Таланттылар тасада қалмасын…

853 Views

Жолдау жолдарын оқығанда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­қына Жолдауының жетінші тарауы – «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» деп аталады. Осы тарауда қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі. Президент бюджет қара­жатын оңды-солды иелене беретін, белгілі бір қайраткерлердің ғана жобаларын қаржыландырып отырған лауазымдыларды сынай келіп: «Жас әрі дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар, қаламгерлер жаңа жанр түрлерін игеріп, ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Сөйте тұра, олар елеусіз қалып, меце­наттардың көмегімен ғана күн көреді. Шын мәнінде, Қазақстан мәдениеті сол жас дарындардың арқасында жаһандық деңгейге танылып жүрген жоқ па?» дейді. Сөйтіп, мәдениетіміздің осал тұсын дөп басып айтады.
Мен өзім суретшімін әрі мектепте осы сала бойынша дәріс беріп жүрмін. Біз өзіміздің төл туындыларымызды облыс орталығындағы музейлерде көрме ұйымдастыру арқылы наси­хаттап жүрміз. Ал, аудан орталығында ондай мүмкіндік бола бермейді. Біздің аудандық мәдениет үйі жанында Басқар Битанов атындағы театр бар. Бірақ оның штаты тым аз, былайша айтқанда, таланттардың танылуына өріс жоқ десе де болады. Ал, Жолдауда дәл осы таланттардың тасада қалмауы туралы айтылады. Иә, Мемлекет басшысы өзінің төртінші бастамасында 2025 жылға дейін мәдениет қызмет­керлерінің, мұрағатшылар мен кітап­ханашылардың, техникалық қыз­меткерлердің жалақысын 20 пайызға көтеру туралы айтыпты. Расында да осы санаттағылардың жалақысы ең төмен жалақы. Сондықтан Жолдаудағы бастаманы өз басым қолдаймын.

Ә.Айымбеков,
Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.
Көгершін ауылы.

Поделиться ссылкой: