Өңір өркендеп келеді

441 Views

Тәуелсіздік алып, егемен ел болған 30 жыл ішінде жүріп өткен жолымыз бен жеткен жетістіктеріміз халықтың көз алдында. Осы жылдар еншісінде Қазақстан өркениет көшіне ілесіп қана қоймай, көшбастауға лайықты мемлекет екенін күллі әлемге мойындатып үлгерді. Елбасының басшылығымен қуатты ел құрдық. Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лайықты жалғап, еліміз қарқынды дамып келеді. Осылайша Елбасы салған сара жол бүгінде атқарылған көптеген істерге өзек болуда.
Бүгінде еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың барлығының басында «Nur Otan» партиясы тұр. Партияның алдындағы басты мақсат – Мемлекет басшысының, мемлекеттің саясатын халықпен бірге, халықтың арасында насихаттау, халықтың күш-жігерін бір арнаға тоғыстырып, бір мүддеге біріктіру. Елмен етене еңбек етіп, ел ішінде жүрген партия елдегі әрбір мәселені зерделеп, өзінің сайлауалды бағдарламасына енгізді. Бағдарламаның лайықты іске асуы аясында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Осы тұрғыда қолға алынған жарқын жобалар ауданымызға жемісін беруде.
Қазіргі таңда аудан экономикасында оң динамика қалыптасты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10,0 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,1%-ға орындалды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 14,8 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,7%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,8 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,5%-ға орындалды. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 10817 мың шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі 126,6%-ға орындалды. Бөлшек сауда айналымының көлемі 3,2 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 114,9%-ды құрады.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 25,8 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 90,4%-ға орындалды Ауданда 1105 ауыл шаруашылығы техникалары бар. 2025 жылға дейін лизинг арқылы машина-трактор паркін жаңартуға байланысты жыл сайын кемінде 40 бірлік ауыл шаруашылық техникасын сатып алу бойынша 9 айда 152 дана техникалар 1084,2 млн. теңгеге алынып, бекітілген жоспар 136,9 пайызға орындалды. Техника паркі 13,8 пайызға жаңаланды. 2025 жылға дейін «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде кемінде 20 жоба жүзеге асырылады. «Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту пилоттық жобасымен» Құмарық ауылдық округінде 230 жеке тұлғаға 797,2 млн. теңге несие берілді.
Аудан толық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Аудандағы 42 елді мекеннің 29-ында ауыз су жүйесі бар, оның ішінде 24-і орталықтандырылған, 5-еуі ескі су жүйесі. 2025 жылға дейін орталықтандырылған сумен жабдықтауды 100%-ға жеткізу көзделіп отыр. Қазақ ауылына ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім жолданды. Жалпақсаз ауылына ЖСҚ әзірлеу 2022-2023 жылдарға жоспарлануда. Сонымен қатар, Құлан ауылында ауыз су ғимараты мен жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Осы мәселе бойынша 3 елді мекенге Шөңгер, Мамай, Сөгеті жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Тиісті мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін бюджеттік өтінім жолданады. Қалған 7 ауылдың халық санының тиісті нормадан аз болуына байланысты экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылғанымен, бұл ауылдардағы ауыз су мәселесін мембраналық қондырғы орнату арқылы шешу қарастырылуда. Сәлімбай және Қазақ елді мекендерінің ауыз су жүйесін жүргізуге әзірленген жобалық-сметалық құжатқа сараптаманың оң қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім жолданды. Ауылдарға газ тартылып, жолдардың сапасы жақсаруда. Аудандағы 42 елді мекеннің 24-не толық газ тартылған. 2025 жылға дейін газбен қамтамасыз етуді 83%-ға жеткізу міндеті қойылды.
Биыл газ кірмеген 18 ауылдың 10-на, яғни Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты, Шөңгер, Каменка, Жалпақсаз, Тасшолақ, Қазақ, Жаңатұрмыс ауылдарына газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Шолаққайыңды ауылына газ кіргізу жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, 2022 жылға жоспарлануда. Қалған 7 елді мекен Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Сұмқайты, Қосапан ауылдары, Құмарық разъезді және Қорағаты станциясы халық санының тиісті нормадан аз, яғни 50 адамнан төмен болуына байланысты экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылған. 2025 жылға дейін жалпы ұзындығы 69,1 шақырым 17 елді мекенде 56 ауылішілік жолдарды жөндеу және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейін 100%-ға арттыру жоспарлануда. Биыл облыстық мәндегі 3 жолға (Құмарық–Д.Қонаев, Құмарық–Қызылту–Ақыртөбе, Луговой–Қорағаты–Тәтті) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Луговой ауылының 13,8 шақырымды құрайтын 13 көшесіне 261,3 млн.теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Жаңатұрмыс ауылының Досымбек көшесіне 39240,0 мың.теңгеге, Жарлысу ауылының Тастанбек көшесіне 15522,0 мың теңгеге, Ақыртөбе ауылының Т.Рысқұлов көшесіне 22414,0 мың.теңгеге, Көгершін ауылындағы Абай көшесіне 14482,0 мың теңгеге, Құлан ауылының Ә.Тлепов көшесіне 16036,0 мың.теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2025 жылға қарай кезекте тұрған 160 адамды пәтермен және кезекте тұрған 3,1 мыңға жуық адамды жер учаскелерімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бүгінде ауданда тұрғын үй кезегінде барлығы 1145 адам тіркелген. Осы тұрғындарды кезең-кезеңімен тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабынан алғашқы 80 пәтерлі 5 қабатты (1-нүкте) үйдің құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, бүгінгі күні толықтай аяқталды. Қазіргі таңда тура осындай 2-ші (2-нүкте) үйдің құрылысы жүргізілуде. Тағы екі көпқабатты үйлердің құрылысы жобамен 2023-2024 жылдары жүргізіледі деп күтілуде. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 14 үй тапсыру жоспарланған. Бүгінге 3 үй беріліп, 11 үйдің құрылысы жүргізілуде.
Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімі бойынша білім беру саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 2021 жылы 12,2 млрд.теңгені құрайды. Ауданда 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбиеге қамту үлесі 100%, 1-6 жас аралығындағы балаларды оқыту 88,6 % құрайды. Үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептер жоқ. Сондай-ақ, барлық мектептер мен балабақшаларда бейнебақылау құралдары орнатылған. Оның ішінде, биыл 5 мектепке Ю.Гагарин н/м, Ә.Бөкейханов о/м, М.Горький о/м, Т.Рысқұлов м/л, №3 о/м 21,8 млн.теңгеге бейнебақылау камералары орнатылды. Аудан бойынша білім беру мекемелеріндегі жалпы даму мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын оқушылардың саны – 105, оның ішінде, 70 баланың мүгедектігі рәсімделген. Инклюзивті біліммен қамтылған бала саны – 53. Биылғы жылы инклюзивті қолдау орталығы М.Горький атындағы орта мектептің базасында ашылды. Арнайы мамандар түзету жұмыстарын жүргізуде. 2025 жылға қарай 10 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге, 4 мектепке қосымша құрылыс салу жоспарланған. Жоспарға сай Құлан ауылындағы Ю.Гагарин негізгі мектебіне спорт зал құрылысы жүргізілуде. Орта мерзімді кезеңде негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталды. Жұмыста коронавирустық инфекциясымен күресу кезеңінде алынған тәжірибе қолданылады. Халықты бастапқы медициналық көмекпен барынша қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Аудан тұрғындарына 35 емдеу мекемелері қызмет көрсетеді. Ана өлімі тіркелген жоқ. Еліміз үшін маңызды шаралардың бірі – вакциналау жұмыстары. Бүгінде 31 692 адам вакцина салдырып, мақсатты топтың 96,2 пайызын құрады.
Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы екені сөзсіз. Ауданда 53 мәдени ошақ халыққа қызмет етеді. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (ОКЖ) бойынша 2021 жылдың 9 айында жалпы кітап қоры – 215 908 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 146 198, оқырман саны–10 136 адам, жалпы кітап берілімі – 115 593 дана болды. Биыл 3 (Құмарық, Көкдөнен газбен, Қорағаты қатты отынмен) ауылдық мәдениет үйлерінің жапсарлас қазандықтары модульдік қазандыққа ауыстырылды. Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 3 мәдени нысанда Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. «Сұлутөр» кинотеатрына, Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Спорт – денсаулық кепілі. Т.Рысқұлов ауданы бойынша барлығы 173 спорт нысаны бар. Аталған спорт нысандарының барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді және ақысыз қызмет етеді. 2025 жылға қарай халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткішін 1 мың адамға, 50,3%-ға дейін жақсартуға дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықты 36,5%-ға дейін қамтуға мүмкіндік беру қарастырылады.
Бүгінде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 34,2% құрайды, бұл – 22340 адам. Биыл 3 ауылда, яғни Өрнек, Жаңатұрмыс, Ақниетте стритворкаут алаңшалары орнатылып, пайдалануға берілді.
«Nur Otan» – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламада – азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша шаралар қамтылған. Партияның қолдауымен Т.Рысқұлов ауданында да бағдарлама бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарламаның орындалуы арқылы қиындықтарды еңсеріп қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасы артып, ауданымыздың табысты дамуына жол ашылуда.

Ерболат Садырқұлов,
аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов
аудандық филиалының төрағасы.

Поделиться ссылкой: