандарттың талаптарына сәйкес қауіпсіздік жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды өткізу жолымен аттракциондарға келушілер мен қызмет көрсету персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін меншік нысанына қарамастан пайдаланушы ұйымның иесі немесе басшысы көтереді.
Осы Стандарт жергілікті атқарушы органда (бұдан әрі — ЖАО) тіркеу тәртібін және аттракциондарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етудің 5 кезеңін қамтиды, атап айтқанда:
– монтаждау( құрастыру және орнату), баптау және реттеу (дайындаушының ұсынымдарына сәйкес);
– техникалық куәландыру;
– ЖАО есепке қою;
– пайдалануға рұқсат;
– пайдалану.
1. Аттракционды монтаждау мен реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (рұқсаты) болған кезде мамандандырылған монтаждау ұйымдары жүргізуге тиіс.
Монтажды бастамас бұрын, аттракцион иесі олардың жай-күйі мен толықтығын бағалау үшін аттракцион құрылымдары мен жабдықтарын тексереді, сондай-ақ монтажды жүргізген ұйыммен бірге аттракционның техникалық дайындығы туралы акт жасайды.
Монтаждау қорытындысы бойынша аттракционды пайдалануға қабылдау актісі жасалады, оған сынақ және өлшеу хаттамалары қоса беріледі.
2. Техникалық куәландыру.
Пайдаланушы ұйымның иесі немесе басшысы белгілі бір кезеңге аттракционды одан әрі қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында аттракционның техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу үшін аккредиттелген зертханаларға және сәйкестікті растау жөніндегі органдарға жүгінеді.
Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасы бойынша сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және сынақ зертханаларының тізімі www.nca.kz сайтында көрсетілген.
Жұмыс қорытындысы бойынша иесіне немесе пайдаланушы ұйымның басшысына сынақ хаттамасы беріледі.
3. ЖАО-ға аттракционды есепке қою.
Стационарлық және жылжымалы аттракциондар елді мекендер шекарасы шегінде ЖАО-ға есепке қоюға жатады.
Аттракционды тұрақты, уақытша есепке алу және қайта тіркеу үшін иесі немесе пайдаланушы ұйым есепке қою үшін қажетті құжаттарды ұсынады.
ЖАО-да ұсынылған құжаттар белгіленген тәртіппен қаралады және олар осы Стандартта жазылған талаптарға сәйкес келген жағдайда аттракцион есепке қойылады. Аттракцион паспортына берілген тіркеу нөмірі көрсетілген жазба және лауазымды адамның қолы енгізіледі.
4. Аттракциондарды іске қосу.
Монтаждау аяқталғаннан кейін стационарлық аттракционды пайдалануға жібермес бұрын, аттракцион иесі аттракционды толық техникалық куәландырудан өткізгеннен кейін, әдетте, оны қабылдау жөніндегі комиссия құрады.
Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша аттракционды пайдалануға қабылдау актісі ресімделеді және оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Комиссия жұмысына қатысқан ЖАО-ның лауазымды тұлғасы (аталған органда есепке қоюға жататын аттракцион үшін) немесе иесінің уәкілетті өкілі қабылдау актісінің негізінде аттракционды пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асырады.
Аттракцион осы Стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда пайдалануға жіберілмейді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, ЖАО-ның құзыретіне аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіреді.