Өнерге баулу – үлкен өмірге баспалдақ

377 Views

Педагог мәртебесін көтеру мәселесі тек материалдық тұрғыда қолдаумен шектелмейтіні белгілі. Түптеп келгенде ұстаздың абыройлы болуы – білімі мен біліктілігіне, нағыз маман атанатындай қабілет-қарымына байланысты екені айдан анық нәрсе. Ал тәжірибе білімдіден үйреніп, алдыңғы толқынның тәлімін алған кезде толысады. Өнер мектебінің Көкдөнен ауылдық Мәдениет үйінің базасында «Заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері» тақырыбында қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері мен білім беру мекемелеріндегі көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар-практикум ұйымдастырғаны да сондықтан.
Семинарда Өнер мектебінің тәжірибесі слайд арқылы көрсетілді.
Көркемөнер бөлімінің мұғалімі Еркін Сарбасов «Акрил бояуымен алма салу», Ақнұр Турабаева «Кескіндемеде дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолдану», қолөнер бөлімінің ұстазы Айнұр Ертасова қыздармен «Киіз басу әдісі арқылы картина жасау» әдісін, Жанай Татаев ұлдармен гипспен жұмыс істеу тәсілімен «Киіз үй» жасауды, Бахыткүл Игенбекова қыздармен «Гүл жасау» (құрғақ басу арқылы жүнмен жұмыс) технологиясын, Рахат Мәлімбаев «Зергерлік жұмыс» (білезік жасау) тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Педагогтар семинардан алған әсерлерін, ой-пікірлерін кері байланыс парақтарына жазып ұсынды. Қатысушылар семинардан алған құнды мәліметтерді өз тәжірибелеріне пайдаланатындықтарын айтып өтті.

Назгүл Самылтырова,
Өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Поделиться ссылкой: