Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі жанармай сапасы

532 Views

Ауа атмосферасына көптеген лас­танулар көмірсутекті жанармаймен (бензин, керосин, дизельді және реактивті жанармайлар, мазут, көмір, табиғи газ және т.б.) жұмыс жасайтын энергетикалық қондырғылардан келеді. Өзімізге белгілі, атмосфераны ластайтын негізінен көлік құралдары мен жылу электро станциялары. Сонымен қоса, атмосфера газотрубалық қозғалтқыш қондырғыларынан және ракета қозғалтқыштарынан ластанады. Қозғалтқыш ішінде жанған жанармай адам өміріне қауіпті аурулар мен қоршаған ортаға зиян келтіретін зиянды қорғасын қосындылар, ауыр металлдар және уландырғыш қоспалар бөледі. Жанармай сапасын арттыру арқылы автокөліктерден бөлінетін және басқа да зиянды заттарды азайтуға болады.
2012 жылдың 31 желтоқсанынан бас­тап, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы №826 шеші­мімен қабылданған «Автокөліктік және авиациялық жанармайға, дизель­дік және кеме жанармайларына, реак­тивтік қозғалтқыштарға арналған жанармайларға және мазутқа қатысты талаптар туралы» 013/2011 КО ТР күшіне енді. Бұл регламентпен, Кеден одағы­ның аумағында айналымға шыға­рылатын жанармайлардың түрлі типтерінің (автокөліктік және авиа­циялық жанармайға, дизельдік және кеме жанармайларына, реак­тивтік қозғалтқыштарға арналған жанар­майларға және мазутқа) экологиялық қауіпсіздігіне міндетті талаптар бекітілді. Техникалық регламентпен бензинге 2,3,4,5 деген экологиялық топтар (Еуро 2,3,4,5 сәйкес) енгізіліп, адам өмірі мен қоршаған ортаға зиянды химиялық заттардың шекті рұқсат етілген мәні орнатылған. Сонымен қоса, техникалық регламентке сәйкес кез келген бензин мен дизельді жанармайда металл қоспалары болмауы керек. Бензинде ментолдың мүлдем болмауы болжанады, ал октан саны 95 бензиндегі этанолдың мөлшері 5 пайыздан аспауы тиіс.
Барлық бензиндер мен дизельді жанармайларда бояғыштар (жасыл және көк түстен басқа) және заттар белгісі болуы мүмкін. Осылайша, нағыз жанармайды жалған жанармайдан ажыратуға болады. Сонымен қатар бензиндерде оның көрсеткіштері мен құрамын төмендетпейтін қоспалар болуы мүмкін.
КО техникалық регламенті адам өмірі мен денсаулығын, мүлкін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, тұтынушылардың алдануына әкелетін әрекеттерді ескерту, қауіпсіздік және энергетикалық тиімділік мақсатында жанармайларға талаптар орнатады. Сонымен бірге техникалық регламентке, сатушыға, сатып тұрған өнімі жайлы тұтынушыны ақпараттандыру жөніндегі талаптар енгізілген. Сатушыға жанармай қайда өндірілген орнын және оның әзірленген күнін көрсету қажет болады. Бұдан бөлек жанармай маркасы және ол қандай талаптармен (ГОСТ, ТШ) әзірленгендігі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер бұл ақпараттар жоқ болса, жанармай құю станцияларына айып­пұл салуға болады. Сондықтан, авто­көлік жүргізушілері бакқа жанар­май құймас бұрын, бензиннің құжат­тарымен танысуға болады. Егер де автокөлігіңізге құйылған жанармай ұнамаса, онда жүргізушіге бензин колонкасының иесіне шағымдануға себеп бар. Жанармайлар айналымға шығарылмастан бұрын, КО техникалық регламент талаптарына сәйкестігі, сәйкестік декларация нысанымен расталады. Жанармайдың сәйкестігін растау рәсімдерін өтініш беруші жүргізеді.
Осы техникалық регламент, Ке­ден одағы аумағына айналымға шыға­рылатын және айналымдағы жанар­майларға қарастырылған. Ал мемле­кеттік қорғаныстың тапсырысы бо­йынша алынған, Кеден одағы аума­ғынан тыс елдерге экспортталатын, мемлекеттік материялдық қорды сақ­тауды қамтамасыз ететін ұйымдарда сақтауда тұрған, сонымен қоса жеке қажеттілік үшін қолданатын мұ­най орындары мен бұрғылау плат­фор­маларындағы жанармайларға қарас­тырылмаған.
Бірыңғай экономикалық кеңістікке шығарылатын Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сай келетін жанар-жағармайдың сапасы мен қауіпсіздігінің кепілі.

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.

Поделиться ссылкой: