Халықаралық негізгі «PIRLS – 2021» зерттеуі

5 555 Views

Білім алу — батылдық,
оны толықтыру – даналық,
ал шебер қолдана білу – өнер.

Ұстаз білім беріп қана қоймай, оқушылардың да функционалдық сауаттылығын дамытуы қажет. Функцио­налдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық бұл – оқушының пәнді терең түсіну қа­бі­летін дамыту, алған білімін сынып­тан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Аталмыш зерттеу халықара­лық сарапшылардың тұжырым­дауы бойынша «Оқу сауаттылығы» – бұл адамның өмірде толыққанды қалыптасуына жəне жеке мақсаттарына жетуіне қажетті əртүрлі жазбаша және сөйлесу формасын түсінуі мен терең ойлау, өз мақсаттарына жетуі мен өмірде толыққанды жетістікке жету қабілеті деп көрсетіледі. Соның негізінде адамзат жəне қоғам үшін білім саясатында басты принциптерді қалыптастырады.
PIRLS зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
– Білім беру саласында əлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде алынған нəтижелердің талдауы нақты өлшеуіштермен белгіленуі;
– Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы жəне олардың тиімділігі;
– Зерттеу қорытындысына əсер ететін контекстегі дəйектемелерді анықтау;
– Ғылыми дəлелденген əлемдік ақпараттық қауымдастықтың мəліметтерін алу;
– Тəуелсіз елдер нəтижесін, сонымен қатар білім саясатын жақсарту нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсыну.
PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Зерттеу кезінде білім алушылардың жетістігі мен қатар бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. PIRLS зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Халықаралық деңгейдегі «PIRLS – 2021» зерттеуі Жамбыл атындағы орта мектебінде 14 қазан күні өткізілді. Зерттеу жұмысына 5 «Ә» сыныбынан 20 оқушы қатысты. Жұмысты ұйымдастыру барысында оқушылармен әдеби және ақпараттық мәтіндер алынды. Әрбір оқушыға екі мәтін және сол мәтіндерге арналған тапсырмалар берілді. Бірінші – көркем әдеби мәтін әдетте қызықты оқиғалар, баяндаулар немесе ертегілер, екінші – ақпараттық (көбіне жануарлар жайлы әңгімелер). Әрбір мәтінге шамамен 16-18 тапсырма алынды. Оқушыларға барлық тапсырмаларды орындауға 80 минут берілді (екі рет 40 минуттан, үзілісімен). Тапсырмалардың екі түрі болды. Ашық және жабық. Бұл тапсырмалар оқушылардың оқыған мәтінін түсіну деңгейі мен сапасын бағалауға мүмкіндік берді. Бұл оқушылар шығармадан қажетті ақпаратты алуына, нақты мəтіннен қорытынды шығаруына, негізгі кейіпкерлердің əрекеттерін интерпретациялауға, мəтін үлгісімен бекітуге жəне мəтін құрылымының бастапқы сараптамасын алуға көмектесті.
Аталған іс-шараға Халықаралық негізгі «PIRLS – 2021» зерттеудің республикалық ұлттық үйлестіру­шісі Сманова Назым Қалдыбайқызы, Жамбыл облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің білім үдерісінің ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі және облыс үйлестірушісі Жамалбекова Шафиға Мамырханқызы, аудандық білім бөлімінің басшысы Базарова Майра Айдарбекқызы қатысты.
Жамбыл атындағы орта мектебінде «Халықаралық негізгі «PIRLS – 2021» зерттеуі жоғары деңгейде өтті. Келген қонақтар Құрманғазының «Балбырауын» күйін тыңдады, содан соң оқушылардың қолөнерінен көрме ұйымдастырылды. Халықаралық негізгі «PIRLS – 2021» зерттеу барысында мектеп әкімшілігінен, мұғалімдерден, оқушылар мен ата-аналардан сауалнама алынды. Аталған іс-шара соңы мерекелік кешке ұласып, қатысқан оқушылар мен ата-аналарға сертификаттар берілді. Мектебіміздің жомарт түлегі, ақын, республика­лық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Х.Есаман хакім Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге» атты өлеңдер жина­ғын оқушыларға сыйға тарту етті.
PIRLS зерттеу нәтижесінде оқу сауаттылығы оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуға ықпал етті және оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындауға зор мүмкіндік болды.

Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі.

 

Поделиться ссылкой: